КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Математиканы оқыту методикасының басқа ғылымдармен байланысы.Математиканы оқыту методикас математика ғылымымен тығыз байланысты. Себебі, ол мектеп математикасының мазмұнын анықтауда шешуші роль атқарады. Математикалық білімнің мазмұнын кемелдендіру міндеттерінің бірі-мектеп математика ғылымының қазіргі деңгейін неғұрлым толық көрсету. Қазіргі мектеп математикасында функция, туынды, интеграл, геометриялық түрлендірулер, арифметика мен геометрияны алгебраландыру, есептеу математикасының элементтері сияқты тың тараулар орын алған.Математика ғылымы зерттеу арқылы ақиқат дүниенің кеңістіктік формалары мен сандық қатынастары, математикалық құрлімдары мен олардың модельдері жайында жаңа мәліметтер алады. Ал мектеп математикасы математика ғылымы ашқан фактілер мен заңдар негіздерін оқушыға жеткізеді. Методика ғылым негіздерінің неғұрлым маңызды элементтерін, оқып үйрену объектілерін дұрыс таңдауға, оқу материалдарын неғұрлым түсінікті және еске сақтауға оңай түрде және ұтымды сабақтастықта баяндауға көмектеседі. Бұл оқушылардың жасы мен психологиясын ескере отырып, педагокикалық ерекшеліктеріне сай қалыптастырылады. Білімнің құрылымы мен оның мектеп математикасында баяндалу түрі педагогикалық құрылым мен түр болып табылады. Математиканы оқыту методикасына пәрменді ықпал ететін ғылымдардың бірі-математика тарихы. Бұл мектеп математикасының жекелеген тарауларын оқытқанда оның даму жолы мен заңдылықтарын, математиканың бізді қоршап тұрған ортамен байланысын, әр түрлі математикалық теориялардың өмір талаптарынан шыққандығын нақты фактілермен көрсетуге мүмкіндік береді.Сондықтан сабақ үстінде және сыныптың тыс жұмыстарда математика тарихына қысқаша шолу жасау оқушылардың пәнге ынтасын арттырумен бірге, практикалық маңызын да көрсетеді. Дидактика – барлық оқу пәндері методикасының ғылыми негізін құрайды. Математиканы оқыту методикасы дидактиканың заңдары мен принциптеріне сәйкес дамиды. Математиканы оқыту әдістерінің жүйесі мен оған қойылатын талаптар оқыту әдістерінің дидактикалық сарапталуымен тығыз байланысты, математика сабақтарында дидактиканың басты-басты қағидалары жүзеге асырылады. Математиканы оқыту методикасы педагогика ғылымының бір саласы болып есептелетін жалпы және жас ерекшелік психологиясымен тығыз байланыста болады. Оқыту және тәрбиелеу процесі оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жүргізілгенде ғана пәрменді болмақ.Сондықтан балалардың психологиясының заңдылықтарын жете білу, оқыту мен тәрбиелеудің неғұрлым тиімді түрлері мен жолдарын табуға көмектеседі. Әсіресе, соңғы жылдары методиканың зерттеулер психологияның мәліметтеріне негізделіп дамуда. Математиканы оқыту методикасының дамуына Л.С.Выгодский, Н.А.Менчинская, Д.И.Богоявленский,П.П.Гальперин, Н.Ф.Талызина,Е.Н.Кабанова-Меллер, В.А.Крутецкий сияқты ірі психологтардың ілімдері мен теориялары елеулі ықпал көрсетуде. Сонымен бірге дидактика сияқты, психология да методикалық зерттеулердің жетістіктерін кәдеге жаратады. Математиканы оқыту методикасы оқыту процесін оқу мен тәрбиенің бірлігі ретінде, білім берудің түрлері мен әдістерінің біртұтас жүйесі ретінде қарастырады. Оқушылардың математикалық ұғымдары, дүниеге көзқарасы, ойлауы, іскерліктері мен машықтары бірте-бірте дамиды. Оқушылардың оқу қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес оқыту және тәрбиелеудің әдістері мен түрлері жетілдіріліп, кемеліне келтіре қолданылады. Басқа ғылымдар сияқты математика методикасы диалектика заңдары бойынша дамиды. Диалектикалық материализм оқу-тәрбие процесінің негізгі заңдылықтарын ашуға және оны ұйымдастыру формаларын тағайындауға жағдай жасайды. Диалектика заңдарын меңгеру оқу-тәрбие процесінің тұтастығы мен қайшылықтығын түсінуге, кездейсоқ методикалық қателіктерге ұрынбауға көмектеседі. Математика методикасының ғылым және пән ретінде дамуына логиканың әсері мол. Логиканың заңдары мектеп математикасы ұғымдарының жүйесін құру кезінде, оқыту құралдары жүйесін жасағанда кеңінен қолданылады.
|