Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ж саяси дағдарыс ксроның ыдырауы.тмд құрылуы




Саяси қозғалыстар.

1990 жылы Қазақстанда «Азат» азаматтық қозғалысы қалыптасты. Оның басты мақсаты-Қазақстанның мемлекеттiк тәуелсiздiгiн, заң алдында барлық азаматтардың тең құқықтылығын, әлеуметтiк әдiлеттiлiктi, адамгершiлiк идеялын қорғау болып табылады. Одан басқа республикада «Алаш», «Желтоқсан», т.б. саяси қозғалыстар пайда болды.

Қазақстан халқы Мәскеудегі тамыз төңкерісіне түрліше көзқараста болды. «Азат», «Желтоқсан», «Қазақстанның Социал-Демократиялық партиясы» және басқа да қоғамдық саяси қозғалыстар ТЖМК-ны қабылдамай, халықты оны мойындамауға шақырды.

Қайта құру жағдайында Қазақстанның қоғамдық ұйымдарында да сапалық жаңа өзгерiстер iске асты. 1991 жылы қазанда Қазақстан комсомолының кезектен тыс XVIII съезi өттi. Онда Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының делегаттары алдағы бiрнеше айды көшпелi кезең деп жариялап, осы уақыт iшiнде жастардың жаңа қоғамдық ұйымын құру iсiн бастауды ұсынды. Бiрақ съезд делегаттары бұл ұсынысты қабылдамай, республика комсомолын Қазақстанның Жастар одағына ауыстыру жөнiнде шешiм алды. Оның алдына республика жастарының құқықтары мен мүдделерiн қорғау мiндетi қойылды.

1.КСРО-дағы экономикалық дағдарыс және Қазақстанның өз егемендiгiн жариялауы.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi 1990 жылы 25 қазанда бар әлемге Қазақстанның егемендiгiн паш еттi. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақтың Кеңес Социалистiк Республикасы Қазақстан Республикасы болып өзгертiлiп, оның тәуелсiз, демократиялық, құқықты мемлекет екендiгi жарияланды. Бұл күн республика күнi ретiнде бүкiл әлемге танылды. Қазақстан ұзақ жылдар бойы Кеңестер Одағының құрамында болып келдi. Төтенше орталықтанған әмiршiл-әкiмшiл басқару жүйесi бар бұл Одақты қайта құру, оның құрамындағы республикалардың дербестiгiн күшейту мәселесi 90-жылдарда ашық қойыла бастаған-ды.

Өйткенi Кеңестер Одағындағы қайта құру процестерi халықтар арасындағы ұлттық қатынастардың өте күрделi екендiгiн көрсеттi. 1986-1987 жылдары бұл мәселелер көп жағдайда, әсiресе, жоғары жақта «жергiлiкшiлдiктiң көрiнiсi», «ұлттық томаға-тұйықтық» деп қаралды. Тек соңғы кездерде ғана қоғамды қайта құрып, жаңартумен байланысты ұлт мәселесi басты мәселелердiң бiрi болып, оның көптеген әр түрлi ұлттық көрiнiстерi болатындығына ерекше назар аударыла бастады. Оған КСРО-ның құрамында бұрын болып келген ұлт республикаларының Одақтан бөлiнiп шығып, өздерiнiң егемендiк мемлекет болуы жөнiндегi талаптарының әсерi тидi. Мiне, осының нәтижесiнде 1988 жылдың қараша-1989 жылдың мамыр айлары аралығында Балтық жағалауындағы Эстония, Литва, Латвия республикалары өздерiнiң егемендiгi туралы алғашқы құжаттарын қабылдады. Сөйтiп, олар КСРО құрамынан шығып жеке тәуелсiз мемлекет болды.

2.ТМД елдерiнiң құрылуы.1990 жылғы желтоқсанда Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан республикаларының жетекшiлерi өзара төрт жақты шарт жасасу жөнiндегi келiсiмге қол қойып, басқа республикаларды оны қолдауға шақырып ұсыныс енгiздi.Алайда, бұл талаптар негiзiнде жаңа Одақтық шартқа қол қояр алдында, 1991 жылы 19 тамызда бұрынғы Кеңес Одағының басшылары Янаев, Павлов, Крючков, Пуго, Язов т.б. қатынасқан мемлекеттiк төңкерiстiң болуымен және орталықтың ешқандай ымыраға келмеуiмен байланысты одақтас республикалардың жетекшiлерi бұған дейiн жүргiзiлiп келген келiссөз талаптарынан бас тартуға мәжбүр болды. Украина мен Белоруссия өздерiнiң тәуелсiздiгiн жариялады. Ал Қазақстанның атынан Н.Ә.Назарбаев КСРО Жоғарғы Кеңесiнiң кезектен тыс сессиясында жаңарған Одақ ендi федерация түрiнде болуы мүмкiн емес, тек конфедеративтiк шарт негiзiнде болуы керек деп ашып айтты, яғни бұл тек тең құқықты республикалардың достық одағы болуы мүмкiн деп көрсеттi. Республикалардың бұл талабы 1991 жылғы 19 тамыздан кейiнгi оқиғаның артынша тәжiрибе жүзiнде iске асырыла бастады. Былайша айтқанда, бұрынғы бiрынғай одақтың орнына Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы қалыптасты. Олар көптеген саяси, әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi өздерi шешетiн болды. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы бойынша тек әскери, сыртқы және т.б. аса маңызды халықаралық мәселелердi ғана бiрiгiп шешу мiндетi қалды.1991 жылғы 16 желтоқсанда Республика Жоғарғы Кеңесiнiң жетiншi сессиясында парламент депутаттары «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» заң қабылдады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 150; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты