КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тақырып Қолданбалы экологиялық картографиялау және экологиялық карталарды пайдалануМақсаты:инвестицияларды негіздеуді және инженерлі-экологиялық тексерулерді картографиялық тұрғыдан қамтамасыз ету, ҚОӘБ картографиялық құрауышы және кадастрлық картографиялаудың экологиялық аспектерімен таныстыру Жоспар: 3.1 Инвестицияларды негіздеудің және инженерлі-экологиялық ізденістерді картографиялық қамтамасыз ету 3. 2 ҚОӘБ картографиялық құрауышы 3. 3 Кадастрлық картографиялаудың экологиялық аспектері
3. 1 Студент бұл тақырыпты оқып білу барысында ең алдымен қолданбалы экологиялық картографиялау – бұл тәжірибелік жұмыстарды шешуге бағытталған картографиялау екенін білуі тиіс және ол қандай да болсын зерттеу затына қарамайды. Дегенмен қолданбалы картографиялау ұғымына инвестицияларды негіздеудің нормативті базасын қалыптастыру нақтылы мазмұнын жүктеді. Қазіргі кезде инвестицияларды экологиялық жағынан негіздеу құжаттар қатарына көптеген карталар кіреді. Инвестицияларды экологиялық тұрғыдан негіздеудің негізгі сатылары болып инженерлі-экологиялық тексерулер және қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) саналады. Инженерлі-экологиялық тексерулер инженерлік-геологиялық ізденістер мен қатар ақпаратық базаны құру үшін жобаларды қабылдауға дейін жүргізілуі керек. Содан кейін жиналған ақпараттар негізінде ҚОӘБ жұмыстары жүргізіледі. Әсерді бағалау құрылыс кезінде қоршаған ортаға деген теріс зардаптарды анықтауға және белгілі бір табиғаттықорғау шараларын дайындау мақсатында жүргізіледі. ҚОӘБ материалдары мен қорытындылары онан әрі техникалық шешімдерде жүзеге асырылады, жұмыс жобасына кіреді, сонымен қатар «Қоршаған ортаны қорғау» тарауын және мониторинг жүйесін құрайды. Инженерлік-экологиялық ізденістер материалдары сәйкесті жобалау материалдарын дайындау сатыларына кіреді: - инвестицияларды негіздеу сатысы - декларациялар (мақсат туралы өтініш), құрылыс құжаттары, раздела «Қоршаған ортаға әсерді бағалау» (ҚОӘБ) тарауы; - шаруашылық және басқа да объектілер жобаларында - «Қоршаған ортаны қорғау» (ҚОҚ) тарауы. Студент ауданның табиғи жайдайлары және техногендік ауыртпалықтар туралы материалдар (геоэкологиялық, климаттық, геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, ландшафттық, топырақ, геоботаникалық, зоогеографиялық, медициналық-биологиялық зерттеулер) жиналатынын және сәйкесті карталар да болатынын білуі тиіс. Сонымен қатар құрауыштардың экологиялық жай-күйін (геологиялық орта, жер бетіндегі және жер асты сулары, топырақ, өсімдік және жануарлар әлемі, антропогендік әсерлер) білу үшін далалық инженерлік-экологиялық зерттеулер жүргізіледі. Сонымен қатар маршрутты геоэкологиялық, экологиялық-гидрогеологиялық зерттеулер, газогеохимиялық картографиялау, топырақты картографиялау, физикалық әсерлерді зерттеу және өсімдік жамылғысын зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
3.2 ҚОӘБ жұмыстарын дайындауда инженерлік-экологиялық ізденістер нәтижелерімен қатар жоспарланған іс-әрекетті сипаттайтын жобалау материалдары пайдалынады. Бағалау нәтижелері, сонымен бірге ҚОӘБ томына кіретік картографиялық материалдар жобалау құжаттарына кіреді. ҚОӘБ жұмыстарын жүргізу кезінде құрастырылатын карталар аумақтың экологиялық жай-күйі мен биологиялық қорларын бағалауға және оның табиғи дамуы деңгейін болжауға мүмкіншілік жасауы керек. Сонымен қатар антропогендік ауыртпалықтарды арттыру байланысты өзгеру динамикасына болжау құруға да мүмкіншілік береді. Студент ҚОӘБ томының типті құрылымын құрайтын негізгі таруларын білу керек, олар: 1. Жобаланытын объкт маңайындағы қоршаған орта құрауыштарының (атмосфера, гидросфера, геологиялық орта, өсімдік және жануарлар әлемі, қоршаған ортаға деген техногендік ауыртпалық сипаттамалары) сол кездегі жай-күйін бағалау. 2. Объектің қоршаған табиғи ортаға әсері (жобалатын объект сипаттамасы, оның атмосфера, гидросфера, өсімдік және жануарлар әлемі, әлеуметтік жағдайлар мен адамдар денсаулығы және т. б.). 3. Объектіні салудың (қайта құру) экологиялы-экономикалық тиімділігі. Инвестицияларды негіздеу материалдарына қосымша қосылуы мүкін: ландшафтты карта, инженерлік-геологиялық аудандастыру картасы, геологиялық карта, гидрогеологиялық картаа, құрылымдық-тектоникалық карта, төрттік шөгінділер картасы және экзогендік геологиялық процестер таралу картасы, микросейсмикалық аудандастыру картасы, өсімдіктер картасы (геоботаникалық), орманорналастыру картографиялық материалдары зоологиялық (зоогеографиялық) карта, жануарлар әлемі картасы, аумақтың қазіргі жай-күйінің картасы (карта-схема) және аумақтың болашақтағы экологиялық жай-күйінің картасы (карта-схема). Инженерлік-экологиялық ізденістер материалдары, ҚОӘБ, ҚОҚ жинақталған түрде экологиялық негіздеуді құрайды және жобалау құжаттарымен бірге экологиялық экспертизаға тапсырылады.
3.3 Жер кадастры қорларды кадастрлық есепке алу жүйесін құрайтыны белгілі мәселе. Жер кадастрында жылжымайтын объектілер тіркеледі, олар: жер учаскелері және олардың шекаралары шеткі нүктелерінің координатарын қоса, сонымен қатар құрылыстар, коммуникациялар, иелері туралы мәліметтер және меншіктілік жайындағы құқықтық негіздер. Жер кадастры – бұл табиғи, құқықтық, шаруашылық жағдайы, экономикалық және жердің кеңістіктегі орны жайындағы реттелген мәліметтер жүйесі, олар құжаттар және кадастрлық жоспарлар немесе санды түрде беріледі. Жер учаскелерінің құны әртүрлі болады, олай болса кадастрлық есеп жүргізу оның құнын анықтаудан тыс қарауға болмайды. Қазіргі жағдайда жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау мына мақсаттарда жүргізіледі: - жылжымайтын мүліктерге салық салу, жер салығы мен жалдау ақысын белгілеу; - жер нарығын, құнды жер қағаздарын, қор нарығын және ипотеканы ақпараттық сүйемелдеу; - аумақты пайдалану тиімділін, дайындалған қаланың генералдық жоспарының жобаларын және жалпы қалалық сипаты бар үлкен масштабты шаралардың тиімділігін бағалау; - мүдделі тұлғаларды жылжымайтын мүліктердің бағасы және мәмілелер жөнінде ақпараттармен қамтамасыз ету. Құн – бұл қалалық (басқа да) жерлерге тән объективті қасиеті. Ол сол жер учаскесін иемдену немесе қамтудың қолайлы немесе ұтымды өлшемі. Сонымен бірге оның экологиялық жағдайы (жер бедері, грунты, гидрогеологиялық жағдайлары, сейсмикалық жағдайы) жылжымайтын мүліктің құнына әсер ететін факторлардың бірі болып саналады. Сол сияқты орман жерлерінің құны оның бонитетіне, немесе потенциалды құнарлылығына байланысты болады. Ауыл шаруашылық жерлерінің жай-күйі міндетті түрде одан алынатын өнімдер сапасына әсер етеді.
|