Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тақырып Экологиялық картографиялаудың табиғат ресурстарын пайдалануды ұйымдастырудағы рөлі және маңызы




Мақсаты:экологиялық картографиялаудың табиғат ресурстарын пайдалануды ұйымдастыру жұмыстарындағы рөлі және маңыздылығымен таныстыру.

Жоспар:

4. 1 Экологиялық картографиялаудың табиғатты қорғау саласындағы рөлі

4. 2 Антропогендік ықпалдардың биосфераға, сонымен қатар атмосфера, гидросфера және литосфераға әсері және оларды карталарда бейнелеу

 

4. 1Студент бұл тақырыпты оқып білу барысында ең алдымен пәннің негізгі міндеті экология принциптері мен экожүйелердің қызмет ету заңдылықтары туралы ілімдерді биосфераның кеңістіктегі құрылымына сүйенген географиялық ой өріспен байланыстыру.

Экологиялық картографиялаудың мақсаты экологиялық жай-күйді және оның динамикасын талдау, былайша айтқанда адамның денсаулығы мен экожүйелерге әсер ететін табиғи орта факторларының кеңістік пен мезгілдегі өзгерістерін айқындау. Бұл мақсатқа жету үшін көп мағыналы, кей жағдайда салыстырылуы қиын болатын экологиялық ақпараттардан географиялық тұрғыдан дұрыс түсініктер құрау үшін оларды жию, талдау, бағалау, біріктіру, аумақтық пайымдау қажет етіледі.

Экологиялық картографиялау адам мен басқа да биологиялық түрлердің мекендеу ортасының жай-күйі жайындағы ақпараттарды жию, талдау және картографиялық түсініктер беру тәсілдері туралы ғылым.

Экологиялық картографиялау көбінесе мемлекеттік, аймақтық және жергілікті бағдарламалар мен табиғатты қорғау жобаларын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар қай табиғатты қорғау іс-әрекеті болмасын нақтылы бір аумақтың деңгейінде жүргізіледі. Сондықтан табиғатты қорғау іс-әрекеттерін жоспарлау, іске асыру және нәтижелерін бақылау экологиялық жағдай мен оның аумақтың әртүрлі бөлімдеріндегі динамикасы жайында шынды мәліметтерді талап етеді. Осыған орай ақпараттардың картографиялық түрін пайдаланбау мүмкін емес.

Табиғатты қорғау іс-әрекеті бағытында картографиялық қамтамасыз етуін талап ететін негізгі құрамдас бөліктері мыналар:

- ғылыми-зерттеу жұмыстары (табиғи орта құрауыштары, зерттеу тәсілдері, әртүрлі иерархиялық деңгейдегі аумақтық бірліктерде немесе ғаламдық масштаб бөлімшелерінде);

- атмосфералық ауаны, жер асты және жер үстіндегі суларды, топырақтар мен жер қойнауларын, өсімдіктер мен жануарлар әлемін, жалпы ландшафтарды-экожүйелерді (құқықтық, экономикалық, технологиялық, гигиеналық аспектерді қоса локалды немесе жергіліктік, аймақтық, ұлттық және халықаралық масштабтарда);

- экологиялық білім және тәрбие (сабақ беру, экологиялық білімдерді насихаттауды қоса және жеке адам мен қоғамның ақпараттқа деген құқығын жүзеге асыру).

Табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстарды картографиялық тұрғыдан қамтамасыз ету аумақты қамтуға арналған бағдарламаларды дайындау барысында толық көлемде жүзеге асырылады.

Практикалық іс-әрекеттерге арналған карталар бағытына қарай былай бөлінеді:

- түгендеу-бағалау (жекеленген құрауыштар мен жалпы ландшафттың жай-күйі, әсер ететін факторлардың аумақта таралу сипаттамалары);

- болжам жасау (кейбір даталарға келешекте жорамалдау нәтижелері);

- ұсынылатын (ұсынылатын шараларды аумақтық орналастыру);

- бақылау, немесе мониторинг карталары (жағдайларды қадағалау үшін).

Экологиялық ағарту, білім беру және тәрбиелеуді картографиялық қамтамасыз ету экология мен табиғатты қорғау курстары, сонымен қатар географияның сәйкесті бөлімдерімен келісілген оқу бағдарламаларының картографиялық материалдарын құрау болып саналады. Оқулық экологиялық карталар иллюстративтік материалдар болып қаралады және безендіру жағынан басқа да оқулық карталардан оншама айырмашылығы жоқ десе де болады. Кезкелген оқулық карталарға тән нәрсе олардың дәлдігі мен толықтығына қарағанда көрнектілігінің басымдылығы, былайша айтқанда табиғатты қорғау оқулық карталары мен атластарда контрасты түстерді, үлкен белгілер мен жазуларды қолдану.

Экологиялық ағартудың жаңа элементі болып жұртшылықтың көптеген топтарына бағытталған тиісті арнаулы карталар мен атластар саналады.

 

4. 2 Студент бұл тақырыптың екінші сұрағын оқу барысында биосфера, атмосфера, гидросфера және литосфераға деген антропогендік әсерлер не екенін білуі тиіс. Жалпы антропогендік әсерлер дегеніміз бұл адамның өзінің экономикалық, әскерлік, рекреациялық, мәдениеттік және басқада мүдделерін жүзеге асыру үшін жасайтын іс-әрекеттері, олар табиғи ортаға физикалық, химиялық, биологиялық және басқа да өзгерістер енгізеді.

Атмосфераға деген әсерлерден туатын үлкен ғаламдық проблемалар мыналар: «парниктік эффект», озон қабатының бұзылуы, қышқылдық жауын-шашындар және осылардың бәрі атмосфераның антропогендік ластануына тікелей байланысты.

Студент қазіргі кезде атмосфералық ауаны ластайтын салаларды білуі керек, олар: жылу энергетикасы (жылу және атом электростанциялары, өндірістік және қалалық жылу қазандары және б.), автокөлік, қара және түсті металлургия кәсіпорындары, мұнайөндіру және мұнайхимиясы және т. б.

Техносфераның қазіргі даму сатысында адамның гидросфераға деген әсері өте жоғары дәрежеде артуда, әсіресе ол сулардың химиялық және бактериалдық ластануында өте қауіпті деңгейде байқалады. Сулардың ластануы олардың құрамында әртүрлі химиялық заттар мөлшерлерінің артуы, оның ішінде сульфаттар, хлоридтер, нитраттар, улы ауыр металдар. Сонымен қатар олардың құрамында суда еріген оттігі мөлшерлерін азаюы, радиоактивті элементтердің, ауру таситын бактериялардың және басқада ластаушы затардың байқалуы.

Литосфераға деген антропогендік әсерлер топырақтардың деградациялануынан, сонымен қатар олардың тау жыныстары мен кендерге әсерінен байқалады.

Сонымен бірге қазіргі кезеңде эколгияның (экологиялық картографиялаудың) негізгі міндеті – табиғи және адамның іс-әрекетінен пайда болған (антропогенді өзгерген) жүйелердің құрылым негіздері мен қызмет етуін толық кешенді зерттеу және табиғи ресурстар динамикасын картаға түсіру.

Табиғатты пайдаланудың негізгі факторлары мыналар: климат, жер бедері, топырақ жамылғысы, беткейлер экспозициясы, гео­логия, гидрография және басқа да еліміздің физикалы-географиялық табиғи факторлары.

Жоғарыда аталған факторлардың өзгеру динамикасын бақылау үшін келесі зерттеулер жүргізіледі, олар топырақ, геоботаникалық, мелиоративтік, геологиялық. Зерттеулер нәтижелерін мүмкіншілік болған жағдайларда картаға салып көрсетеді.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 253; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.012 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты