Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Мазмұны




Азақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Экология кафедрасы

 

Т.М. Блисов

 

 

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КАРТОГРАФИЯЛАУ

Тәжірибелік жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар

Экология мамандықтарына арналған

 

Останай, 2011


ББК 20. 1

Б 69

Әзірлеген:

Блисов Тілеубай Матайұлы, экология кафедрасының доценті, а.ш.-ғ.к.

Пікір білдірушілер:

Ахмет А.З., агрономия және инновациялық технология құжырасының профессоры, а.ш.-ғ.к.

Жемпиисов Ш.С., агрономия кафедрасының профессоры, а.ш.-ғ.к.

 

 

Т.М.Блисов

Б 69

Экологиялық картографиялау: Әдістемелік нұсқаулар - Қостанай: А.Байтурсынов атындағы ҚМУ, 2011. – 34б.

Әдістемелік нұсқауларға кіргізілген тәжірибелік жұмыстар жоспары, орындау нұсқаулары, бақылау сұрақтар және ұсынылған әдебиеттер тізімі.

050608 – Экология мамандықтар бағытында оқитын студенттеріне арналған

 

 

 

 

 

ББК 20. 1

 

 

Аграрлы-биологиялық факультетінің әдістемелік кеңесімен, _____.______2011 ж. мақұлданған № хаттамасы

 

 

© Қостанай мемлекеттік университеті


Мазмұны

Алғы сөз .......................................................................................................4

1 Тақырып Экология заңдары, ережелері және принциптері,

олардың экологиялық картографиялаудағы маңызы......................................5

1.1 Экология жаратылыстану ғылымдар жүйесінде, оның құрылымы және картографияның экологиялық проблемаларды зерттеу және шешудегі рөлі ........................................................................................................................5

1.2 Орта факторларының организмдерге әсер ету заңдылықтары.......8

2 ТақырыпЭкологиялы-картографиялық ақпарат дерекнамасы.............13

2. 1 Ақпараттық көздерді ведомстволық жағынан жіктеу....................13

2. 2 Ақпараттық көздерді қолданылатын ғылыми тәсілдер мен техникалық амалдар жағынан жіктеу................................................................15

3 Тақырып Қолданбалы экологиялық картографиялау және

экологиялық карталарды пайдалану..................................................................18

3.1 Инвестицияларды негіздеудің және инженерлі-экологиялық ізденістерді картографиялық қамтамасыз ету...................................................18

3. 2 ҚОӘБ картографиялық құрауышы..................................................19

3. 3 Кадастрлық картографиялаудың экологиялық аспектері..............20

4 Тақырып Экологиялық картографиялаудың табиғат ресурстарын пайдалануды ұйымдастырудағы рөлі және маңызы........................................ 21

4. 1 Экологиялық картографиялаудың табиғатты қорғау

саласындағы рөлі..................................................................................................21

4. 2 Антропогендік ықпалдардың биосфераға, сонымен қатар атмосфера, гидросфера және литосфераға әсері және оларды карталарда бейнелеу.................................................................................................................22

5 Тақырып Картографиялаудың биоэкологиялық аспектері....................24

5. 1 Жалпы сұрақтар.................................................................................24

5. 2 Биоэкологиялық картографиялау.....................................................24

5. 3 Биоиндикациялық картографиялау..................................................25

5. 4 Медициналық-географиялық картографиялау...............................26

6 Тақырып Геоинформациялық картографиялау және экологиялық мониторинг............................................................................................................27

6. 1 Географиялық информациялық жүйелер.........................................27

6. 2 Экологиялық мониторинг..................................................................28

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................33


Алғы сөз

 

Қазіргі кездебілім жолындакартографиялық әдіс биосфера және оның жекеленген құрауыштарының жай-күйін зерттеуде ең негізгі әдістердің бірі болып саналады. Оны қолдану мұнан былай экологиялық зерттеулерді тиімді жоспарлауды қамтамасыз етеді. Сондықтан табиғатты қорғау мен табиғатты пайдалануды зерттеу және жоспарлау тиісті картографиялық қамтамасыз етуді талап етеді.

Жалпы экологиялық картографиялау – жас жаңа дамып келе жатқан оқу және ғылыми пән, оның тарихы екі онжылдықтан сәл артық. Экологиялық картографиялау «түйіскен» пән болып саналады және осы жағдайда қоршаған ортаның жай-күйі туралы мәліметтерді алу мен оларды аумақтық тұрғыдан түсіндіру, сонымен қатар ақпараттарды жалпы географиялық тәсілдері арқылы дұрыс бейнелеу сияқты арнаулы тәсілдердің бірлігін құрайды. Экологиялық картографиялаудың негізгі айырмашылығы оның дамуы тек өзінің салаларымен шектелмей басқа да көптеген тематикалық карталардың мазмұнын экологиязациялаумен бейнеленеді.

Экологиялық картографиялаудың мақсаты экологиялық жай-күйді және оның динамикасын талдау, былайша айтқанда адамның денсаулығы мен экожүйелерге әсер ететін табиғи орта факторларының кеңістік пен мезгілдегі өзгерістерін айқындау. Бұл мақсатқа жету үшін көп мағыналы, кей жағдайда салыстырылуы қиын болатын экологиялық ақпараттардан географиялық тұрғыдан дұрыс түсініктер құрау үшін оларды жию, талдау, бағалау, біріктіру, аумақтық пайымдау қажет етіледі.

Экологиялық картографиялау пәнін оқу барысында тәжірибелік жұмыстарға да көп мән беріледі. Үйткені экологиялық картографиялау көбінесе мемлекеттік, аймақтық және жергілікті бағдарламалар мен табиғатты қорғау жобаларын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар қай табиғатты қорғау іс-әрекеті болмасын нақтылы бір аумақтың деңгейінде жүргізіледі. Сондықтан табиғатты қорғау іс-әрекеттерін жоспарлау, іске асыру және нәтижелерін бақылау экологиялық жағдай мен оның аумақтың әртүрлі бөлімдеріндегі динамикасы жайында шынды мәліметтерді талап етеді.

Әдістемелік нұсқаулардың ең негізгі мақсаты – студенттерді осы жоғарыда аталған жұмыстар саласындағы мәліметтермен таныстыру және практика жүзінде қолдана білуге үйрету.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 159; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты