КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Б-нің алтын-валюта резервін басқару қызметіАлтын-валюта резерві ұлттық валюта теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін құрылады және пайдаланылады. Алтын-валюта резервтері (АВР) құрамы мыналардан тұрады: · құйма алтыннан; · Ұлттық банктің шоттарындағы банкнота және монета түріндегі шетел валютасындағы қаражат қалдықтарынан; · валюталық құндылықтардан; · шетел валютасындағы жәй және аудармалы вексельдерден; · шетел үкіметінің немесе халықаралық қаржы ұйымдарының шығарған бағалы қағаздарынан; · басқа да сыртқы активтерден. · Алтын-валюта резервін ұлғайту және құрылымын өзгерту келесідей жолдармен жүзеге асырылады: · монетарлық алтынды сатып алу; · резиденттер мен резидент еместерден, ҚР Үкіметінен теңгеге шетел валютасын сатып алу; · депозиттік, салым, шетел валюталарымен дилингтік операциялардан түсетін комиссиондық және басқа да сыйақы (мүдде) түріндегі түсімдер; · Ұлттық банктің монетерлық алтын, күміс, платина және платина тобындағы басқа да металлдармен жасалатын операцияларды жүргізуден түсетін валютадағы түсімдер; · Ұлттық банктің кеңес беру, ақпаратық - баспа және басқа да қызметтерінен түсетін шетел валюталарындағы түсімдер. Алтын валюта резервінің азаюы немесе жұмсалуы мынадай жолдармен іске асырылады: · ақша-несие саясатын жүргізу мақсатында ішкі валюталық нарықта валютаны сату; · өнімдердің (қызметтердің, жұмыстардың) импортына төлеу үшін тенгені шетел валютасына конвертация жасау, оған қоса шетелде дипломаттық және басқа да өкіліттіліктерді ұстауға және іссапар шығыстарына, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің және ҚР Ұлттық банктің сметасы есебінен сыртқы қарыздарға қызмет көрсету үшін; · басқа да шетел валютасын сатып алу үшін шетел валютасын сату; · Ұлттық банктің алған несиелері бойынша негізгі соманы және сыйақыны қайтару; · құрылған провизиялар есебінен (резервтер) зиянды алтын валюта активтерін шегеру. Ұлттық Банктің жалпы алтынвалюта активтерінің 2008 жылғы 1 қаңтардағы жалпы көлемі 17 392,5 млн. долл болды, бұл 2007 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 1 734,6 млн. долларға аз. Жалпы алтынвалюта активтері көлемінің өзгеруіне еркін айырбасталатын валютадағы активтердің 2 210,9 млн. долларға азаюы жəне монетарлық алтынның 476,3 млн. долларға ұлғаюы ықпал етті (2-кесте). 2-кесте Қазақстан Ұлттық Банкінің жиынтық алтын-валюта резервтерінің құрылымы*
*Көзі: Сандық мәлеметтер ҚҰБ-нің 2005 жылғы есебінен алынған
Қазақстанның валюта нарығы еркін айырбасталатын валютаға сұраныстың оның ұсынысынан артып кету ықпалында болды. Мəселен, Ұлттық Банктің Қазақстан қор биржасындағы нетто-сатуы 6 025,7 млн. долл. болды. Биржадан тыс нарықта нетто-сату 221,0 млн. долл. болды. Өткен кезеңде Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктерге Ұлттық Банктегі міндетті резервтеу шоттарына 2 330,8 млн. долл. сомаға қаражат аударды. Сонымен бірге Ұлттық Банк 2007 жылы жалпы сомасы 600,4 млн. долл. сыртқы борыш бойынша Қаржы министрлігінің төлемдерін жүзеге асырды. Алтынның əлемдік бағасы 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 троя унция үшін 639,75 АҚШ долларынан 2008 жылғы 2 қаңтарға 846,75 АҚШ доллары деңгейіне немесе 32,4% өсті. Ұлттық Банк сыртқы нарықта 775,4 троя унция мөлшерде алтынды нетто-сатып алуды жүзеге асырды. Алтынвалюта активтерін басқару. Əлемдік қаржы нарықтарында қалыптасқан ахуалға байланысты алтынвалюта активтерін мемлекеттік бағалы қағаздар сияқты барынша сақталған активтер жағына қайта құрылымдау жүргізілді. Тұтастай алғанда портфельдердің кредиттік сапасы жақсарды. Алтынвалюта активтерін басқару процесін жетілдіру мақсатында Ұлттық Банктің Инвестициялық комитеті құрылды жəне жұмыс істеуде. Есепті кезеңде Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерін сыртқы басқарушылардың біреуімен инвестициялық басқару бойынша келісім бұзылды. Ауқымды қаржы нарықтарындағы күрт өзгерістерге тез назар аудару мүмкіндігін жасау мақсатында Ұлттық Банк Басқармасының 2007 жылғы 30 қарашадағы №139 қаулысымен бекітілген Алтынвалюта активтерін басқару бойынша инвестициялық стратегияға тиісті өзгерістер енгізілді. Туынды қаржы құралдарымен операцияларды жетілдіру жəне құралдар тізімін кеңейту мақсатында Ұлттық Банк Басқармасының «Ұлттық Банк Басқармасының «Ұлттық Банктің туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы 13 сəуірдегі № 133 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 30 наурыздағы №33 қаулысы қабылданды. Алтынвалюта активтерінің инвестициялық портфелі. Алтынвалюта активтерінің инвестициялық портфелінің нарықтық құны 2007 жылдың басында 8 933,0 млн. долл., ал 2007 жылдың аяғында – 5 799,3 млн. долл. болды Валюта қоржынында көрсетілген 2007 жылғы инвестициялық портфельдің кірістілігі 6,04% болды. Эталондық портфельдің кірістілігі 5,72% болған кезде үстеме кірістілік 32 б.т. болды. АҚШ долларымен көрсетілген 2007 жылғы инвестициялық портфельдің кірістілігі 10,95% болды. Эталондық портфельдің кірістілігі 10,61% болған кезде үстеме кірістілік 34 б.т. болды Сыртқы басқарудағы долларлық қосалқы портфельдердің үстеме кірістілігі 2007 жылы комиссиялық сыйақыны есептемегенде, 1 Басқарушының басқаруындағы қосалқы портфель бойынша (-)224 б.т., 2 Басқарушының басқаруындағы қосалқы портфель бойынша, тиісінше (- ) 234 б.т. жəне (-)206 б.т. комиссиялық сыйақыны қоса алғанда, (-)200 б.т. болды (3-кесте). 3-кесте АВР портфелінің басқарушылары бойынша 2005 жылғы үстеме кірістіліктің салыстырмалы кестесі[1] (кірістілік әрбір қосалқы портфельдің меншікті валютасымен есептелген). млн. АҚШ доллары
* Келісім 28.09.2007 ж бұзылды. Көзі: Сандық мәлеметтер ҚҰБ-нің 2007 жылғы есебінен алынған
2007 жылдың аяғында басқарушылар инвестициялық портфельдің активтерін мынадай құрал бойынша бөлді: ақша жəне олардың баламалары - 4,91%, мемлекеттік бағалы қағаздар – 78,98%, агенттік бағалы қағаздар – 9,08%, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары – 4,93%, корпоративтік бағалы қағаздар – 2,10%. 2007 жылдың аяғында басқарушылар инвестициялық портфельдің активтерін қисық кірістілікке мынадай бөлуді белгіледі: бір жылға дейін – 36,40%, бір жылдан 2 жылға дейін – 3,10%, 2 жылдан 3 жылға дейін – 24,30%, 3 жылдан 4 жылға дейін – 22,50%, 4 жылдан 5 жылға дейін – 0,00% жəне 5 жылдан астам – 13,80%. Алтынвалюта активтерінің абсолюттік кірістілік портфелі. Абсолюттік кірістілік портфелінің нарықтық құны жылдың басында 49,9 млн. долл., ал 2007 жылдың аяғында – 370,5 млн. долл. болды. Инвестициялық портфельден 300 млн. долл. сома аудару абсолюттік кірістілік портфелінің нарықтық құнының өзгеруіне ықпал етті. Абсолюттік кірістілік портфелінің кірістілігі 2007 жылы 6,26% болды. Бұл ретте эталондық кірістілік 5,44% болған кезде үстеме кірістілік 82 б.т. болды. Алтынвалюта активтерінің өтімділік портфелі. Өтімділік портфелінің нарықтық құны 2007 жылдың басында 8 753,1 млн. долл., 2007 жылдың аяғында 9 409,3 млн. долл. болды. Өтімділік портфелі ақша-кредит саясатын жүргізуге арналған жəне барлық ағындар мен түрлі төлемдер ол арқылы жүзеге асырылады. Бұл портфель алтынвалюта активтері портфельдерінің кірістілігін бағалауға қосылмайды жəне эталондық портфелі жоқ. Алтынвалюта активтерінің алтын портфелі. 2007 жылдың басындағы алтын портфелінің нарықтық құны 1 371,7 млн. долл., ал 2007 жылдың аяғында 1 812,2 млн. долл. болды.
|