Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Азақстан Ұлттық банкісінің міндеті, қызметтері мен операциялары




2004 жылдан бастап, «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, ҚҰБ-нің негізгі міндеті - баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

2004 жылға дейін, оның негізгі міндеті ретінде ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрықтылығын қамтамасыз ету болғандығын еске сала кеткен дұрыс. Осы жерде, неліктен ҚР Ұлттық банкінің жаңаша негізгі міндетін осылай белгілеу қажет болды деген сауал тууы мүмкін. Осы сауалға екі жақты жауап берген дұрыс. Біріншіден өткен міндеті ретінде белгіленген ұғымдардың мәнін түсінейік, яғни ұлттық валютаның ішкі тұрақтылығы бұл ішкі бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуді сипаттаса, ал сыртқы тұрақтылығы - бұл ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді білдіреді.

1999 жылдың сәуір айынан бастап, еркін өзгермелі бағам режиміне көшкендігіміз баршамызға белгілі және оның басты шарты - ҚР Ұлттық банкінің ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты бағамын белгілеуге араласпауын немесе ішкі валюта нарығында валюталық интервенциялауды жүргізбеуін көздейді. Сонымен қатар, ақша-несие саясатының бағыттарында 2003 жылдан бастап, 2007 жылдарға дейін үш кезеңде валюталық режимді ырықтандыру шараларының қарастырылуы соңғы міндеттің қажетсіздігін көрсетеді. Ендеше бұл жерде шетел валютасына қатысты ұлттық валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету міндеті өздігінен түсіп қалатыны сөзсіз, сөйтіп тек қана ішкі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету ҚР Ұлттық банкінің негізгі міндеті ретінде аталған заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ретінде нақтыланды.

Екіншіден, ішкі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету міндетінің қажеттігі ҚР Ұлттық банкінің ақша несие саясатын жүргізуде 2002 жылдан бастап Еуроодақ стандартына және инфляцияны таргеттеу принципіне өту туралы шешім қабылдауынан туындап отыр. Инфляциялық таргеттеу принциптерін пайдаланытын көптеген елдер инфляция жөнінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу жауапкершілігін күшейту жағдайларында инфляция бойынша бағдар ретіндегі тұтыну бағаларының индексіне сүйенбейтін болады. Оның орнына инфляциялық үрдістердің негізгі бағыттарын көрсететін баға индекстерін қарастырады және монетарлық емес тұрғыдағы (“базалық инфляция” индекстері) түрлі дәрежедегі күйзелістердің ықпалын жояды.

2003 жылы аталған заңға енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулардың нәтижесінде 2004 жылдан бастап ҚР Ұлттық банкінің атқаратын қызметтері қатарында бірқатар өзерістер пайда болды. Бұл жерде ҚР Ұлттық банкке дамыған елдердің орталық банктері сияқты тек классикалық қызметтерді атқару жүктеліп отыр.

Соған сәйкес, барлық қадағалау қызметтері (банктік, сақтандыру, бағалы қағаздар нарығын қадағалау) 2004 жылы 1 қаңтардан өзінің қызметін бастаған Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігіне берілді.

Бүгінгі күні Ұлттық банк мынадай классикалық қызметтерді атқарады:

· ақшаны эмиссиялау, яғни айналысқа қажетті мөлшерде банкоталар мен монеталарды шығару;

· мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;

· несие беру;

· депозит қабылдау;

· төлем жүйесін ұйымдастыру;

· валюталық реттеу және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

· төлем балансын құрастыру.

Сонымен қатар, Ұлттық банкке жоғарыда аталған қызметтерге қоса төмендегідей өзге қызметтерді атқару жүктеледі:

· Қаржы нарығының барлық қатысушыларының қызметін реттеу және қадағалау, соның ішінде:

- Банктер;

- Сақтандыру ұйымдары;

- Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары;

- Жинақтаушы зейнетақы қорлары.

· Қаржы нарығының барлық қатысушыларына арналған бухгалтерлік есеп стандартын бекіту.

Ұлттық банктің негізгі міндеті мен қызметтерін осылайша түйіндеу инфляция бойынша мақсаты көрсетіштер үшін Ұлттық банктің жауапкершілігін күшейтеді.

ЖалпыҰлттық банк мынадай операцияларды жүргізеді:

· бірінші кластық эмитенттермен шығарылатын алты айлық өтелу мерзімі бар міндеттемелерді қайта есепке алады;

· мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

· депозиттік сертификаттармен қайтару мерзімі бір жылға жататын борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады.

· депозиттік және есеп айырысу операцияларын жүргізе отырып, бағалы қағаздарды, басқа да құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;

· қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;

· қажет кезінде банктерде және қаржы ұйымдарында шоттар ашады;

· чектерді жазып вексельдерді береді;

· жарғыға қайшы келмейтін өз міндеттемелеріне сай келетін басқа да банктік операцияларды жүзеге асырады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 85; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты