Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Зерттеу жұмысының жағдайлары, жылқы малының азықтық қорының негіздері




Қостанай облысының табиғи жағдайлары оның ішкі құрлықтық орналасумен анықталады. Облыс Батыс-Сібір ойпатының оңтүстік-батыс шеті мен Торғай жазықтық үстіртінің кішігірім бөлігін қамтиды [61].

Қостанай облысының солтүстік-батысы және солтүстігі Ресей Федерациясының Орынбор, Шелябі және Қорған облыстарымен; шығысы ­­– Солтүстік-Қазақстан, Ақмола оңтүстік-батысы Ақтөбе облысымен шектеседі.

Облыстың басты су күретамыры болып Тобыл өзені саналады, оның ұзындығы 500 км асып түседі. Шортанды өзенінің құйылысына дейін Тобыл өзені жазда кеуіп кетеді, су тек әр түрлі қашықтағы ұзындығы 2-4 м және көп иірімдерде қалады. Аят өзені қосылғаннан кейін Тобылдың аңғыры едәуір үлкейе түседі.

Облыс жері 4 табиғи-шаруашылық аймақтарға бөлінеді. Оның негізіне топырақ-климаттық айырмашылықтар, ауылшаруашылық пайдаланылатын жердің жыртылу дәрежесі және шаруашылық бағыттары алынған.

Бірінші аймақ ­­– бірқалыпты қуаң, дала және жарым-жартылай орманды дала, бұл аймақ кәдуілгі қара топырақты және гумустың мөлшері орташа болып келеді. Аймақта жылқы мен сүтті-етті сиыр шаруашылығы және тауарлық шошқа және құс шаруашылығы жақсы дамығын. Аймақ облыстың солтүстік жағыныі Қарабалық, Меңдіқара, Ұзынкөл аударын, Федоровский ауданының солтүстігін және Саракөл ауданының басым бөлігін қамтиды. Аймақта 2499,4 мың гектар жер бар, оның 2073 мың гектары ауылшаруашылыққа пайдаланылады, оның ішінде жыртылғаны ­­– 1750,4 мың гектар. Өсімдік әлемі қызыл селеулі әр түрлі шөптесіндерден тұрады.

Екінші аймақ ­­– негізінен оңтүстіктік қарашірігі аз қара топрақты құрғақ дала; астық, дамыған жылқы және ет-сүтті сиыр және шошқа шаруашылықтары дамыған. Аймаққа Жетіқара, Таран, Әулиекөл аудандарының солтүстік және Федоровский мен сарыкөл аударының оңтүстік бөліктері кіреді. Аймақтың жалпы жері 3267,2 мың гектарды құрайды, оның 3120 мың гектары ауылшаруашылық жері, оның ішінде жыртылғаны ­­– 2180 мың гектар.

Үшінші аймақ ­­– бірқалыпты құрғақ, негізінен қоңыр топырақты; жылқы, етті бағыттағы қара мал және жүнді-етті қой шарушылықтары дамығын облыс бөлігі. Аймақ Жетіқара, Денис, Әулиекөл, Таран аударының оңтүстік бөлігін және Қамысты мен Наурызым аудандарын қамтиды. Аймақта 3202,5 мың гектар жер бар, оның оның 3000 мың гектары ауылшаруашылыққа пайдаланылады, оның ішінде жыртылғаны ­­– 1361 гектар.

Төртінші ­­табиғи-шарушылық аймақ ­­– қоңыр топырақты Қазақстандық ұсақ шоқылардың орталық бөлігін қамтиды. Бұл аймақта өсімдіктерден селеу мен бетеге тең пропорцияда кеңінен таралған. Араласа өскен өсімдіктер сирек кездеседі, олардың өзі ксерофитті сипатта. Кешенді сортаңдарда жусандар өседі. Осы аймақта әр түрлі бағыттағы қой тұқымдары мен жылқы өсіріледі.

Ауылшаруашылық жерінің құрылымында жайылымның үлесі төртінші аймақта көп, оның ауқымы 79,7 %-ға жетеді, ал бірінші аймақта жайылымның үлесі барынша аз ­­– 27,9 %. Егіншілік, жылқы, ірі қара мал және шошқа шаруашылықтары қарқынды дамуы үшін бірінші және екінші аймақ қолайлы болса, ал үшінші және төртінші аймақтар қой шаруашылығының дамуына ыңғайлы болып келеді.

Қостанай облысының ауа-райы континенттілікпен ерекшеленеді және құрғақшылық жиі байқалады. Ауа райы қар аз жауатын, оқтын-оқтын қарлы бораны және суық желді, ұзақ, әрі суық қысымен, көктемнің және жаздың біріншы жартысының құрғақшылығымен және де көктемнің соңы мен жаз басындағы қатқақ суықтықтардың түсуімен ерекшеленеді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай 360-тан 175 мм азая түседі. Өсімдік тіршілігінің басталуынан олардың гүлдеуіне дейін түскен жауын-шашынның мөлшері 100-130 мм болғанда астық тұқымдастардың өнімділігі жоғары болады. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 50 мм-ден төмен болса, табиғи шөптесін өсімдіктердің өнімділігі төмен болады.

Облыстың оңтүстігінде шөптесін өсімдіктердің өсуі көкек айының басында, ал солтүстігінде осы айдың ортасынан өте басталады. Астық тұқымдастардың басым бөлігінің гүлдеуі облыстың солтүстік және орталық аударының құрғақ аңғарларда мамыр айының екінші декадасында, оңтүстік аударда маусымның басында басталады. Осы кезеңде далалық құрғақ шалғындарда жаппай орым басталады.

Екпе көпжылдық шөптердің, су басқан алаңдардағы өскіндердің және далалық қурайлардың орылымы шамамен масымның соңында, не шілде айының басында басталады. Бірінші орылымнан кейін топырақтағы ылғалдың мөлшері күрт азаяды, сондықтан екпе шөптердің бірінші орылымнан кейіңгі өсуі ылғалдылықты қажет етеді, бұл жағдай облыста он жылдың төртеуінде ғана байқалады.

Табиғи шалғындықтар және жайлымдар облыстың көптеген шаруашылықтары үшін балаусаның және қысқы шөптің негізгі көзі болып саналады. Олар жалпы барлық мал азығының 40 %-ын, ал балаусаның 75-80 %-ын құрайды. Малдың азықтық қорын дайындауда пішендік және жайлымдық жерлерді жақсартумен қатар мал азығын егістікте өсіріп алу жұмыстары маңызды роль атқарады. Пішен дайындау үшін негізгі өсімдіктер болып бір жылдық және көпжылдық шөптесіндер ­­– қылтықсыз арпабас,сиыржоңышқа, түйежоңышқа, тамырсабақсыз бидайық, кәдімгі бетеге, асбұршақ, бұршақ пен сұлы араласшөптер, судан шөбі, т. б. жатады.

Жайлымдардың өнімділігін жақсартудың бір көзі ретінде жылқы үшін екпе жайлымды жасауды және және оны кезек қолдануды ұйымдастыруды айтуға болады. Қазақстанда жылқы шаруашылығы әлдеқашаннан бері белгілі, сондықтан миллиондаған гектар жайылым әсіресе, табынды жылқы үшін негізгі азықтық қор болып саналады.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 262; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты