Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ақша массасы және ақша агрегаттары




Қазақстан Ұлттық банкі тарапынан жүзеге асатын ақша-несиелік реттеу объектісіне ақша массасының жиынтығы жатады.

Ақша массасы – жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.

Қазақстанда ақша массасы Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі банкілердің баланстық шоттарын шоғырландыру негізінде анықталады және оның құрамына айналыстағы қолма-қол ақша және резидент заңды тұлғалар мен үй шаруашылығы (жеке тұлғалардың) депозиттері жатады.

Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әр түрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай көрсеткіштерді ақша агрегаттары деп атайды.

Өнеркәсiбi жағынан дамыған елдердiң қаржылық статистикасында ақша массасын анықтау барысында төмендегiдей ақша агрегаттары қолданылады:

М1агрегаты, яғни ол айналыстағы нақты ақшаларды (банкноттар мен монеталарды) және банктегi ағымдық шоттардағы қаражаттарды қамтиды;

М2агрегаты,олМ1агрегаты қосылған коммерциялық банктердегi мерзiмдi және жинақ салымдарынан (төрт жылға дейiнгi) тұрады;

М3 агрегаты, ол М2агрегаты қосылған арнайы несиелiк мекемелердегi жинақ салымдарын құрайды;

М4 агрегаты, ол М3агрегаты қосылған iрi коммерциялық банктердегi депозиттiк сертификаттардан тұрады.

АҚШ-та, ақша массасын анықтауда төрт ақша агрегатын, Жапония мен Германияда - үш, Англия мен Францияда – екеу, Ресейде - үш ақша агрегаттары пайдаланылады.

Қазақстандағы негізгі ақша агрегаттарына, қазіргі кезде ақша-несие статистикасын жасау және талауда қолданылып жүрген, ақша базасы мен белгіленуі М3 – ақша массасы жатады. Ақша массасықұрылымына мынадай ақша агрегаттары кіреді:

М0(айналыстағы қолма-қол ақша, немесе банк жүйесінен тыс ақша);

М1= М0 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың теңгедегі аудармалы депозиттері;

М2 = М1 + теңгедегі басқа да депозиттері және банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы аудармалы депозиттері;

М3 (ақша массасы) = М2 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы басқа да депозиттері.

Мұндағы,

Аудармалы депозиттер – 1) әрқашан айыппұлсыз және шектеусіз атаулы құнымен ақшаға ауыстырылады; 2) чектің, траттаның немесе жиро-кепілдіктің көмегімен еркін айналады; 3) төлемдер жүргізуде кеңінен қолданылады. Аудармалы депозиттер қысқа ақша массасының бір бөлігін құрайды.

Басқа депозиттер – негізінен ол, белгілі уақыт аралығынан кейін ғана алынатындығы немесе әр түрлі шектеулері жай коммерциялық операцияларда біраз қолайсыздық туғызатын және жинақ механизміне қойылатын талаптарға жоғары дәрежеде сай келетін жинақ және мерзімді депозиттер. Басқа депозиттер, сонымен қатар, шетел валютасында салынған басқа салымдар мен депозиттерді қамтиды.

Ақша базасының МВ ақша массасына М3 ықпал етуі ақша мультипликаторы (Ам) көмегімен мынадай формула арқылы есептеледі:

 

М3 (ақша массасы)

Ам = ¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾

МВ (ақша базасы)

 

ҚҰБ-нің соңғы жылдардағы есептеулеріне байланысты, ақша базасы (резервтік ақша) мыналардан тұрады:

- ҚҰБ-нің айналымға шығарған қолма-қол ақшаларынан (ҚҰБ-нен кассасындағы қолма-қол ақшаларды қоспағандағы немесе Ұлттық банктен тыс қолма- қол ақшалардан );

- ЕДБ-дің аудармалы және басқа депозиттерінен;
банктік емес қаржылық ұйымдардың аудармалы депозиттерінен;

- ҚҰБ-гі мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдардың теңгедегі ағымдағы шоттарынан.

Егер, мысалға ақша мультипликаторы 2,0 -ге тең болса, онда ақша базасының әрбір теңгесі 2 теңге жасауға қабілеттігін көрсетеді.

Ақша массаның жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) қатынасы арқылы экономиканың монетизациялану коэффициентін (Км) анықтауға болады.

 

М3 (ақша массасы)

Км = ¾¾¾¾¾¾¾¾¾ * 100

ЖІӨ

Қазақстандағы соңғы жылдардағы ақша агрегаттарының жағдайы туралы 5-кестеде берілген.

 

5-кесте

Ақша агрегаттары* (кезеңнің соңына)

Ақша агрегаттары 12. 2002ж 12. 2003ж 12. 2004ж 12. 2005ж 12. 2006ж 12. 2007ж
1. Ақша базасы (резервтік ақша), млн.теңге соның ішінде: 1587 978 1 464 265
  1.1 Ұлттық банктен тыс қолма-қол ақша, млн.теңге 687 257 859 852
  1.2 ЕДБ-дің және басқа ұйымдардың Ұлттық банктегі депозиттері, млн.теңге 814 072 604 412
2. М0 (айналыстағы қолма-қол ақша) млн.теңге 600 832 739 729
3. М1 (млн.теңге), соның ішінде: 1 261 549 1 518 204
  3.1 халықтың теңгедегі аудармалы депозиттері 101 242 135 140
  3.2 банктік емес заңды тұлғалардың теңгедегі аудармалы депозиттері
4. М2 (млн.теңге), соның ішінде: 1 515962 2 814 551 3 538 990
  4.1 халықтың теңгедегі басқа депозиттері және шетел валютасындағы аудармалы депозиттері 613 834 794 115
  4.2 банктік емес заңды тұлғалардың теңгедегі басқа депозиттері және шетел валютасындағы аудармалы депозиттері 613 834 794 115
5. М3 (млн.теңге) соның ішінде: 2 065340
  5.1 халықтың шетел валютасындағы басқа да депозиттері
  5.2 банктік емес заңды тұлғалардың шетел валютасындағы басқа да депозиттері
6. М0-дің М3-тегі үлесі, % 22,6 21,3 17,8 19,9 16.3 16,0
7. Ақша мультипликаторы (Ам), теңгемен 3,67 3,51 4,15 3,11 2,45 3,15
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), млрд теңге 3776,3 4612,0 5870,1 7457,1
9. Экономиканың монетизациялану деңгейі (М3-тің ЖІӨ қатынасы, %) 20,3 19,3 20,3 27,6 35,3 36,3

* Сандық мәліметтер ҚҰБ-нің статистикалық бюллетенінен алынған

2007 жылы ақша базасы 1464,3 млрд. теңгеге дейін 2,5% (2006 жылы – өсу 2,3 есе) тарылды, бұл Ұлттық Банктің таза сыртқы активтерінің төмендеуіне байланысты. Шектеулі ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 1454,3 млрд. теңгеге дейін 6,2% кеңейді.

Ағымдағы бағамен Ұлттық Банктің таза ішкі активтері 54,3% ұлғайды. Үкіметке таза талаптар Үкіметтің шоттарындағы қалдықтардың төмендеуі есебінен 72,2% ұлғайды, қаржы ұйымдарына талаптар – екінші деңгейдегі банктерге қайта қаржыландыру кредиттерін беру жəне айналыстағы қысқа мерзімді ноталар көлемінің төмендеуі нəтижесінде 75,0%; қалған экономикаға талаптар – 21,8% ұлғайды. Ұлттық Банктің басқа да таза ішкі активтері 59,3% қысқарды.

2007 жылы ақша базасының ең көп (12,3%) тарылуы қазан айында байқалды. Ақша базасының барынша кеңеюі сəуірде - 16,2% болды.

2007 жылғы банк жүйесіндегі таза ішкі активтердің ұлғаюы ақша массасының 4613,7 млрд. теңгеге дейін 25,5%-ға кеңеюінің негізгі факторы болды. Банк жүйесіндегі ішкі активтердің 67,4%-ға өсуі Үкіметке талаптардың 4,9 есе, сондай-ақ экономиканың басқа секторларына талаптардың 51,4%-ға едəуір ұлғаюына себепші болды. Үкіметке талаптар айналыстағы мемлекеттік бағалы қағаздар көлемінің ұлғаюы, сондай-ақ Үкіметтің шоттарындағы ақша қалдықтары көлемінің төмендеуі есебінен өсті.

Экономиканың секторларына таза талаптардың өсуі (51,4%) экономиканы кредиттеу көлемінің үдемелі ұлғаюына себепші болды.

Алайда 2006 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда ақша массасын кеңейту қарқыны төмендеді, бұл банк жүйесіндегі таза сыртқы активтердің 4,3 есе төмендеуімен қамтамасыз етілді.

Банк жүйесіндегі таза сыртқы активтер құрылымында екінші деңгейдегі банктердің таза сыртқы активтері 39,6% азайды.

Ақша массасының кеңею қарқынының (25,5%) номиналды ЖІӨ-нің өсу қарқынынан (24,6%) аздап асып кетуі экономиканы монеталандыру деңгейінің 2006 жылдың аяғында 36,0%-дан 2007 жылдың аяғында 36,3%-ға дейін шамалы өсуіне əкелді.

2007 жылғы ақша мультипликаторы ақша базасының тарылу жағдайында ақша массасының өсуі нəтижесінде 2,45-тен 3,15-ке дейін ұлғайды.

Ақша массасының құрылымында айналыстағы қолма-қол ақша (М0) 2007 жылы 739,7 млрд. теңгеге дейін 23,1%, ал резиденттердің депозиттері – 3873,9 млрд. теңгеге дейін 25,9% өсті. Айналыстағы қолма-қол ақшамен салыстырғанда резиденттердің депозиттерінің басымдықпен өсу қарқыны салдарынан ақша массасының құрылымындағы депозиттер үлесі ұлғаюының оң үрдісі сақталды. 2007 жыл бойы бұл көрсеткіш 83,7%-дан 84,0%-ға дейін өсті.

Айналыстағы қолма-қол ақшаның өсуі жалақы бойынша төлемдердің өсуіне жəне жеке тұлғалардың мерзімдік салымдарды алуына байланысты.

Соған қарамастан, 2007 жылы айналыстағы қолма-қол ақшаның (М0) өсу қарқыны 2 есе дерлік - 2006 жылғы 45,9%-дан 23,1%-ға дейін қысқарды. Бұл көбінесе қолма-қол шетел валютасын сатудан банктердің кассаларына қолма-қол ақша түсуінің айтарлықтай өсуімен (40,9%) түсіндіріледі. Банктердің кассаларынан тауарларға, жұмысқа жəне қызмет көрсетуге ақы төлеуге нетто-беру 37,7%-ға қысқарды, бұл, мүмкіндігінше, қолма-қол жасалмайтын есеп айырысулардың басым болуымен түсіндіріледі.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 369; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты