Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тақырып Экология заңдары, ережелері және принциптері, олардың экологиялық картографиялаудағы маңызы




Мақсаты:студенттерді экологиялық картографиялауда мәне бар экологияның кейбір заңдары мен таныстыру

Жоспар:

1.1 Экология жаратылыстану ғылымдар жүйесінде, оның құрылымы және картографияның экологиялық проблемаларды зерттеу және шешудегі рөлі

1.2 Орта факторларының организмдерге әсер ету заңдылықтары. Ішкі динамикалық тепе-теңдік заңы. Экологиялық корреляция және төзімділік, шыдамдылық немесе толеранттылық заңы. Тірі заттардың физикалық-химиялық бірлесу заңы. Барлық тіршілік шарттарының тең мәнділік заңы. Таралу аймағының/ареал/ топографикалық шілтері/кружева/ және олардың географиялық өзгеру ережесі. Инстинктивтік теріске шығару-мойындау және оқиғаның алыстығы принциптері

1.1 Бұл тақырыпты оқып білу барысында студент ең алдымен қазіргі кездебілім жолындакартографиялық әдіс биосфера және оның жекеленген құрауыштарының жай-күйін зерттеуде ең негізгі әдістердің бірі болып саналатынын білуі тиіс. Оны қолдану мұнан былай экологиялық зерттеулерді тиімді жоспарлауды қамтамасыз етеді. Сондықтан табиғатты қорғау мен табиғатты пайдалануды зерттеу және жоспарлау тиісті картографиялық қамтамасыз етусіз тиімді емесе және қиынға түседі.

Сонымен бірге экологиялық картографиялау – жас жаңа дамып келе жатқан оқу және ғылыми пән.

Экологиялық проблемаларды зерттеу мен шешуде әртүрлі, тіпті әртүрлі ілімдер саласындағы мамандар (биологтар, географтар, дәрігерлер, инженерлер, заңгерлер, саясаткерлер және т.б.) қатысады. Бұл жағдайда көбінесе карта әртүрлі ғылым мамандарының жалғыз-ақ қарым-қатынас тілі болып саналады.

Студент кеңістікте сипаттамалары өзгеретін кезкелген құбылыстарды бейнелеуде карта ең ұтымды тәсіл екеніне үлкен мән беруі керек. Адамның жылыстауы, тірі организмдердің жайылуы, сол сияқты олардың мекендеу ортасының жай-күйі кеңістікте өзгеру қасиетіне иеленеді. Сондықтан экологиялық жағдайды зерттеу және талдау экологиялық картографиялаудан тыс қарауға болмайды немесе мүмкін емес.

Жалпы экологиялық картографиялаудың мақсаты экологиялық жай-күйді және оның динамикасын талдау, былайша айтқанда адамның денсаулығы мен экожүйелерге әсер ететін табиғи орта факторларының кеңістік пен мезгілдегі өзгерістерін айқындау. Бұл мақсатқа жету үшін көп мағыналы, кей жағдайда салыстырылуы қиын болатын экологиялық ақпараттардан географиялық тұрғыдан дұрыс түсініктер құрау үшін оларды жию, талдау, бағалау, біріктіру, аумақтық пайымдау қажет етіледі.

Осыған орай студент экологиялық картографиялаудың негізгі өнімі болып нақтылы аумақтық бірлік шегіндегі экологиялық проблемалардың құрылымы мен шиеленісуін бейнелейтін экологиялық карталар болатына еркше көңіл бөлуі тиіс.

Сонымен бірге экологиялық картографиялау көбінесе мемлекеттік, аймақтық және жергілікті бағдарламалар мен табиғатты қорғау жобаларын қамтамасыз етуге бағытталған. Сондықтан табиғатты қорғау іс-әрекеттерін жоспарлау, іске асыру және нәтижелерін бақылау экологиялық жағдай мен оның аумақтың әртүрлі бөлімдеріндегі динамикасы жайында шынды мәліметтерді талап етеді. Осыған орай ақпараттардың картографиялық түрін пайдаланбау мүмкін емес.

Студент қазіргі экология ғылымының құрылымы жаратылыстану цикліндегі пәндердің құрылымына сәйкесті екенін білуі керек. Жалпы экологияның үш негізгі тарамын айырады.

Біріншісі жалпы экология немесе биоэкология, - бұл әртүрлі дәрежедегі тірі жүйелердің (органимздер, популяциялар, экожүйелер) ортамен және өзара қарым-қатынастарын зерттейді, оны келесі тарауларға бөледі:

- аутэкология - қоршаған орта факторларының жеке организмдерге әсерін зерттейді;

- демэкология немесе популяциялық экология;

- синэкология немесе қауымдастар экологиясы;

- экожүйелік және биосфералық экология.

Екінші тарамы геоэкология – бұл геосфераларды, олардың динамикасын, өзара әрекетестігін, организмдерге әсер ететін тіршіліктің геофизикалық жағдайларын, тірі емес қоршаған орта факторларын зерттейді.

Үшінші тарамы қолданбалы экология – бұл адамның мекендеу ортасын қорғаудың инженерлік, әлеуметтік, экономикалық аспектерін және табиғатпен қоғамның қарым-қатынастар проблемаларын, табиғатты қорғаудың экологиялық принциптерін зерттейді.

Экологиялық картографиялау қолданбалы экологияға жатады және пәннің негізгі міндеті экологиялық жай-күйді және оның динамикасын талдау, былайша айтқанда адамның денсаулығы мен экожүйелерге әсер ететін табиғи орта факторларының кеңістік пен мезгілдегі өзгерістерін айқындау.

Экологиялық картография пәні экология, геоэкология, топография картография негіздерімен, топырақтану, топырақ экологиясы, өсімдіктер экологиясы пәндерімен тығыз байланыста деуге болады.

Студент орта мен организмнің қарым-қатынастарын, оның ішінде мекендеу ортасы және экологиялық факторлар туралы ұғымдарды білуі керек.

Мысалы, мекендеу ортасы – тіршіліктің абиотикалық және биотикалық шарттар жиынтығы, қазіргі кезде үш мекендеу ортасы белгілі: су, жер-ауа, топырақ және тірі организмдер.

Студент экологиялық факторды білуі керек, ол – тіршілік иелері бейімделу реакцияларымен жауап қайыратын кез келген орта жағдайы. Экологиялық факторды сөздің тар мағынасында биологиялық деп түсіну керек. Экологиялық факторлар – сытқы және ішкі күш, ол организмдердегі және экожүйелердегі процестердің жылдамдығы мен бағытын реттейді. Экологиялық фактор тірі организмдерге олардың дербес дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер алатын, ортаның кез келген әрі қарай бөлшектелмейтін элементі.

Жалпы табиғи факторлардың абиотикалық және биотикалық болып бөлінуін білу керек.

Сонымен қатар антропогендік факторлар да болады, олар адамдардың іс-әрекетінен туынданған және олар қоршаған ортаға әсер етеді.

Тағы да айта кету керек, уақыт деңгейінде өзгеруі уақтылы немесе тұрақты қайталанып отыратын факторлар бар, олар кезеңді факторлар (климаттық, су толысуы және қайтуы, кейбір мұхит ағындары), ал аяқ астынан пайда болатындар кезеңді емес факторлар (жыртқыштың бас салуы, жанартаудың атқылауы).

Сонымен қатар факторлар алғашқы және туынды болып айырылады.

Студент сонымен қатар экологиялық факторлардың шектеушілер деп аталатын түрлерін де білуі керек, олар организмдердің дамуын қажетті мөлшерлері (оптималды мөлшері) жетіспегенде немесе артық болғанда тежейді.

Абиотикалық факторлардың әсері көп жағдайда топографиялық сипаттамаларға байланысты немесе жергілікті жерлердің факторларына, олар климатты болсын, топырақтың даму ерекшеліктерін өте күшті өзгертуі мүмкін. Жалпы ең негізгі топографиялық фактор – бұл теңіз деңгейінен биіктігі, беткейлердің экспозиясы (жарықтанғандығы), беткейдің құлдилығы, сонымен қатар жер бедері.

Студент экологиялық факторлардың динамикалы екенін білуі тиіс, олар уақыт және кеңістік жүйесінде өзгере алады.

 

1.2 Экологиялық факторлар және олардың өзгеріске ұшырауы белгілі бір заңдарға,ережелерге, принциптерге тәуелді немесе бағынышты келеді.

Ақпараттарды барабар (адекватное) картографиялық бейнелеу сол саладағы заңдар мен заңшылықтарды ескеруді талап етеді. География ғылымында объективті, субъективті себептерге байланысты теориялық негізде жалпы ұйғарылған заңдар мен аксиомалар жүйелері қалыптаспаған.

Географияда - өте күрделі ғылымда комплексті табиғат заңдары (қажетті, елеулі, тұрғылықты, құбылыстар арасында қайталанатын) жоқ, тек заңшылықтар ғана бар, олардың жалпы санын тіпті жобамен де қанша екенін айту қиын.

Экология мен табиғатты пайдалануда басқа жағдай байқалады. География мен биология ғылымдарының зерттеу объектерінің күрделігі бірдей деуге болады, бірақ халықаралық дәстүрге қарай көптеген заңдылықтарды, тіпті кейбір аздаған, экологиялық заңдар мен принциптер дәрежесіне көтерген.

Н.Ф.Реймерс осы саладағы материалдарды талдай отырып 300-дейін жинақтап жүйелейді. Олар деңгейі (аксиома, гипотеза, принцип, заң, ереже) мен пайдалану сферасына қарай бөлінеді: жалпы жүйелер бойынша жинақтаулар; тіршіліктің физико-химиялық және молекулярлы-биологиялық өмір сүру негіздері; экологиялы-организмдік заңшылықтары; «организм-орта» жүйесіндегі заңшылықтар; популяция заңдары; биогеографиялық заңшылықтар; биоценоздар мен қауымдастардың қызмет атқару заңдары; экожүйелер заңдары; жердің экосферасы мен биосферасының заңшылықтары; биосфера эволюциясының заңшылықтары; «адам-табиғат» жүйесінің заңдары; әлеуметтік экология заңдары; табиғатты пайдалану заңдары; өмір сүру ортасын қорғау принциптері, әлеуметтік психология және адам мінез-құлығының принциптері.

Экологиялық жинақтаудың негізгі қасиеті болып экологиялық картографиялауда пайдалану мүмкіншіліктері саналады және оның аумақтық немесе аумақтан тыс болып саналуы. Экологиялық заңдар мен заңдылықтардың көп бөлігі аумақтан (территория) тыс қаралады, немесе аумақтың ерекшеліктері қарамай бірдей әсер етеді. Сонымен қатар әсері аумаққа байланысты деген жинақтаулар да бар, сондықтан оларды картографиялауда есепке алу қажет етеді.

Ішкі динамикалық тепе-теңдік заңының экологиялық картографиялаудағы маңызы (закон внутреннего динамического равновесия). Реймерстің заңы былай деп аталады: «Заттек, энергия, ақпарат және жекеленген табиғи жүйелердің динамикалық сапасы мен олардывң бағыныштылығы бір-бірімен байланысты екендігі сондай, аталмыш көрсеткіштердің біреуінің кез келген өзгерісі осы жүйенің заттық-энергетикалық, ақпараттық және динамикалық қасиетін сақтап тұрған жалпы қосындыға бірдей әсер етеді».

Бұл заңның салдары болып табиғи тізбекті реакциялар саналады, әдетте олар сызықты емес сипатта болады және бағыты өзгерістерді нейтралдау немесе жаңа экожүйелерді қалыптастыру, оның ішінде қайтымсыз. Табиғатты пайдалануды есепке алуда бұл маңызды мәселе, сондықтан бұл заң экологиялық сараптау және шешім қабылдауда әдіснама негізі болып саналады.

Ішкі динамикалық тепе-теңдік заңыныңкартографиялаудағымаңызды салдары – экожүйелердің жай-күйін айқындау - тұрақты, тұрақты емес-тепе-теңді (қарбалысты-напряженное), тепе-теңді емес; ықпал ету факторларына қарай бөлінуі мүмкін және картада бейнелеу.

Бұл өте күрделі және көп аспекті сипаты бар заң, сондықтан ішкі динамикалық тепе-теңдік заңын картографиялауда есепке алудың екі жолы бар: экожүйелердің жай-күйін сапалық бағалау; экологиялық категорияларды санды бағалау.

Бірінші экологиялық жағдайларды сапалық тұрғыдан бағалауда қолдануда есептеледі (салыстырмалы қолайлы, қанағаттанарлық, қарбалысты, өте қиын жағдай және алапатты немесе апатты), ал екіншісі картографиялауда бағалау бірлігі ретінде экожүйелерідң жай-күйінің сапалы өзгерістеріне сәйкесті мөлшерлерін (санды нысаналары) қолданады. Ең қарапайым және кең тараған мөлшерлер болып ШРК саналады. Бірақ бұларды бағалау критерийлері ретінде қадағалау медициналы-гигиеналық және антропоцентрлік ұстанымдарда ғана қарастыруға болады, ал жалпы экожүйелердің жай-күйін бағалауда бұлар жеткіліксіз. Дегенмен ШРК және оның туындылары ШРМ, ШРШ құқықтық және экономикалық сұрақтарды шешу кезіндегі нормативтік құжаттарда кең таралған, сондықтан қолданбалы экологиялық картографиялауда оларды қолдану қажеттілігі туады.

Экологиялық корреляция немесе сәйкестілік және төзімділік, шыдамдылық немесе толеранттылық заңының экологиялық картографиялаудағы маңызы (закон экологической корреляции и толерантности).Экологиялық корреляция заңынына байланысты (Реймерс бойынша), кез келген біртұтас табиғи жүйелік құрылымдағыдай экожүйеде де, әсіресе, биотикалық қауымдастықта сол жүйеге енетін тіршілік иелерінің бәрімен абиотикалық-экологиялық құрауыштар бір-біріне функциялық түрде сәйкес келеді. Жүйенің бір бөлігінің істен шығуы (мысалы, бір түрдің жойылуы) міедетті түрде жүйенің осы бөлігімен тығыз байланыстағы басқа бөліктердің жойылуына және біртұтас жүйенің ішкі динамикалық тепе-теңдік аясында функциялық өзгеріске ұшырауына әкеледі. Сонымен қатар, В.Шелфордтың толеранттық немесе төзімділік заңы бойынша, өркендеудің шектейтін факторы экологиялық фактордың минимумы мен максимумы да болуы мүмкін. Бұлардық арасындағы ауқым (диапазон) организмнің тап сол факторға төзімділік (шыдамдылық) шамасын анықтайды. Бұл заңды Ю. Одум (1975) мынадай қағидалармен толықтырды: 1) организмдер бір экологиялық фактор жөнінде кең ауқымды және басқасы жөнінде тар ауқымды төзімділікті болуы мүмкін; 2) төзімділігі кең ауқымды организмдер барлық экологиялық факторлар жағдайында, әдетте, кең таралған; 3) егер түр үшінбір экологиялық фактор бойынша жағдайлар оңтайлы болмаса, онда төзімділік ауқымы басқа факторлар жөнінде тарылуы мүмкін.

Картографиялық зерттеуге бұдан мынандай маңызды мәселелер шығады. Әр экожүйеде (аумақтық бірліктің кез келген деңгейінде) биота, сонымен қатар адамда, белгілі бір геофизикалық және геохимиялық параметрлер шамасына бейімделген. Ортада химиялық элеметтердің жоғарғы немесе төменгі концентрациялы жағдайларында ерекше немесе өзгеше түрлер қоныс алады, ал популяцияларда әртүрлі дәрежеде тұрақтылығы бар организмдер байқалады, сонымен қатар өзгерулерінде тұқым қуалаушылық байқалады. Сондықтан экстремалды немесе оңтайлы табиғи жағдайлар тек нақтылы аумақты мекендейтіндерге қарастырылуы керек және жалпы салыстырмалы сипаты бар болады. Белгілі бір жағдайларда ұзақ мекендеу, белгілі өмірге, әдет-ғұрыпқа бейімделу барысында бір-біріне сәйкесті психологиялық және физиологиялық реакциялар қалыптасады (мысалы, папуастар мен эскимостардың оңтайлы табиғи жағдайлар деген ұғымдары бірдей болмайды).

Басқа жақтан қарағанда антропогендік әсер болмаған экожүйе (геофизикалық және геохимиялық сипаттамалары сол жағдайға сәйкесті) эталон болып қаралуы мүмкін, немесе соңғы ұғым да салыстырмалы және нақтылы аумақты болып саналады. Сондықтан картографиялау кезінде нақтылы аумақтың оңтайлы жағдайы ретінде табиғи ая-фон (антропогендік ықпал болмаған және геофизикалық, геохимиялық параметрлері соған сәйкесті)) қарастырылады. Табиғи аядан ауытқу мөлшері антропогендік ауыртпалықтардың табиғи сипаттамасы болып саналады.

Тірі заттардың физикалық-химиялық бірлесу заңының экологиялық картографиялаудағы маңызы (закон физико-химического единства живого вещества). Бұл заң (Вернадский заңы) бойынша, жердің барлық тірі заты физикалық-химиялық біртұтас. Бұл заңнан мынадай салдар шығады: тірі заттардың бір бөлігіне зиянды нәрсе басқа бір бөлігіне де әсер етеді немесе тірі организмдердің бір түріне зиянды нәрсе басқасы үшін де солай болады. Бір организмді жоятын кез келген физикалық-химиялық агенттер (мысалы, зиянкестермен күрес құралы пестицидтер) басқа организмдерге зиянды әсер етпей қоймауы мүмкін емес. Мұндағы барлық айырмашылық тек қана түрлердің агентке төзімділік дәрежесінде. Кез келген көп санды популяцияда барлық уақытта сапасы әр түрлі, соның ішінде физикалық-химиялық әсерлерге азды-көпті төзімді дарақтар болатындықтан, популяцияны знянды агенттерге төзімділігі бойынша сұрыптау жылдамдығы организмдердің көбею жылдамдығына, ұрпақтардың алмасу тездігіне тура пропорционал болады. Бұдан физикалық-химиялық факторлар әсерінің өсуі кезінде ұрпақ ауысуы бәсең организмтұрақты, бірақ қаралып отырған факторларға тез көбейетіп түрлердің қарсы түру қабілеті теңеседі. Сондықтан өсімдіктердің зиянкестерімен, адамдардың және жылуқанды жануарлардың ауру қоздырғыштарымен күресуге химиялық әдістерді ұзақ колдану экологиялық тиімсіз. Тез көбейетін буынаяқтылардың төзімді дарақтарын іріктеуде өңдеу нормаларын ұлғайтуга тура келеді. Алайда бұл жоғарылатқан концентрациянңц да тиімділігі аз болады, бірақ адам мен омыртқалы жануарлардын денсаулығына күшті әсер етеді. Бұл заңнан шығатын тағы бір салдар – қортынды - жалпы тірі заттектердің ішінде күрделі өзара байланыс болады. Тап сол геологиялык кезеңце бірыңгай "өмір торы'' бар сияқты. Бұл "тордың" үзілуі тесікке ұқсас бір нәрсені құрады да, барлық жүйенің тұрақтылығын азайтады. Бұның орны белгілі мерзімге дейін функционалды ұқсас түрлермен толтырылады. Мысалы, далада жойылған туяқтылардың орнын кеміргіштер алмастырады. Түрлердің көп саны жойылған сайын тіршілік "торы" өте "жуан жіптердей" дөрекі болады (энергетикалық тасқындар қарқындырақ бола­ды). Бұл - организмдердің, соның ішінде өте зиянды немесе қауіптілерінің жаппай көбею кезеңі. Сондықтан түрдін әр түрлілігінін кейбір мииимумын сактау кажет. Бұл барлык биосфераның тұрактылығын камтамасыз етеді. Биологиялык жағынан адам да түрдің біреуі болғандыктан, әлемдік "тіршілік торында" орын алады. Адам үшін түрдің сақталуы өмірлік қажеттік. Осы себептен тірі табиғатты қорғау дегеніміз - ең алдымен "адамды, оны қоршаған ортаны толық корғау" болып табылады.

Бұл заң ортаның жекеленген заттармен ластануын картографиялау кезінде әртүрлі түсіндіруге мүмкіншілік жасайды: антропоцентрлік тұрғыдан, нақтылы түрлердің немесе жалпы экожүйенің тұрақтылығы жағынан.

Биосфераның физикалық-химиялық бірлесуі заттардың айналымы арқылы қол жетеді, былайша айтқанда биосфераның физикалық-химиялық бірлесуі заттектердің айналымымен дәлелденеді. Биосфераның қазіргі биохимиялық концепциясы тіршілік пен геохимиялық ортаның бірлестігіне негізделген. Қоршаған ортаның ластану процесі - бұл техногендік ағындар мен шашырау әкиектер (ореолы) немесе сәулелер процесі. Қоршаған ортаға түсетін ластанушылар көпфазалы (газтәрізді, сұйық және қатты фазалы) және көпқұрауышты (табиғи жағдайларда химиялық таза заттар болуы мүмкін емес, ал өндірістік және тұрмыстық қалдықтарға қатысы тіпті жоқ) болады. Поллютанттар (ортаны техногендік ластаушылар) қоршаған ортаға түскеннен кейін геохимиялық ағындылар құрамында тасымалданады және өздігінен тазару процестерінде бұзылады. Көздері бір болғандықтан поллютанттар мен әкиектер арасында геохимиялық корреляциялық байланыстар құрылады. Бұл жағдай экологиялық картографиялауда өте маңызды, себебі объектерді зерттеуде ағындылардан көрі әкиектер өте қолайлы болады.

Барлық тіршілік шарттарының тең мәнділік заңының экологиялық картографиялаудағы маңызы (закон равнозначности всех условий жизни).Бұл заң бойынша,ортаның тіршілік үшін қажет барлық табиғи жағдайлары тең мәнді рөл атқарады. Мысалы, адамның өмір сүруі үшін негізгі қажетті шарттар – дем алатын ауа, сусын, тамақ. Адам бұның бірінсіз өмір сүре алмайды. Ауасыз 4-5 минут, сысынсыз 5-6 күн, тамақсыз 25-30 күн өмір сүруге болады екен. Басқа тіршілік етушілерге де осыған ұқсас қажеттілік шарттар бар. Міне, осы қажеттілік шарттардың біреуі жетіспесе тіршілік болмайтындықтан, олар тең мәнді делінеді. Бұл заңды есепке алу ортаның жай-күйі жайында интегралдық сипаттамаларды алу мақсатында синтетикалық картографиялауда жүргізуде қажетті. Барлық тіршілік шарттарының тең мәнділік заңы экологиялық факторларды маңызды, екінші дәрежелі деп бөлуге жол бермейді.

Минимум заңы (Ю. Либих) – негізгі заң: организмнің төзімділігі оның экологиялық тұтыныстары тізбегінің ең әлсіз бөлігі арқылы анықталады. Минимум заңы бойынша кез келген фактор шектелген болуы мүмкін. Сонымен қатар организмдердің әртүрлі факторларға деген төзімділік интервалдары да әртүрлі болады, оның ішінде олардың өзгеру ауқымдарына (диапазон) қатысты.

Таралу аймағының/ареал/ топографикалық шілтері/кружева/ және олардың географиялық өзгеру ережесі жайындағы заңының э. картографиялаудағы маңызы (правило топографического кружева ареала и географической изменчивости кружева ареала).Бұл биогеографиялық заңдылықтарды ландшафттық мәлеметтерді пайымдау туралы нақтылы кеңестер ретінде қарауға болады. Мысалы, белгілі түрлерге қолайлы учаскелердің орналасуы географиялық заңдарға бағынады: жылу сүйгіш түрлер оңтүстік беткейлерде жылысады, ылғал сүйгіштер ойпаң жерлерде болады және с. с. Таралу аймағының әртүрлі бөлігінде сол бір түрге деген учаскелердің орналасуы бірдей болмайды: таралу аймағының солтүстік шекарасында – оңтүстік беткейлерде, оңтүстік шекарасында – солтүстік беткейлерде.

Инстинктивтік теріске шығару-мойындау және оқиғаның алыстығы принциптерінің экологиялық карторграфиялаудағы маңызы (принципы инстинктивного отрицания – признания и удаленности события).Бірінші принцип бойынша,туындырушының немесе дайындаушының концепциясына қайшыфактылар мен заңдылықтар моделден саналы түрде шығарылады, ал концепциядағы фактыларға шынында да мәні болмасада зор баға беріледі. Екінші принцип бойынша, уақыт пен кеңістік жағынан алыста қалған құбылыс өмірде болмаған сияқты әсер қалдырады және елеулі емес болып көрінеді. Табиғатты пайдалануда бұл принцип жаңсақ практикалық іс-қимылдардың негізіне айналып жатады.

Бұл келтірілген принциптерді карталарды әзірлеушілер материалдарды талдау процесінде ғылыми-эксперттік жұмыстар психологиясының эмпириялық заңшылықтары ретінде ескеруі керек.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 579; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты