КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесін дамытудағы өзектік мәселелер.Республикасызда білім беру реформаларын жүзеге асыру орта мектептердегі оқу жұмысының мазмұны ғана емес, оның құрлымындағы да өзгерту жүргізу қажеттілігіне әкеліп соқтырады. Оқу мерзімі 12-13 жылдық болып есептелетін, эканомикалық жағынан дамыған дамыған елдердегі білім беруді дамыту жолдарын сараптай келе, әр елдердегі білім жүйесін жетілдіруді айқындауға болады. Солардың кейбірін атап кетейік: жаңа типтегі оқу орындарының (бағдарлы мектеп, лицейлер, колледжер, гимназиялар) ашылуы. Қоғамның эканомикалық дамуының сұранысына орай орта мектептердегі оқушылар санының және тұрғындарының әлеуметтік психологиясының өзгеруі; Мектептердегі білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер; Даралап және саралап оқытудың түрлі әдістерін игеру және оны жүзеге асырудың даярлық шаралары. Білім мазмұнын жетілдіру (жаңа пәндер енгізу, жекелеген пәндерді оқытудың инвариантты түйіндерін табу, кейбір пәндерді біріктіру) Сонымен қоса, республикамызда білім беруді дамуға бағытталған арнайы келесі мәселелерді айтуға болады: оқушылардың арнайы қабілеттерін артыруға ықпал жасайтын түрлі бағыттарды зерттеу; 12- жылдық жалпы білім беретін мектептер үшін жаңа оқу жоспарларын, бағдарламаларын, білім беру стандарттарын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін жасау; сыныптарды жекелеген пәндерді тереңдетіп оқыту; оқушылар білімін тереңдету мен бағалаудың жаңа тәсілдерін іздестіру және т.б. Бұл пән болашақ мұғалімдерді оқыту және тәрбиелеудің жалпы теориясын математиканың көмегімен жүзеге асыруға үйретеді.МОӘ оқып-үйрену мазмұнына біліім, білік және дағды жүйесі, онымен қатар ұзақ жылдар бойы жинақталған математиканы оқытудың құндылықтары жатқызылады. Оларды меңгеру пән мұғалімдердің жан-жақты дамуына, кәсіби шеберлігінің шыңдалуына ықпалын тигізеді. Негізгі әдебиеттер [1-9] Қосымша әдебиеттер [1-5]
№3-4– Тақырып:Математиканы оқытудың принциптері. Жоспары Математиканы оқыту принципі туралы ұғым және оқытудың принциптер жүйесі. Оқыту принциптерін іске асыру. Математиканың оқытудың дидактикалық принциптері. Қағидалары және әдістемелік аспектілері. Математиканы оқытудың әдістері. Мектеп математика курсының мазмұны.
Математиканы оқыту принципі туралы ұғым және оқытудың принциптер жүйесі. Математиканы оқытудың ғылыми принципі. Математиканы оқытудың дамыту принципі. Математиканы оқытудың тәрбиелеу принципі. Математиканы оқытудың көрнекілік принципі. Математиканы оқытудың саналылық және белсенділік принциптері. Білімді берік,орнықты меңгеру принципі. Математиканы оқытудың жүйелілік принципі. Математиканы оқытудың түсініктілік принципі.
Мектеп тәжірибесінде, қандай сабақ болмасын, оқушылармен қарым- қатынасқа, оқу жұмысының әдістері мен құралдарын таңдауға бірдей талап қойылады. Сондықтан педагогиканың дидактика деп аталатын бөлімінде барлық сабақтарды, оның ішінде математиканы оқытқанда қойылатын талаптар-дидактикалық принциптер зерттеліп дайындалған.Мектептің алдына қойылған «белсенді, саналы, жан-жақты дамыған жастарды тәрбиелеу және оқыту» мақсаттарына сай төмендегідей дидактикалық принциптер қарастырайық. Математиканы оқытудың ғылыми принципі. Математиканы оқытудың мазмұны мен оны оқыту әдістері қазіргі жағдайдағы математика ғылымының деңгейі мен талаптарына, міндетті түрде, сай келуін қамтамасыз етеді. Сонымен «оқытудың ғылымилығы» оқушылардың санасына қазіргі уақытта ғылыми деп танылған деректер мен ұғымдарды қалыптастыру, -деп білеміз. Математиканы оқыту үрдесінде ғылыми принцип әрдайым қатысады. Мұғалім математикалық ұғымдарға дәл анықтама бергенде, оқушылардан анықтама мен теореманы ажырата білулерін талап еткенде, белгілі бір тұжырымды толық дәлелдеуге үйретуде ғылыми принциппен оқытады. Дамытып оқыту қазіргі педагогикалық үрдістің негізгі және қажетті элементі. Педагогикада дамыта оқыту тәрбиелеп оқыту дидактикалық принципіне енгізілген еді. Кәзір интеллектуалды дамыта оқытуды жеке бөліп отырмыз. Себебі математиканы оқыту үрдесінде дамыта оқыту оқушылардың ақыл –ойын, өз бетімен нәтежелі ойлауын, интеллектісін дамытады. Математиканы оқыту үрдесінде дамыта оқыту принципі оқушылардың математикаға ықыласын және оқушылардың математикалық қабілеттерін дамытуды қамтиды. 1.3Математиканы оқытудың тәрбиелеу принципіне төмендегілер жатады: оқушылардың диалектикалық –материалистік көзқарастарын қалыптастыру; оқушыларды қоғамдағы құбылыстарды дұрыс талдауға бағыттау; оқушылардың математика сабағына қызығушылықтарын арттыру; оқушылардың білімге құштарлығын ояту; оқушылардың алған білімдерін саналы меңгеруге, оны практикада қолдануға және өз бетімен толықтыруға тәрбиелеу.
|