Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Бөлшек сауда кәсіпорындарының түрлері және олардың экономикадағы маңызы




Сауда тауарлар оралымының маңызды түрлерінің бірі ретінде тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасында, тауарлық ұсыныстар мен сатып алушылар сұраныстарының арасындағы делдалдық қызмет көрсетеді және ішкі базардағы халық тұтынатын тауралар оралымының барлық сатыларын қамтиды. Сауда жүйесін ұйымдастыру түрлеріне сәйкес халық тұтынатын тауарлар саудасы:көтерме сауда және бөлшек сауда болып бөлінеді. Бөлшек сауда – халыққа жеке тұтыну және үйге пайдалану немесе кәдеге жарату үшін жаңа және бұрын пайдаланылған тауарларды қайта сату (өңдемей сату). Бөлшек сауда тауар айналымы түпкілікті тұтыну немесе үй шаруашылығында пайдалану үшін халыққа сатылған тұтыну тауарларының көлемін көрсетеді. Оның көлеміне қызметінің негізгі және негізгі емес түрлері “Бөлшек сауда“ болатын кәсіпорындар - заңды тұлғалар бойынша, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға сатылған тауарлар көлемінің деректері қосылады. Бөлшек сауда – түпкі тұтынушының жеке қолдануы үшін тауарды сату мен қызмет көрсету жөніндегі іс-әрекет. Бөлшек сауда өнімді тұтынушыға жеткізу процесін аяқтайды. Бұл сауда арнайы сауда орындарының болуын қажет етеді. Бірақ дүкендердің болуы бөлшек сауда үшін міндетті түрдегі шарт емес, өйткені тауарды пошта, телефон, интернет және тағы басқалары арқылы да өткізуге болады.

Бөлшек сауданың қызметтері оның мақсаттарымен анықталады:

1. Тауарды сатып алу мен оның ассортиментін қалып­тастыру;

2. Тұтынушылардың сұранысын, талғамын, қалауын зерттеу;

3. Өндірушіні оның өніміне деген сұраныс барысы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;

4. Тұтынушыларға тауардың сапасы мен ерекшеліктері туралы ақпарат беру;

5. Қызмет көрсету. Кәсіптік түрде қызмет көрсету және жеке кеңес беру тұтынушыныњ тауар сатып алу туралы шешім қабылдауына әсер етеді. Техникалық заттарды сатудағы және оны сатып алғаннан кейінгі қызмет көрсетудің маңызы жоғарылауда.

Бөлшек сауда түрлері меншік нысандары бойынша - мемлекеттік және жеке меншік; ұйымдық құрылымы бойынша - негізгі компания, оның филиалдары, еншілес кәсіпорын­дар; тұтынушының сатушымен байланысу әдісі бойынша - толық қызмет көрсететін дүкен, шектелген қызмет көрсететін дүкен, өзіне-өзі қызмет ететін дүкен; сауда орнының көлемі бойынша - ірі, орташа, кіші көлемді дүкендер; ассортимент құрылымы бойынша - арнаулы және әмбебап дүкен, баға саясаты бойынша (арзан, орташа бағалы, қымбат бағалы) деп бөлінеді.

Жеке меншікке байланысты бөлшектік сауда мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Корпарациялық жүйе – екі не оданда көп бөлшек саудагерлердің иесі бір компания болғандықтан, сатып алулар орталықтандырылған түрде жүргізіледі. Корпорациялық жүйелер көбнесе әмбебап және арнаулы дүкендерді (азық-түлік, киім-кешек дүкендері, дәріханалр) қамтиды. Тауар айналысы үлкен болғандықтан, олар тауарларды ірі көлемде және едәуір арзан бағаға сатып алады.
2. Ерікті жүйелер – әйгілі сауда маркасымен сауда жасайтын бөлшек дүкендер одағ. Сатып алу көлемін және сату көлемін ұлғайту мақсатында құрылады.
3. Тұтынушылар кооперативтері. Тұтынушылар иелігіндегі дүкен кооператив мүшелерінің қаражаттарына құрылады. Басшылардың өздері таңдайды, саясатын белгілейді. Мұндай дүкендерде арзан баға белгіленуі мүмкін, кооператив мүшелері сату көлеміне байланысты өз пайыздарын алады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 310; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты