Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Кеңес үкіметі тұсындағы банк ісінің моноплиялануы




 

1917 жылы Қазан революциясынан кейін, банк ісінде мемлекеттік монополиялық ұйымдастыру қағидалары жүзеге асты. Бастапқыда мемлекеттік банк құрылып, жеке, коммерциялық және басқа банктерді ұлтшылдандыру нәтижесінде мемлекетке тиселі салалық және аумақтық банктер етіп қайта құрылды. Банктік жүйенің тағы бір басты буындары ретінде мемлекеттік еңбек жинақ кассалары қызмет етті. Мемлекеттік банктермен бірқатар кеңес үкіметінің бастапқы жылдарында мемлекеттік емес несиелік мекемелер: кооперативтік және жеке меншікке негізделген, оның ішінде шетел капиталының қатысуымен құрылған мемлекеттік-капиталистік банктер қатары жұмыс істеді.

1922 жылы несиелік және ссуда-жинақ серіктестіктері және олардың одақтары ұйымдасып, ауылды қалпына келтіру мақсатында қызмет көрсетті.

1924 жылы ауыл шаруашылық кооперацияларына несиелік операцияларды жүзеге асыру барысында салымдар қабылдау, ссуда беру және есептеу барысында делдалдық қызмет атқаруына рұқсат беріледі.

жылдан бастап, жеке сауда өнеркәсіпті несиелеуге арналған өзара несие беру қоғамдары, сол сияқты мемлекеттік капиталистік акционерлік оңтүстік-шығыс банкі және шетелдік капиталдың қатынасуымен Ресейдің коммерциялық банкі құрылды.

Экономикалық социалистік секторларының кеңінен етек алуы барысында кооперативтік және жеке несиелік ұйымдар өз мәнін жоғалтып, қызметін тоқтатуға мәжбүр болды. Сөйтіп, ауыл шаруашылығын толығымен ұйымдастыру бағдарламасы несиелік кооперацияларды қажетсіз деп санағандықтан да, олар 1931ж. жойылды. Сауда аймағынан және өнеркәсіптен жеке сектордың қудалануы нәтижесінде өзара несие беру қоғамдары қызметтерін тоқтатты. Басқа несие ұйымдарының қызметтері 1922-1925 жылдары құрылған мемлекеттік салалық банктерге: Өнеркәсіп банкісіне. Цекомбанкке, Всекомбанкке және Орталық ауыл шаруашылық банктеріне өтті.

1930-1932жж. КСРО-ғы жүргізілген несиелік реформа нәтижесінде жаңа қағидаға негізделген салалық банктер қатары ұйымдастырылды. Сонымен, күрделі капитал жұмсалымдарын қаржыландыру мақсатында төрт мамандырылған банктер құрылды.

Өнеркәсіп және электр шаруашылығындағы күрделі құрылысты қаржыландыру банкі 1959 жылы ”Құрылыс банкі“ болып құрылды.

Көптеген несиелік серіктестіктермен республикалық ауыл шаруашылық банктері негізінде құрылған “Ауыл шаруашылық банкі “1959 жылы қысқарып, оның қызметі Мемлекеттік және Құрылыс банктері арасында бөлініп беріледі.

Кооперациядағы күрделі құрылысты қаржыландырудың банкі (Всекобанк) 1936 ж. жойылып, оның активі мен пассиві 1959 жылы қысқарған Сауда банкісіне жүктеледі.

Коммуналдық және тұрғын-үй құрылысын қаржыландыру банкі (Цекомбанк) 1959 жылы қысқарып, оның қызметі де Құрылыс банкі мен Мемлекеттік банк арасында бөлінді.

Бұл құрылған салалық банктер қызметтерінің басты бағыттары салаларды қаржыландыру және ұзақ мерзімді несиелеуді көздеді.

Ал, КСРО-ның Мемлекеттік банкісінде халық шаруашылығының барлық салаларын қысқа мерзімді несиелеу қызметі шоғырланды. Сонымен қатар, Мемлекеттік банктің рөлі орталық және барлық несиелік жүйенің жетекшісі ретінде одан әрі арта түсті. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп-айырысу және ағымдық шоттары Мемлекеттік банкте жинақталады.

Барлық республикада, оның ішінде Қазақстанда барлық банктердің республикалық мекемелері жоғарғы тұрған ұйымға бағынуы, банк ісін орталықтандыру қағидасына сай сақталады.

Бір банкте ақша айналысының шоғырлану қағидасы бойынша, әр кәсіпорын, ұйым немесе мекеме тек қана бір банкте өзінің есеп айырысу немесе ағымдық шотын ашуға тиісті болды. Демек, олар, осы банкте өз қаражаттарын сақтай отырып, банктерден несие және нақты ақшалар алды, сол сияқты барлық қолма-қолсыз ақша арқылы есеп айырысуды жүзеге асырады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 156; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты