КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Алғы сөзБанк ісі” атты оқулық “Банк ісі” пәнінің жұмыс бағдарламасы (syllabus) негізінде дайындалған мемлекеттік тілде жазылып отырған кәсіби пән болып табылады. Оқулық автордың қазіргі Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің “Банк ісі кафедрасында, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің “Қаржы” кафедрасында доцент, Қ.И. Сатбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық универсиетінің «Қаржы және маркетинг» кафедра меңгерушісі қызметінде жүріп жинақтаған, бірнеше жылдық дәрістік материалдары негізінде дайындалған. Оқулықтың өзіндік ерекшелігі банктердің қызметін ұйымдастыру, реттеу және бағалау және өтімділігін басқару, олардың нарықтық экономикаға өтудегі рөлі мен қызметтері жайлы нақты Қазақстан Республикасының тәжірибесіне сүйене отырып жазылғандығымен сипатталады. Оқулық коммерциялық банктердің операцияларын тек теориялық бағытта қарастырып қоймай, сондай-ақ олардың тәжірибелік жақтарын да қамтиды. Оқулықтың құрылымы: 4 бөлімнен, 16 тарау және бірнеше тақырыптардан, сондай-ақ әр тақырыптан кейін бақылау сұрақтарынан тұрады. Бірінші тарауда банктердің пайда болуы және даму тарихы, Қазақстанға банк капиталының енуі, ҚР-ғы банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы, сондай-ақ КСРО және ҚР-ғы банктік реформалар туралы мәселелер қарастырылған. Екінші тарауда Қазақстан Ресупбликасының орталық банкі - Қазақстан Ұлттық банкісінің ұйымдастырылу және функционалдық құрылымы, міндеті, классикалық қызметтері мен операциялары, эмиссиялау қызметі, ақша-несие саясатын жүргізу құралдары, алтын-валюта резервін басқаруы, сондай-ақ инфляциялық таргеттеу қағидаттарына өту ерекшеліктері және трансмиссиялық механизм туралы сұрақтар қамтылған. Үшінші тарауда ҚР-ғы банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру, банк қызметін пруденциалдық реттеу, банктік топтардың қызметін жиынтық қадағалау және банк қызметін рейтингтік бағалау және CAMEL жүйесі қарастырылған. Төртінші тарауда банктердің ресурстарының қалыптасу көздері мен құрылымдары: меншікті капитал, депозиттік және депозиттік емес ресурстар қарастырылған. Бесінші тарау коммерциялық банктердің активтері, олардың құрылымдары мен сапасы, сол сияқты кейбір активтердің жіктелімі жайлы мәселелерді қамтиды. Алтыншы тарауда банктің есеп айырысу-кассалық операциялары, оның ішінде: банктік шоттар ашу есеп айырысу формалары мен құралдарына, сондай-ақ банкаралық есеп айырысуға қатысты мәселелер қамтылған. Жетінші тарауда төлем жүйесінің ұғымы, құрылымы, ҚР төлем жүйесінің қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері, СВФИТ жүйесінің қызметі туралы сұрақтар қарастырылған. Сегізінші тарауда несиелік саясат және несиелік механизм, несиелеу механизмі және банктердегі несие беру процестері, олардың өзара байланысы және құрылымдық элементтері жүйелі түрде қарастыралады. Тоғызыншы тарауда корпоративтік несиелеу түрлері, ерекшеліктері, шарттары, қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау мәселелері, сондай-ақ жобалық несиелеу ерекшеліктері, инвестициялық жобаның тиімділігін талдау тәжірибиелері қарастырылған. Мұнда қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау критерийлері, заңды және жеке тұлғалардың несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштер жүйесі беріледі. Оныншы тарауда, жеке тұлғаларды несиелеу түрлері, ерекшеліктері, тұтынушылық несиелеу және ипотекалық несиелеу тәжірибиелеріне банк материалдарында нақты мысалдар келтірілген.
|