КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Азақстан Ұлттық банкісінің ұйымдастырылу және функционалдық құрылымы
Қазақстан Ұлттық банкі (ҚҰБ) еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде мемлекеттің ақша-несие және валюта саясатының басты бағыттарын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, яғни мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізу және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік ету. Қазақстан Ұлттық банкі – бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке түрлендірілген «банктердің банкі» болып табылады. Іс-жүзінде Қазақстан Ұлттық банкісінде барлық кассалық резевтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Қазақстан Ұлттық банкі мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды ҚҰБ мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда ҚҰБ-нен несие ала алады. Қазақстан Ұлттық банкі – бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алтын-валюта резервтерден, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын мүліктерге ие заңды тұлға. ҚҰБ өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып табылады, ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылық қордың мөлшері - 20 млрд. теңгені құрайды. Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан, құрал-жабдықтардан, көліктік құралдар мен басқа бағалылықтардан, ал айналым қорлары банкке тиселі болып табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан тұрады. ҚҰБ резервтік және басқа да қорларды құрайды. Оның резервтік қоры жарғылық қор көлемінде құрылып, меншікті пайда есебімен толықтырылады және жүргізген операцияларға байланысты зияндар мен шығындардың орнын жабуға жұмсалады. ҚҰБ-нің қаржылық жылдағы таза табысы сол қаржылық жылға қатысты, нақты табыстар мен шығыстар арасындағы айналысқа шығарылған, оған қоса активтердің амортизациясын, оның ішінде банкнот пен монеталарды қоса алғандағы шығыстардың айырмасы негізінде анықталады. ҚҰБ-нің таза табысы жарғылық қорды және резервтік қорды абсолюттік сомада құрауға бағытталады. Таза табыстың қалған бөлігі келесі қаржы жылындағы республикалық бюджетке аударылады. ҚҰБ және оның мекемелері ҚР салық кодексіне сәйкес барлық салықтар мен алымдар төлеуден босатылған. ҚҰБ-нің несиелік ресурстары төмендегідей көздерден құралады: · меншікті қаражат есебінен; · басқа банктерден тартылған және ҚҰБ-де шартты негізде орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен; · ҚР төңірегінде тартылған қаражаттардан; · арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттар есебінен. ҚҰБ-нің басқару құрылымы. Қазақстанның Ұлттық банкі - тігінен басқарылатын жүйедегі біртұтас орталықтандырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық банктің басқару органына: Басқарма және директорлар Кеңесі (Директорат) жатады. ҚҰБ-нің жоғары басқару органы Басқарма болып табылады және басқармаға мынадай негізгі қызметтер жүктеледі: · мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау; · банк қызметтіне қатысы бар ҚҰБ-нің нормативтік құқықтық актілерін бекіту; · Ұлттық банктің банктермен операциялары бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу; · банктердің ашылуына рұқсат беру және оларды қайтарып алу туралы шешім қабылдау; · жекелеген банктік операциялар түрлерін жүргізуге лицензиялар беру туралы шешім қабылдау; · банктер үшін резервтік талаптар нормасын бекіту; · алтын валюта активтерін басқарудың негізгі қағидаларын анықтау; · ҚР валютасының айырбас бағамын анықтау тәртібін бекіту; · ҚҰБ жұмыс туралы жылдық есепті қарау, қабылдау және Президенттің бекітуіне беру; · ҚҰБ-нің жылдық балансын және табыс мен зияны туралы есебін қарау және бекіту; · ҚҰБ туралы нұсқауды, оның жарғылық капиталы мен резервтік қордың қалыптасу тәртібі, негізгі құралдарды және өзге де мүліктерді пайдалану, ақылы қызмет көрсету, ҚҰБ-нің құрылымы және бюджеті, департамент директорларын, филиалдардың, өкілеттіліктердің және ұйымдардың жетекшілерін тағайындау туралы нормативтік құқықтық актілерді бекіту; · банктер үшін пруденциалдық нормативтер мен басқа да міндетті нормаларды және шектерді бекіту; · еңбек жағдайын, оған ақы төлеу жүйесі мен мөлшерін анықтау және бекіту; · ҚҰБ-нің халықаралық және басқа да ұйымдарға қатысуы туралы шешім қабылдау; · Директорлар Кеңесінің (Директораттың) құрамын бекіту; · бухгалтерлік есептің қазақстандық стандартын ескере отырып, ҚҰБ-не арналған бухгалтерлік есептің саясатын және әдістерін анықтау. Ұлттық банктің Басқармасы тоғыз адамнан тұрады. Ұлттық банктің Басқармасының құрамына: - ҚҰБ төрағасы және бес лауазымды тұлғалары, - ҚР Президентінен бір өкіл; - ҚР Үкіметінен екі өкіл кіреді. Қазақстан Ұлттық банкісінің оперативтік басқару органы - директорлар кеңесі болып табылады. Директорлар кеңесі құрамына Ұлттық банк төрағасы, оның орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері кіреді. «ҚР Ұлттық банк туралы» ҚР заңына сәйкес Қазақстан Ұлттық банкісі ҚР Президентіне есеп береді. Есеп беру мыналарды білдіреді: · Парламенттің келісімімен ҚР Президенті ҚҰБ-нің төрғасын 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады; · ҚҰБ төрағасының орынбасарларын да ҚҰБ төрағасының ұсынуымен ҚР Президенті 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады. · ҚҰБ-нің жылдық есебін ҚР Президенті бекітеді; · Ұлттық валютаның - теңгенің айшығының тұжырымын ҚР Президенті бекітеді; · ҚҰБ-нің ҚР Президентіннің сұрауы бойынша өзінің қызметіне байланысты ақпараттарды беріп отыруы. Қазақстан Ұлттық банкі өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлердегі облыстық басқармасы және Алматы қалалық бас филиалы арқылы атқарады. Бұл филиал Ұлттық банк атынан жұмыс істейді. ҚҰБ филиалдары мен өкілеттіліктері өз қызметтерін ҚҰБ бекіткен құзіреттері шегінде ғана жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық банкінің функциональдық құрылымына департаменттер мен басқа да бөлімшелерден тұратын орталық аппараты, филиалдары, өкілетіліктері мен ұйымдары кіреді (1-сурет).
1-сурет. ҚР Ұлттық банкісінің және АҚ-ның 2007 жылғы ұйымдастырылу құрылымы 2007 жылы Үкіметтің жəне Ұлттық Банктің қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасының Үкіметі жəне Ұлттық Банкі жанындағы Ұлттық талдамалық орталық» АҚ құрылды. Орталық қызметінің негізгі мəні мыналар болып табылады: 1) мемлекеттік басқарудың өзекті мəселелері бойынша зерттеулер жүргізу жəне ұсынымдар əзірлеу; 2) Қазақстанның экономика салаларына қатысты жүйелік жəне салыстырмалы талдау, еңбек өнімділігінің мониторингі жəне бағалау жəне олардың бəсекелестік қабілетін айқындайтын факторларды анықтау; 3) мемлекеттік органдардың реттеуші қызметінің тиімділігін бағалау; 4) қаржылық тұрақтылық мəселелері бойынша зерттеулер жүргізу.
|