Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тәуелсіз қаз саяси құрылым конституция.93,95




.Қазақстан Республикасының мемлекеттiк заңының қабылдануы.

1993 жылғы қаңтардың 28-i Қазақстанның тарихына оның тұңғыш демократиялық Конституциясының туған күнi ретiнде ендi. Ол жаңарған республика халқына, оны мекендейтiн барша жұртқа, олардың бақытты болашағы, келiстi келешегi үшiн бағдар беретiн негiзгi құжат-азат елдiң Ата Заңы.

Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды. Оның құрамдас бөлімі – еліміздің қоғамдық даму ерекшілігін бейнелейтін өтпелі кезең жағдайларына арналған тарау.

Конституцияның 3-бөлімі мемлекет, оның органдары мен институттарының құқықтық нормаларын айқындауға арналған. 4-бөлімі Конституцияны сақтау кепілдіктеріне, Конституцияның тұрақтылығын қамтамасыз ету және оның ережелерін қорғауға арналған. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы қызметінің түбегейлі ұстанымдары:

-Қоғамдық татулық және саяси тұрақтылық;

-Халық игілігін көздейтін экономикалық даму;

-Қазақстандық патриотизм;

-Мемлекет өміріндегі аса маңызды мәселелерді демократиялық әдістермен шешу.

Қазақстан республикасының жаңа Конституциясының кiрiспесiнде былай делiнген: «Бiз, Қазақстан халқы, дүниежүзiлiк қоғамдастықтың ажырамас бөлiгi бола отырып, қазақ мемлекеттiлiгiнiң бұлжымастығын негiзге ала отырып, адам құқығы мен бостандығының басымдығын тани отырып, демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруға бекем бел байлап, азаматтық татулық пен ұлтаралық келiсiмдi, өзiмiз үшiн және өз ұрпақтарымыз үшiн лайықты өмiрдi қамтамасыз етудi қалай отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз». Ата Заңымыздың алғашқы бөлiмiнде конституциялық құрылыстың негiздерi баяндалған. Онда Қазақстан Республикасы (Қазақстан)-демократиялық, зиялы және бiртұтас мемлекет екендiгi, оның жерiнiң тұтастығы мен бөлiнбейтiндiгi және оған қол сұғуға болмайтындығы жазылған.

Реформаларды жалғастыру және тереңдету үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң басшылығмен және тiкелей қатысуымен әзiрленген елдiң жаңа Конституциясын қабылдау жөнiндегi республикалық референдумның маңызы аса зор болды.

3.Жаңа Конституция 1995 жылғы 30тамызда қабылданды Заңымызда республиканың экономикалық күш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті кепілдікті құқықтар беретін көкейкесті мәселелерді шешу ескерілді. Конституция 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Ерекшеліктері: Демократиялық Президенттік басқаруға жол ашылды; Парламент екі палаталы болды: Сенат және Мәжіліс. Депутаттар саны 177-ден 114-ке қысқартылды; Жалпы және төрелік соттар жүйелері біріктірілді. Судьялардың әділетті үкім шығаруға құқықтық кепілдіктерін нығайтқан мәртебесі заңды түрде белгіленді. Олардың қызметіне араласуға жол берілмейді, тек Конституция мен заңға бағынады.

Билік тармақтарына, мемлекеттік лауазым иелеріне конституциялық құқықтарды бұзуға жол берілмейді. Қазақстан мемлекеті ұлтына қарамастан барлық азаматтардың мүддесін қорғайды. Республикада қос азаматтыққа жол берілмейді.

Мемлекет құру iсi-үздiксiз процесс, ол мемлекет қанша өмiр сүрсе, сонша уақыт жүргiзiле бермек. Әлбетте өмiрдiң өзi оған өзгерiстер енгiзудi, соның iшiнде конституциялық өзгерiстер енгiзудi талап етуi ықтимал. Бiрақ бiр мәселенiң басы ашық, Қазақстан Республикасының Конституциясы өзi өмiр сүрген жылдардың iшiнде өзiнiң өмiршеңдiгi мен тиiмдiлiгiн дәлелдедi, оның басты қағидалары бүгiн де көкейкестi қалпында қалып отыр. «Қазақстан 2030» стратегиясында атап көрсетiлген: «Аса ауыр жағдайларда жинақталған мемлекеттiк құру, саяси және оның дамуы туралы бiлiм-бiлiгiмiз», қазақстандықтардың төзiмдiлiгi мен түсiнушiлiгi бiзге қосымша күш-қуат пен сенiмдiлiк үстейдi.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 107; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты