КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
БЕЛГІЛЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАРСтр 1 из 12Следующая ⇒ НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР Бұл дипломдық жұмыста мынадай стандарттарға сілтемелер қолданылды: 1. Мемлекетаралық стандарт ГОСТ 7.32-2001. Ғылыми-зерттеу жұмысының есебі. Құрылымы және орындау ережелері. 2. ГОСТ 7.1-2003. Библиографиялық жазба. Құжатты библиографиялық сипттау. Жалпы талаптар және құрастыру ережелері. 3. ГОСТ 23691-79. Жаңа алынған сұйытылмаған айғыр спермасы. Техникалық жағдайлары. Москва. – Госстандарт. – 6 б. 4. ГОСТ 24168-80. Мұздатылған айғыр спермасы. Техникалық жағдайлары. Москва. – Госстандарт. – 6 б.
АНЫҚТАМАЛАР Дипломдық жұмыста төмендегі келтірілген терминдер мен анықтамалар қолданылды: КРИОКОНСЕРВАЦИЯ (грек. κρύος — суық және лат. conservo — сақтамын сөздерінен) – тірі биологиялық объекттерді төмен температуруада (–196°С сұйық азотта) сақтау; оларды еріткенде биологиялық қызметі сақталуы тиіс. ГЕНЕТИКАЛЫҚ ПОЛИМОРФИЗМ – жылқы нәруыздары мен ферменттерінің әр түрлі генетикалық формалары. ФЕНОТОП – кейбір қан жүйесінің локусындағы бірнеше антигендер белгілі үйлесімде толық тіркесіп тұқым қуалауы. ПОЛИМЕРАЗАЛЫҚ ТІЗБЕКТІК РЕАКЦИЯ (ПТР) – биологиялық материалдағы ДНҚ-ның өте шағын үзінділерін анағұрлым көбейтуге мүмкіндік беретін молекулалық биологияның әдісі. ЖАСАНДЫ ҚЫНАП – ВАГИНА – (лат. vagina – қынап), айғыр ұрығын алу үшін қолдан құрастырылған прибор. АНДРОЛОГИЯЛЫҚ ДИСПАНСЕРИЗАЦИЯ – айғырларды белгілі жоспарға сәйкес зерттеу нәтижесінде айғырдың тұқымсыздығын анықтап, оларға емдеу жұмысы жүргізіледі. АЙҒЫРЛАРДЫ ЖАЛПЫ ЗЕРТТЕУ – олардың жасы, тұқымы, семіздігі, дене бітімі, мінезі және ағзаның жеке жүйелерінің жағдайы есепке алу. ОРГАНОЛЕПТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ – ұрық көлемін, түсін, иісін, консистенциясын және бөтен қоспалардың бар болуын талдау. СПЕРМА БЕЛСЕНДІЛІГІН – сперманың қалыпты түзу сызықты-аудармалы қозғалыс байқалынуына байланысты бағалау. РЕФЛЕКСТІК ЗЕРТТЕУ – айғырдың жыныстық рефлексі анықтау Бұл үшін клиникалық сау және жыныстық циклі қалыпты биелер қолданылады. Мұнда айғырдың жыныстық рефлексінің байқалу реті есепке алынады: биеге жақындауы немесе жыныстық ынтасы, эрекциясы, биеге секіру жағдайлары және эякуляциясы. АТАЛЫҚ ІЗ – құндылығы жоғары айғырдан таралған бағалы еркек ұрпақтары. АНАЛЫҚ ҰЯ – құндылығы жоғары биеден таралған бағалы ұрғашы ұрпақтары. МОЦИОН – малдың таза ауада серуендеуі. Зат алмасу үрдісін жоғарлатады, оның өсуін жеделтеді және ағзаның инфекциялық ауруларға резистенттілігін жоғарылатады. ДИСПЕРСИЯЛЫҚ ТАЛДАУ – зерттеуге алынған жеке фактордың белгінің өзгергіштігіне әсер ету үлесін анықтау. ҰРЫҚ КӨЛЕМІ – айғырдан алынған сперма мөлшері. КОНЦЕНТРАЦИЯСЫ – 1 мл спермадағы спермиялар саны (млн./мл). КОРРЕЛЯЦИЯ – белгілер арасындағы байланыс. БЕЛГІЛЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР Бұл дипломдық жұмыста мынадай белгілеулер және қысқартулар қолданылды: 1. ºС – Цельсия градусы 2. г – грамм 3. n – топтағы жылқы саны 4. кг – килограмм 5. – арифметикалық орта 6. – арифметикалық ортаның статистикалық қателігі 7. σ – стандарттық ауытқу 8. Сv – вариация коэффициенті 9. r – корреляция коэффициенті 10. t – сенімділік критерийі 11. Р – ықтималдық (сенімділік) деңгейі 12. ПТР – полимеразалық тізбектік реакция 13. RAPD (Randomly Amplified Polymorphic DNA) – өздігінен ампликацияланатын ДНҚ. 14. «МжВҒӨО» РМК – «Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-зерттеу орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны 15. БЖҒЗИ – Бүкілресейлік жылқы ғылыми-зерттеу институты 16. ЖШС – жауапкершілігі шуктеулі серіктестік
|