Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


КІРІСПЕ.




Тақырыбтың өзектілігі. Адам әрекеті нәтижесінде жылқы малы әрқилы бағытта жетілдірілді және оны тиімді қолданылуы жылқы тұқымының алуан түрлілігіне және иппологияның дауына әкелді яғни жылқы малының тірі жануар ретіндегі жан-жақты зерттелуіне әкелді.

Жылқы шаруашылығының барлық бағыттары және олардың адам тіршілігенде қолданылу түрлері сәйкес жылқы тұқымдарымен қамтамасыз етілуінде ғана тиімділігін көрсете алады. Осыған байланысты жаңа жылқы тұқымын шығару немесе қолдағы бар жылқы тұқымдарын жетілдіру әркезде күрделі мәселе болып саналады және ереше маңыздылыққа ие болады.

Қазақстанда жергілікті қазақ жықы тұқымдарын өсірумен қатар жаңа жылқы тұқымдарын шығаруға үлкен көңіл бөлінуде, осыған орай Қазақстанда бірнеше жылқы тұқымдары – қостанай (1951 ж.), көшім (1976 ж.) ­және мұғалжар (1998 ж.) шығырылды. Олар шаруашылықта тиімді қолданылуда: алғашқысы міністі, кейінгілері етті-сүтті бағытта.

Қазіргі кезде біздің республикамызда ат спорттының қарқынды дамуына және еліміздің жергілікті жерлерінде бәйгенің жиі өткізіуіне байланысты жылқы мамандары – ғалымдар жергілікті спорттық бағыттағы жылқы тұқымын шығаруды дендеп қолға алуда. Селекционерлер жаңа «Қазақ тұлпары» жылқы тұқымына шығару мақсатында оның орта және алыс классикалық 2400 – 3200 м, 7-ден 25 км дистацияларға, конкур мен кедергілері бар және стипль-чез үшін жарамды 3000 – 7000 м қашықтықтарға және де 60 – 160 км бәйге жарыстарында қарқындылығы жоғары болуы көзделіп отыр. Әлемдік талаптарға сай келетін мұндай жылқы тұқымын шығаруды Казақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 1999 ж. Қостанай облысына іс сапар барысында атап өткен болатын.

Қазақстанда мұндай тұқымды шығару үшін тұқымішілік міністі-жеккі қостанай жылқысы негізге алынуда, өйткені республикада сырттан әкелінген ағылшын шабарман жылқыларын санамағанда қарқындылығы жағынан қостанай жылқысынан жылдам жылқылар жоқ. Сондықтан жылқының қарқындылық көрсеткіштерін жоғарылату үшін қостанай тұқымының міністі тұқымішілік типіне жататын биелерін ағылшынның тазақанды айғарларымен шағылыстыру қажеттілігі туындайды. Ал, төзімділігі мен экстерьерін жақсарту және сіңір-байланысын бекіту үшін араб айғырларын пайдалану тиімді деп саналуда.

В. В. Калашников, М. М. Готлиб биологиялық бағыттағы жылқы шаруашылығының ғылыми-техникалық ілгерілеуінің басты мәселелерінің біріне генетикалық аса құнды болып саналатын айғырлардың жаңадан алынған ұрығымен қатар сұйық азотта ұзақ уақыт сақталған спермаларының қолданылуын жатқызып, мұндай биотехнологиялық әдістің мал асылдандыру жұмысын тиімді жоғарылататынын атап өттіп [1].

Сондықтан жылқы шаруашылығында генетикалық және биотехнологиялық селекцияның әдістерін зерттеу мүмкіндігі және олардың нәтижелерін Қазақстанның жылқы зауыттарының практикасында қолданылуы бүгінгі күннің қажеттілігінен туындайды, ал бұл бағыттағы биотехнологиялық зерттеу жұмыстар аса зәрулі болып саналады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты және міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты болып «Қазақ тұлпары» жылқы зауытындағы қостанай жылқысын жетілдірудегі биотехнологиялық әдістері қолдану нәтижелерін талдау болып саналады.

Алға қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу алға қойылды: қостанай жылқыларының сипаттамасымен танысу; айғыр ұрығының сапасы көрсеткіштерін зерттеу; айғыр ұрығын криоконсервациялау әдісімен танысу.

 

 

Дипломдық жұмыстың көлемі және құрылымы.Дипломдық жұмыс 66 беттен тұратын компьютерлік тексте орындалған, ол құрылымы бойынша кіріспеден, әдеби шолудан, зерттеу материалдары мен әдістемесінен, ғылыми-зерттеу нәтижелерінен, қорытындыдан, практикалық ұсыныстардан құралған. Дипломдық жұмыста 8 кесте және 11 сурет берілген. Қолданылған әдебиеттер тізімінде 69 еңбек келтірілген, олардың 10-ы шет тілінде.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 149; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2025 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты