Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Математиканы оқытудың көрнекілік принципі.




Көрнекілік оқушылардың жаңа материалды жақсы қабылдауына, мағынасын түсінуіне және талдап қорытуына әсер етеді.Сабақтың әр кезеңінде көрнекілік әртүрлі міндет атқарады. Заттың сыртқы көрінісінен немесе бейнесінен оның қасиеттерін зерттеп анықтауға болады және сол заттың қасиеттерінің арасындағы байланысты зерттеп жаңа ұғымды айқындауға болады.

Көрнекілік принципті жүзеге асыратын арнайы құрал –жабдықтар, көрнекіліктерге геометриялық фигуралардың модельдері, таблицалар, диафильмдер және кинофильмдер жатады. Модульдер, кестелер, сызбалар мен суреттер проекциялық тетіктердің көмегімен көрсетіледі. Көптеген көрнекіліктер өндірісте дайындалады. Көрнекілік қолданудың рецепі жоқ. Мәселен, оқушыларды геометриялық жаңа ұғыммен таныстырғанда, стериометрияның алғашқы сабақтарында оқушылардың кеңістіктегі көзқарасын қалыптастыруға геометриялық фигуралардың моделдерін пайдаланған дұрыс. Кейінгі сабақтарда нақты көрнекіліктен абстрактілі көрнекілікке көшу керек. Онда геометриялық фигураның жазықтықтағы сызбасы қарастырылады.

Лабораторлық сабаққа есеп шығаруға байланысты көпжақтар, айналу денелері, макеттер және т.б. көрнекі құралдар жасалады.

Мұғалімнің көрнекі құралдар «номенклатурасында» қолдан жасалатын көрнекіліктер көп болады. Сонымен, математиканы оқытуда төмендегідей көрнекі құралдар және техникалық құрал жабдықтар (ТҚЖ) қолданылады:

а) модельдер және макеттер;

ә) кестелер;

б) диапозитивтер (слайдтар), кодограммалар;

в) диафильмдер;

г) кинофильмдер;

д) кодоскоп т.б.

Көрнекі құралдарға әртүрлі есептейтін және өлшейтін приборлар да жатады. Соңғы кезде компьютерді пайдаланып жаңа сабақ түсіндіру және компьютердің көмегімен оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру мүмкіндіктері мол.

Математиканы оқытудың саналылық және белсенділік принциптері.

Мектептің негізгі мақсаттарының бірі саналы және белсенді тұлға қалыптастыру. Оқушыларға сабақта алған білімдерін саналы қабылдап, мағынасын түсініп, қолдана білулерін үйрету керек.

Белсенділік принципін жүзеге асыру үшін төмендегідей талаптар қойылады:

жаңа тақырыпты өткен материалмен байланыстыру;

өтіліп отырған материалдың теориялық және практикалық мағынасын айқындау және оның білім жүйесінде алатын орнын көрсету;

жаңа тақырыптың қолданбалы жерлерін көрсету;

оқушыларды олардың өмір тәжірибесіне, интуициясына байланысты оқып –үйренуге жұмылдыру;

жаңа ұғымдарды модельдер көмегімен түсіндіру, яғни «қабылдау, түсіну» - «елестету» - «ұғым» баспалдағымен жұмыс жүргізеді;

мұғалім математиканы оқыту үрдісінде оқушыларды жаңа тақырыпқа қызықтыратын ұғымды әдіс қолданып, оқушы білімді өз бетімен алатындай, өзіне жаңалық ашатындай етіп сабақ ұйымдастырады.

1.6 Білімді берік, орнықты меңгеру принципі.

Оқытудың заңдылығы және мектептің мақсаты орнықты берік білім беру, яғни алған білімді есте сақтап практикада қолдана алатындай етіп оқыту.

Оқыту үрдесінде оқушылар тек жаңа білім, білік, дағдыға ие болып қана қоймай, оларды бекітеді, нығайтады және толықтырады. Білімді берік, орнықты меңгеру принципін жүзеге асыру үшін мұғалім:

а) өтілген материалды қайталауды ұйымдастырады;

ә) оқушылардың білімі мен біліктерін мезгілінде тексеріп, кемшілігін толықтырып отырады;

б) оқушыларға берілетін есептер мен жаттығулардың жүйелілігіне көңіл аударады;

в) оқушылардың жауабы айқын және қысқа болуын дағдыландырады;

г) өз бетімен жұмыстар ұйымдастырады.

Математиканы оқытудағы жүйелілік принципі:

а) қарапайымнан күрделіге;

ә) көріністен ұғымға;

б) белгіліден белгісізге;

в) білімнен білікке, одан дағдыға көшуді білдіреді.

Мұғалім бұл принципті жүзеге асыру барысында жоғарыда келтірілген тізбектің әрқайсысы оқушылардың алған білім мен біліктерін толықтыруға әсерін тигізеді.

1.8 Математиканы оқытудың түсіністілік принципінде оқушылардың жас айырмашылығы мен ерекшеліктері ескеріледі. Өтілетін материал мазмұны мен көлемі жағынан «қол жетерліктей» түсінікті болу керек. Қолданылатын әдістер оқушыларды өз қабілеттеріне сенетіндей және оны дамытатындай болу қажет.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 316; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты