КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
ХІ сыныптарға арналған математика программалары.Оқу программасы- әрбір пән бойынша меңгеруге тиісті білімнің, икемдіктер мен машықтардың мазмұны мен көлемін, сондай-ақ оларды оқыту жолдары бойынша тараулар мен тақырыптардың мазмұнын үйлестіретін мемлекеттік документ. Программа мазмұны жағынан да, мерзімі жағынан да орындалуға міндетті. Жалпы білім беретін мектептерге арналған математика программасы мына принциптер бойынша жасалады. а) мазмұнының ғылымилығы және оның методологиялық бағыттылығы; ә) ғылыми логикалық оқушылардың даму дәрежесіне сәйкес баяндалу жүйелілігі; б) өмірмен және ғылым мен практиканың бірлігі; в) математиканы оқытудың басқа пәндермен байланысын қамтамасыз ету. Математика ғылымының дамуы мен оның өрістеуіне сәйкес математикалық білімнің нақты мазмұны ұдайы өзгеріп тұрады. Сондықтан математика программасының өзгеруі заңды құбылыс.Осыған орай математиканы оқыту методикасы да өзгеріп, жаңарып, жаңа идеялармен байи түседі. «Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттарының талаптарына сәйкес жалпы білім беретін он бір жылдық мектепке арналған математика программасы жасалып, жарияланды»Программаның ерекшеліктері-ғылыми-техникалық прогресс дамуының негізгі бағыттары мен ғылымның, техниканың және мәдени құрлыстың бүгінгі таңдағы жетістіктердің көрініс табуы, практикалық бағыттың күшеюі. Сонымен бірге, программа мазмұнына сәйкес оқушылардың біліміне, икемдігі мен қойылатын талаптар, оларды бағалау нормалары дәйектелген, математиканы оқыту методикасы бойынша нақты ұсыныстар берілген. Оқыту мазмұнында мектеп оқытылуға міндетті материалдың көлемі мен тізімі беріледі. Оқыту мазмұны праграмадағы өзара байланысты тақырыптардың мазмұны бағыттарын біріктіру ролін атқарады.Сонымен бірге, программада пәнаралық байланыстарды орнату, оқушылардың білімдері мен іскерліктерін бағалау жөнінде нақты ұсыныстар беріліп, мұғалімдерге арналған әдебиет тізімі келтіріледі. Орта мектептерде пәндердің ғылыми негіздері Ү сыныптан бастап оқытылатыны мәлім. Ү сыныптан басталып, әр түрлі кезеңдерге бөлінеді. Ү-ҮІ сыныптарда математика пәні, ҮІІ-ІХ сыныптарында алгебра және геометрия, Х-ХІ сыныптарында алгебра және анализ бастамалары мен геометрия. Ү-ҮІ сыныптарында математика курсының мақсаты- сан ұғымын жүйелі дамыту, сандарға арифметикалық амалдарды ауызша және жазбаша орындау іскерліктерін шыңдау, практикалық есептерді математика тіліне аудару және оқушыларды алгебра мен геометрияның жүйелі курсын оқып-үйренуге даярлау. ҮІІ-ІХ сыныптарға алгебра курсында оқытудың теориялық деңгейі жоғарылап, теориялық жалпылау мен дедуктивтік қорытындылардың ролі күшейе түседі.Геометриядалогикалық дәйектілік пен көрнекілік одан әрі үйлесе түседі. Оқытылатын теориялық материялдардың практикалық мәні ұлғаяды. Курстың ішкі логикалық байланыстары кеңейіп, дедукцияның ролі жоғарлайды. Мұның өзі оқушылардың теоремаларды оқып үйренгенде және есеп шығарғанда аналитикалық-синтетикалық тәсілдерді игеруіне жол ашады. Х-ХІ сыныптарға алгебра және анализ бастамалары курсы негізінен анализ бастамаларына қатысты ұғымдардың және әдістердің мазмұнын анықтайды, олардың практикалық мәнін ашып көрсетеді. Курстың өзіне тән ерекшеліктері оқушылардың алгебрадан алған білімін жүйелеуге және одан әрі дамытуға бағытталады. Математикалық білімді тереңдету мен кеңейтуде факультативтік сабақтардың ролі айрықша. Сондықтан факультативтік сабақтар мазмұнын программалық материялдармен ұштастырыпотырукерек.Програмалық материалдарды өркендеу олардың тәриелік мүмкіндіктерін үнемі назарда ұстаған жөн. Математиканың өмірбаяны мен еңбектерін оқып үйрену интернационалдық және патриоттық тәрбие беру ісіне елеулі үлес қосады. Программада көрсетілген материалдарды оқыту, ұсыныстарды іске асыру, талаптарды бұлжытпай орындау әр мұғалімнің міндеті. Негізгі әдебиеттер [1-5] Қосымша әдебиеттер [1-4]
№5-6– Тақырып:Математиканы оқытудың ғылыми-теориялық әдістері. Жоспары Математикан оқытудың әдістері туралы ұғым. МОӘ -нің басқа ғылымдармен байланысы. Ғылыми-зерттеу әдістеріне жалпы сипаттама Жалпылау және нақтылау. Бақылау және эксперимент Салыстыру.
|