Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Бөлшек сауда кәсіпорындарының классификациясы және олардың экономикадағы маңызы




Бөлшектік сауда — халықтың әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыратын тауарларды сату, олар бөлшектік сауда жасаушы мекемелер жүйесінен өтеді де, көбінесе барлық қоғамдық өндірістің әсерлілігін анықтайды, Өндіріс пен тұтынуды тікелей байланыстырады, Өмірлік тәжірибеде айырбас жасап, сол арқылы тұтыну мен өндірудің арасын қайта байланыстырады, бұл іс маркетинг негізіңде орындалады.

Бөлшектік сауда — тауарды өндірушіден тұтынушыга әкеліп тіркейтін тарамыс тізбек. Ол - саудада тауар сату мен тұтынушыға тікелей қызмет көрсету-дегі соңғы буын.

Бөлшектік сауданың міндетті қызметін дүкендер, тағы да басқадай саудалық мекемелер атқарады, сонымен қатар қоғамдық тағам мен қолайлы жағдай тудырушы кәсіпорындар да істің бел ортасында жүреді.

Бөлшектік сауда міндеті мен жұмыс шарттары соңғы нүктедегі тұтынушымен қарым-қатынас орнатумен анықталады.

Бөлшектік саудада негізгі салынған бірлестіктер аумақтық та, аумақаралық та (мысалы, қалалық әмбебаптар бірлестігі, республикалық әмбебап дүкендер бірлестіктері) бола береді. Кез келген жағдайда, бірлестіктер оған енетін кәсіпорындардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

Сауда үйі - жеке дара коммерциялық ұйым, өндіріске арналған және халық тұтынатын тауарлардың еркін бағалануы бойынша толайым және бөлшектік саудаларды жүзеге асырады.

Өзіне өзі қызмет көрсетудің бөлшектік кәсіпорындары. Бұндай кәсіпорындардың басты жетістіктері — тауарларының көптігі мен оған сатушының жеңіл қолжеткізуі. Сауданың бұл нысаны өз бетінше ізденушілер үшін аса тартымды, ол салыстыра да, тыңдай да алады. Өзіне өзі қызмет керсететін дүкендерде тауар-таңдау толығымен еркін жүргізіледі, сатып алушы тауарына ақшаны касса арқылы төлейді немесе сатушы бұл процестерге ара-тұра кейде толық қатысады.

Дүкеншілер кеңесшілер ролін атқаратын дүкендерде сатып алушыларға тауардың ерекшеліктері мен қасиеттері туралы қосымша хабарлама береді, таңдап алуына қызмет кҡрсетеді, кәсіпорындарда да дүкенші бұған не шектеулі, не толық қатыса алады.

Біріншісінде - дүкенші тауар іздеуге бірге араласады, кеңес береді, екіншісінде - дүкенші міндетіне дүкеншінің барлық сатыда көмекке дайын екендігін танытуы оның міндетіне кіреді.

Тек ескеретін нәрсе -- дүкеншіні тауарды сатуға тарту және олардың қосымша қызмет көрсетуі қосымшы шығынды ұлғайтады, ал ол бағаға әсер етеді. Дәстүрлі дүкендер немесе жайма үстел арқылы сауда жүргізу. Бұл дүкендердің айырмашылықтарына сатушы мен сатып алушының арасында тікелей түйісудің болуы жатады. Сатушының қызметіне сатып алушыға қызмет көрсету женіндегі барлық кешенді әрекеттер енеді, оған - қажет тауарды көрсетуден, түсіндіруден бастап есеп айырысу мен сатып алынған тауарды қолға ұстатуға дейінгі қызметтер түгел қосылады. Дүкеннің тартымдылығы үш түрлі элементке негізделеді және олардың өзара үйлесімі сатушының тек осы дүкенге кіруіне ынтасын тудыруы тиіс: дүкеннің кешенділігі; сол атағын сақтайтын жарнамасы, терезелік көрінісі мен тауарлық есеп.

Күнделікті сұраныстағы азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарды дәстүрлі тәсілмен және зергерлік бұйымдарды сатады.

Төмендетілген бағамен сататын дүкендер. Баға факторының ерекше мәні тауарды ақшаға айналдыру барысында сауданың әлемдік тәжірибесін бөлшектік сатушы дүкендердің әр түрлі нысандарын дүкенге әкелуіне, бұнда қосымша шығындардың үнемделуі тауар бағасының төмендеуіне пайдалынады, ол тұтынушыларға ұсынылады. Төмендетілген бағамен сататын дүкендерде тауарлар байырғы құнынан арзанға сатылады. Бұл түрдегі дүкен өз қызметін, әдетте, ірі партиялы тауарды арқандата сатып алуға, атап айтқанда, коммерциялық жағынан өнімділігі табыс әкеле бермейтін, сәнділеу заттармен шеттетілгендерін саудаға салуға икемдейді.

Дүкен - қойма. Бұндай түрдегі дүкендер сауданы байырғы тауарлармен жүзеге асырады, бірақ бағалары төмен болып келеді. Бұндағы бағаның тө-мендетілуі қосымша шығандардың үнемделуі негізінен құралады, атап айтқанда, тиеу-түсіру жұмыстарына байланысты, тауарды есептеу мен қосымша қызметтер азайтылады және сатушылар бұл істерге араласпайды Дүкен - қоймалар көбіне ірі қалалардың шетіне орналастырады, ал онда қойманы жалға алуға төленетін ақы орталықтагыдан әлдеқайда төмен. Осыдан барып, шығындары азайған дүкендер тауарларын ақшаға айналдыруларын төменгі бағамен жүргізеді.

Үлгілері бойынша саудалау. Саудалаудың бұл нысаны тауарлар үлгілерін есептеуде сатып алушылардың керек заттарын өз беттерімен (немесе сатушы көмегімен) таңдап алуларын көздейді. Бұның қолайлығы сол, аумағы шағын ғана сауда залына тауарлардың түр-түрлерінің үлгілері көптеп қойылады.

Алдын ала берілген тапсырыс бойынша саудалау. Сауданың бұл нысанында тауарларға тапсырыс дүкенде де, жұмыс орындарында да немесе сатып алушының үйіне келіп те қабылдана береді. Есептесу пошталық аудармамен күні бұрын да және тауарды алған кезде қолма-қол ақша немесе чекпен төлеу арқылы да жүзеге асырыла алады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 264; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты