Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Банк қызметін пруденциалдық реттеу




Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу механизмінің тәртібі ҚР Ұлттық банкінің екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу және қадағалау бойынша нормативтік құқықтық актілермен анықталады.

1995 жылы 31 тамызда қабылданған “Банктер және банктік қызмет туралы” ҚР заңының 41-бабына сәйкес, ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында аталған банктердің қызметін реттеуді мынадай жолдармен жүзеге асырады:

· пруденциялық нормативтер белгілеу;

· банктердің орындауына міндетті нормативтік құқықтық актілер шығару;

· банктердің қызметін тексеру;

· банктің қаржылық жағдайын сауықтандыруға байланысты ұсыныстар беру;

· банктерге ықпал ететін шектеу шараларын қолдану;

· банктерге немесе олардың лауазымды тұлғаларына санкциялар беру.

ҚР Ұлттық банкі халықаралық банктік тәжірибеде қолданылатын пруденциялық нормативтер мен орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді белгілеуге құқылы. Ол, сонымен қатар банктердің пруденциялық нормативтерді және орындауға міндетті басқа да нормалар мен міндеттерді бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілейді.

Қойылған талаптарға банктің қаржылық жағдайының сәйкестігі туралы мәселені шешу мақсатында ҚР Ұлттық банкі белгілі мөлшерде банктің капиталының көлемін анықтауға құқылы.

Пруденциялық нормативтер немесе орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің нормативтік белгілері мен есептеу әдістемесін, белгіленген күнге банктің капиталының көлемін, ашық валюта позициясының лимиттерін және оларды есептеу тәртібін, резервтік талаптар нормасын және оларды есептеу әдісін, есеп берудің сәйкес формалары мен оны тапсыру мерзімін Ұлттық банк белгілейді.

Банктік қызметті жүзеге асырумен байланысты шығындарды табу мақсатында банктер резервтік қор құруға міндетті. Резервтік қорлар банктердің дивиденттерді төлеуге дейінгі табысының есебінен құрылады. Банктер резервтік қорларының көлемін ҚР Ұлттық банкі белгілейді.

Банктер жүргізетін операцияларының түрлері мен көлеміне байланысты өздерінің қызметінің сенімділігіне бақылауды қамтамасыз ету үшін олар Қазақстан Республикасындағы банктер туралы заңға сәйкес, ҚР Ұлттық банкі бекіткен тәртіпте күмәнді және үмітсіз қарыздарға қарсы арнайы провизиялар құру арқылы берілген несиелер мен басқа да активтерді жіктеуге міндетті.

Банк қызметін реттеу шараларының ішіндегі ең маңыздысы пруденциялық нормативтер. 2005 жылы 30 қыркүйектегі Қаржылық қадағалау агенттігінің Басқармасының № 358 қаулысымен бекітілген “Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтерді есептеу әдістемесі және нормативтік мәндері туралы” нұсқаулыққа сәйкес оларға мыналар жатады:

1) жарғылық қордың ең төменгі мөлшері;

2) меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті;

3) бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері;

4) өтімділік коэффициенті;

5) ашық валюталық позиция лимиті;

6) негізгі қорларға және басқа қаржылай емес активтерге жұмсалынған банк инвестициясының ең жоғары мөлшерінің коэффициенті.

7) ҚР-ның бейрезиденттерінің алдындағы міндеттемелерге қатысты банктердің капиталдануы

1. Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері

Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін Ұлттық банк Басқармасы бекітеді. Банк акционерлерден өзінің акцияларын номиналдық бағадан төменгі деңгейде ғана, сондай-ақ ондай сатып алу кез келген пруденициялық нормативтер мен орындауға міндетті басқа да нормалар және лимиттерді бұзбаған жағдайда ғана сатып ала алады.

2. Меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті

Меншікті капитал (К) – бұл І деңгейлі капитал, ІІ деңгейлі капитал және ІІІ деңгейлі капиталдардың қосындысынан банктің инвестицияларын шегеру арқылы есептеледі.

Меншікті капитал (К) бұл І деңгейлі капитал мен ІІ деңгейлі капитал (І деңгейлі капиталдан аспайтын мөлшерде) және ІІІ деңгейлі капиталдардың (нарықтық тәуекелдерді жабуға арналған бірінші деңгейлі капиталдың бөлігінің екі жүз елу пайызынан аспайтын мөлшерде) қосындысынан банктің инвестицияларын шегеру арқылы есептеледі.

Банк инвестициясы бұл заңды тұлғаның акцияларына жұмсалымдары (жарғылық капиталда қатысу үлесі), сондай-ақ жиынтық мөлшері бірінші деңгейлі капитал мен екінші деңгейлі капиталдың 10 пайызан асатын көлемдегі заңды тұлғаның субординирленген қарызы.

Нарықтық тәуекелдерді жабуға арналған бірінші деңгейлі капиталдың бір бөлігі бірінші деңгейлі капиталдың нақты мөлшері мен банктің меншікті капиталының жеткіліктігі нормативтін орындауға үшін қажетті бірінші деңгейлі капиталдың ең төмегі мөлшері арасында айырманы білдіреді.

Бірінші деңгейлі капитал (КІ) мыналардан құралады:

- сатып алынған акциялардың сомасын шегергенде қалатын төленген жарғылық капитал ;

- қосымша капитал;

- өткен жылдардағы бөлінбеген таза табыс (өткен жылдардағы таза табыс есебінен құрылған қорлар, резервтер);

- мерзімсіз келісім-шарттар нәтижесінде туындайтын қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелер (мерзімсіз қаржылық құралдар).

шегерілген (-):

- материалдық емес активтер (Халықаралық қаржы есебіне Халықаралық стандартына сәйкес банктің негізгі қызметінің мақсатына алынған лицензияланған бағдарламалық қамсыздандыру басқалары);

- өткен жылдардағы зиян;

- ағымдық жылдағы шығыстардың ағымдық жылдағы табыстардан артық сомасы.

Мерзімсіз қаржылық құралдар мынадай шарттарға сәйкес келуі қажет:

- айналыс мерзімі белгісіз және депозит болып табылмайды;

- мерзімсіз қаржылық құралды шығарушы банктің инициативасы бойынша ғана кемінде бес жылдан кейін өтелуге тиіс;

- мерзімсіз қаржы құрал бойынша негізгі қарызды және пайызды өтеу үшін жоғарыда аталған Нұсқаулыққа сәйкес банк меншікті капитал жеткіліктігі мен өтімділігіне қатысты нормативті орындауы қажет;

- мерзімсіз қаржы құралы қамтамасыз етілмеуге тиіс;

- қаржы құралы бойынша пайыз мөлшерлемесін өзгерту келісім-шарт жасаған күнен бастап немесе мерзімсіз қаржы құралы шыққан күннен бастап он жылдан кейін ғана мүмкін болады.

Екінші деңгейлі капитал (КІІ) мыналардан құралады:

- ағымдық жылдағы табыстардан ағымдық жылдағы шығыстардың артық сомасы;

- бағалы қағаздар мен негізгі құралдарды қайта бағалау мөлшері;

- тәуекелді есепке алып өлшенген активтер сомасының 1,25%-нан аспайтын сомадағы жалпы резервтер (провизиялар) мөлшері;

- бірінші деңгейлі капитал сомасының 50%-нан аспайтын сомадағы банктің субординарлық қарызы;

Банктің екінші деңгейлі субординарлық қарызы бұл банктің меншікті капиталына жататын қайтару мерзімі бес жылдан асатын қамтамасыз етілмеген міндеттеме.

Облигация субординарлық қарызға және меншікті капиталға жатуы мүмкін егер, ол ҚР-ның заңдылықтарына сәйкес шығарылса.

Банктің субординарлық қарызы меншікті капитал ретінде есепке алынады және бес жыл ішінде мынадай мөлшерде қалып, қалғаны қайтарылады:

1-ші жылы - субординарлық қарыздың 100% сомасы;

2-ші жылы - субординарлық қарыздың 80% сомасы;

3-ші жылы - субординарлық қарыздың 60% сомасы;

4-ші жылы - субординарлық қарыздың 40% сомасы;

5-ші жылы - субординарлық қарыздың 20% сомасы,

Банктердің субординирленген қарызына Еуропа қайта құру және даму банкісінен немесе Азия даму банкісінен, не Халықаралық қаржы корпорациясынан тартқан заемдары жатуы мүмкін.

Меншікті қаражаттардың (меншікті капиталдың) жеткіліктігі төмендегідей екі коэффициенттің көмегімен есептеледі:

Банктің бірінші деңгейлі капиталының барлық активтер сомасына қатынасы 0,06 –дан кем болмауға тиіс:

 

K І - ИК к1 = ¾¾¾¾ A  

мұнда,К І – бірінші деңгейлі меншікті капитал; ИК - банктің акцияға жұмсаған инвестициялары және басқа да заңды тұлғалардың субординарлық қарызы; А – банктің жиынтық балансына сәйкес барлық активтерінің сомасы.

Банктің меншік капиталының тәуекел дәрежесіне қарай топтасқан активтерге қатынасы 0,12 -ден кем болмауы тиіс.

K к2 = ¾¾¾¾ , Ат – Па

 

мұнда,

К – банктің меншік капиталы;

Ат - тәуекел дәрежесіне қарай топтасқан активтер және баланстан тыс міндеттемелер сомасы. Тәуекел дәрежесіне байланысты өлшенген активтерді есепке алу барысында кастодиандық келісім-шарт негізінде банкке қабылданған ақшалар есепке алынбайды;

Па - арнайы резервтер (күмәнді және үмітсіз активтер бойынша құрылған провизиялар) қосылған меншікті капиталға қосылмаған, құрылған жалпы резервтер сомасы (яғни, тәуекел дәрежесіне қарай топтасқан активтер сомасының 1,25, % асатын сомасында).

 

Үшінші деңгейлі капитал (КІІІ) үшінші дегейлі субординирленген қарызды білдіреді және мынадай шартқа сай болуға тиіс:

- қамтамасыз етілмейді:

- депозит немесе ұсынылатын міндетеме болып табылмайды;

- Нұсқаулыққа сәйкес нормативтерді орындаған жағдайда банкпен алдын ала өтелуі мүмкін;

- бастапқы қайтару мерзімі екі жылдан жоғары болуға тиіс.

Меншікті капиталға жатпайтын екінші деңгейлі субординирленген қарызы банктің үшінші деңгейлі капиталына жатады.

Екінші деңгейдегі банктердің субординарлық қарызы – бұл мынадай талаптарға сәйкес келетін, банктің қамтамасыз етілмеген міндеттемесі:

1) депозит немесе міндеттеме болып табылмауға тиіс;

2) банктің немесе онымен байланысты аффилиирленген тұлғалар талаптары бойынша кепілдік ретінде қамтамасыз етуілмеуге тиіс;

3) алдын ала (толық немесе жартылай) өтелмеуге тиіс;

4) банктің таратылуы барысында соңғы кезекте қанағаттандырылуға тиіс (акционерлер арасында қалған мүлікті бөлу алдында).

Банктің субординарлық қарызы - бастапқы қайтару мерзімі 5 жылдан жоғары болып келетін, меншікті капиталға жататын субординарлық қарыз.

Облигация субординарлық қарызға және меншікті капиталға жатуы мүмкін егер, ол ҚР-ның заңдылықтарына сәйкес шығарылса.

Банктің ІІ деңгейлі субординарлық қарызы меншікті капитал ретінде есепке алынады:

қарыздың толық сомасын қайтару мерзімінің басталуы бес жылдан жоғары болса, және бес жыл ішінде мынадай мөлшерде қалып, қалғаны қайтарылады:

1-ші жыл - субординарлық қарыздың 100% сомасы;

2-ші жыл - субординарлық қарыздың 80% сомасы;

3-ші жыл - субординарлық қарыздың 60% сомасы;

4-ші жыл - субординарлық қарыздың 40% сомасы;

5-ші жыл - субординарлық қарыздың 20% сомасы,

3. Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің жоғарғы мөлшері

Бір қарыз алушы - ҚР-ның заңдарында немесе жасалған келісімшартта көзделген негізде қарыз алушы немесе үшінші бір тұлғаның алдында алдағы 2 айдың ішінде не белгісіз мерзімге несиелік тәуекелге баратын банк тарапынан туындайтын талаптары бар әрбір жеке және заңды тұлға.

Бір қарыз алушыға келетін, тәуекелдің мөлшері мыналардың сомасынан тұрады:

1) банк балансында есепке алынатын, қарыз алушыға қатысты банк талабы;

2) соңғы бес жыл ішінде банк балансынан шегерілген, қарыз алушыға қатысты банк талаптары;

3) ҚР заңдарында немесе жасалған келісімшартта көзделген негізде қарыз алушы немесе үшінші бір тұлғаның алдында алдағы 2 айдың ішінде не белгісіз мерзімге несиелік тәуекелге баратын банк тарапынан туындайтын (несиелік тәуекелмен байланысты) талаптар;

(-) шегерілген,

қарыз алушының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету сомалары, оның ішінде:

- банк қарамағына берілген депозиттегі ақшасы, ҚР Үкіметі және Ұлттық банктің шығарған мемлекеттік бағалы қағздары, құйма бағалы металдары, Standard & Poors және басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің “А” рейтингін иеленетін банк кепіл-хаттары;

- ҚР Үкіметі және Ұлттық банкіне қатысты талаптары;

- Standard & Poors және басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің “ВВВ” рейтингінен төмен емес ұзақмерзімді қарыздық рейтингі бар банктердің ашқан корреспонденттік шоттарына қатысты талаптары.

Бір қарыз алушыға келетін тәуекел мөлшері қарыз алушының міндеттемелері бойынша тәуекел мөлшерінің(Т) банктің меншікті капиталына (К) қатынасы арқылы есептеледі:

 

Т к3 = ¾¾¾¾ , К  

 

мұнда,

Т - тәуекел мөлшері (несие лимиті);

К – банктің меншік капиталы.

 

к3 –тің мәні мынадай екі жағдайда қарастырылады:

· Банкпен ерекше қарым-қатынастағы қарыз алушылар үшін, - 0,10-ден аспауға тиіс;

· Басқа да қарыз алушылар үшін – 0,25-ден аспауы тиіс (соның ішінде 0,10 – баланстан тыс міндеттемелермен қамтамасыз етілмеген бланктік несиелер, сондай-ақ оффшорлық аймақ аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезиденттерге берілген несиелер бойынша).

4. Ағымдағы өтімділік коэффициенті.

Өтімділікті бақылап отыру мақсатында банктер ағымдағы өтімділік коэффициенттерінің есебін береді.

Өтімділік коэффициенті екі коэффициент көмегімен анықталады:

- банктің ағымдағы өтімділік коэффициенті (к4);

- банктің қысқа мерзімді өтімділігінің коэффициенті (к5).

Ағымдағы өтімділік коэффициентінің ең төменгі мәнін Ұлттық банктің басқармасы бекітеді.

Ағымдағы өтімділік коэффициенті (к4) өтімділігі жоғары активтердің орташа айлық шамасының талап етілетін міндеттемелердің орташа айлық шамасына қатынасы арқылы есептеледі.

Ағымдағы өтімділік коэффициенті (к4) төмендегідей түрде есептеледі:

Аор к4 = ¾¾¾¾ , Мор  

 

мұндағы,

Аор- өтімді активтердің орташа айлық шамасы;

Мор – талап етілетін міндеттемелердің орташа айлық шамасы;

к4– ағымдағы өтімділік коэффициенті.

 

Өтімділігі жоғары активтерді есептеуге мыналар жатады:

· қолма-қол ақшалар;

· мемлекеттің бағалы қағаздары және Қазақстан ипотекалық компаниясының борыштық бағалы қағаздары, сондай-ақ өтімділігі жоғары басқа да бағалы қағаздар;

· құйма қымбат бағалы металдар;

· Ұлттық банктегі Standard & Poors және басқа рейтингтік агенттіктердің “А” төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар бейрезидент-банктердегі талап етуге дейінгі депозиттер;

· Standard & Poors және басқа рейтингтік агенттіктердің “А” төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар ҚР банктерге берген “овернайт” займдары.

Талап етілуге дейінгі міндеттемелерге мыналар есептеледі:

· клиенттердің және банк-корреспонденттердің талап етуге дейінгі депозиттері;

· “овернайт” банкаралық несиелері;

· есеп айырысу мерзімі көрсетілмеген басқа да талап етуге дейінгі міндеттемелер.

Банктердің қысқа мерзімді өтімділік коэффициенті (к5) үш ай мерзімнен аспайтын өтелу мерзімі бар активтердің орташа айлық шамасының үш ай мерзімге дейін тартылған талап етілетін міндеттемелердің орташа айлық шамасына қатынасы арқылы есептеледі:

  Аор к 5 = ¾¾¾¾ , Мор  

 

мұндағы,

Аор- өтелу мерзімі үш айдан аспайтын активтердің орташа айлық шамасы;

Мор – үш ай мерзімге дейін тартылған талап етілетін міндеттемелердің орташа айлық шамасы;

к5 – қысқа мерзімді өтімділік коэффициенті.

 

Банктер ағымдағы өтімділік коэффициентін есебімен қатар активтер мен міндеттемелердің мерзімдері бойынша салыстыру кестесінде беруге міндетті (2-қосымшаны қараңыз).

Аталған активтер мен міндеттемелерді мерзімдеріне қарай салыстыру кестесін толтырғанда әрбір активтер (міндеттемелер) үшін ең аз мерзім қарастырылады және сол мерзім ішінде банк дебиторлар мен корреспонденттерінің міндеттемелерді орындауын талап етуге құқы бар. Бұл жерде активтер банктің қызметіне байланысты зияндарды жабуға арналған резервтерді (провизияларды) шегермей-ақ қамтиды.

Активтердің, міндеттемелердің және шартты міндеттемелердің графаларының барлық мәліметтері 1 мен 5-жолдар бойынша өсу нәтижелеріне қарай толтырылады. 5 және 6-жолдардың сомалары “Барлығы” деген жолға жазылып баланстың мәліметтерімен салыстырылады. “Барлығы” деген графа мен жіктелген активтер (стандарты активтерден басқасы) бөлігінің нәтижесінің алшақтығы банктің құрған резервтерінің (провизияларының) сомасына сәйкес келуге тиіс.

Өтімділік коэффициентін есептеуде мынадай баптар есепке алынбайды:

1) стандартты активтерден басқа активтер;

2) сенім туралы келісім-шартына сәйкес және кастодиандық келісім-шарт негізінде банктің сақтауға қабылдаған инвестицияланбаған қаражат қалдықтары;

3) Ұлттық банктің офшорлық аймақ тізіміне енбеген, офшорлық аймақта тұратын бейрезиденттерге қатысты талаптар.

Есептік мерзім ішінде банкте кредиторлар мен депозиторлар алдында мерзімі өткен міндеттемелері болса, өтімділік нормативі орындалмаған болып саналады.

5. Ашық валюталық позиция лимиті

Ұлттық банк Басқармасы Standard & Poors және басқа рейтингтік агенттіктердің “А” төмен емес ұзақ мерзімді рейтингін иеленетін шетел валюталары бойынша ашық валюталық позиция (ұзын немесе қысқа) лимитін белгіленеді.

Ашық валюталық позиция – осы уақытта немесе алдағы уақыттарда жекелеген валюталарда қаражат алу талабы мен беру міндеттемесін бейнелейтін, сол валюталардағы сандық жағынан сәйкес келмейтін активтер мен міндеттемелердің (баланстан тыс талаптар мен міндеттемелерді есепке алғандағы) арасындағы шетел валютасындағы қаражаттар қалдықтарының айырмасы.

Ұзын валюталық позиция – белгілі бір шетел валютасында бейнеленетін міндеттемелер мен баланстан тыс міндеттемелердің, активтер мен баланстан тыс талаптардан артық болып келетін сол шетел валютасындағы ашық валюталық позициясы.

Қысқа валюталық позиция – белгілі бір шетел валютасында бейнеленетін активтер мен баланстан тыс талаптардың міндеттемелер мен баланстан тыс міндеттемелерден артық болып келетін сол шетел валютасындағы ашық валюталық позициясы.

Әрбір шетел валютасы бойынша ашық валюталық позиция жеке-жеке анықталады.

Шетел валюталарына қатысты ашық валюталық позиция лимиті талаптар шотындағы абсолюттік сома мен баланстық шоттар бойынша шетел валютасындағы міндеттемелердің арасындағы айырма жолымен есептелінеді.

Жекелеген шетел валюталарына қатысты ашық валюталық позиция лимитін есептегенде, бірінші кезекте банктің активтік және міндеттемелік баланстық шоттарында ашылған әрбір шетел валютасы бойынша шоттар қалдығы есептелінеді. Содан кейін, осы валюта бойынша шартты талаптар мен міндеттемелерді есепке алатын баланстық шоттарға ашылған шоттардың қалдықтарының сомасы анықталады.

Банктің валюталық нетто-позициясы барлық шетел валютасындағы банктің ұзын позициясының жиынтық сомасы мен барлық шетел валютасындағы банктің қысқа позициясының жиынтық сомасы арасындағы айырма негізінде есептеледі.

Шетел валютасында бейнеленген талаптар мен міндеттемелер сондай талаптар мен міндеттемелер есепке алынған шетел валютасындағы валюталық позицияның бір бөлігіндегі есепке кіреді.

Шетел валютасында операциялар жүргізуге лицензиясы бар банктер, аптаның әр жүмыс күні үшін, аптаның үшінші күнінде, әрбір шетел валютасы бойынша валюталық позиция туралы және валюталық нетто-позициясы туралы есебін арнайы бекітілген формада тапсыруға тиіс (3-қосымшаны қараңыз).

 

6. Негізгі қорларға және басқа қаржылай емес активтерге жұмсалған банк инвестициясының жоғарғы мөлшерінің коэффициенті

Негізгі қорларға және басқа да қаржылай емес активтерге жұмсалынған банк инвестициясының мөлшерінің меншікті капиталға қатынасының (к6) мәні 0,5-тен аспауы тиіс:

И к6 = ¾¾¾¾ , К  

 

мұндағы,

И - негізгі қорларға және басқа да қаржылай емес активтерге жұмсалынған инвестицияның сомасы, оған мыналар жатады:

1) ғимарат және құрылғылар;

2) салынып жатқан негізгі құралдар;

3) банктің жалға алған ғимараттары бойынша капитал шығындары;

4) компьютерлік жабдықтар;

5) көлік құралдары;

6) жалға беруге арналған негізгі құралдар;

7) қаржылық лизингке қабылданған негізгі құралдар;

8) басқа негізгі құралдар;

9) Қаржылық есептің №38 халықаралық стандартына сәйкес банктің негізгі қызметінің мақсатына сай сатып алынған, лицензиялық бағдарламалық құралдар;

10) басқа материалдық запастар;

11) капитал жұмсалымдары бойынша дебиторлық қарыздар.

7. ҚР-ның бейрезиденттерінің алдындағы міндеттемелерге қатысты банктердің капиталдану. Бұл норматив 2007 жылы 1 сәуірден бастап енгізілді.

ҚР-ның бейрезиденттерінің алдындағы міндеттемелерге қатысты банктердің капиталдануы к8 және к9 коффициенттерімен сипатталады.

к8 коэффициенті бұл ҚР-ның бейрезиденттерінің алдындағы банктің жиынтық міндеттемелерінің банктің меншікті капиталына қатынасы арқылы есептеледі. Оның мәні 4-қосымшада берілген.

к8 коэффициентін есептеу барасында ҚР-ның бейрезиденттерінің алдындағы банктің жиынтық міндеттемелерінен мыналар алынып тасталады:

- ҚР-ның бейрезиденттерінде қолындағы банктің айнылысқа шығарған бағалы қағаздары;

- Банктің кепілдігімен өзінің арнайы еншілес ұйымдары арқылы шығарылған бағалы қағаздар;

- ҚР-ның бейрезиденттері және резиденттері болып табылатын заңды және жеке тұлғалардың алдындағы ағымдағы және корреспонденттік шоттары бойынша міндеттемелері;

- ҚР мүшесі болып табылатын Халықаралық ұйымдар сияқты ҚР-ның бейрезиденттері алдындағы міндеттемелері.

к9 коэффициенті бұл ҚР-ның бейрезиденттерінің алдындағы банктің жиынтық міндеттемелері мен айналысқа шығарған қарыздық бағалы қағаздарының банктің меншікті капиталына қатынасы арқылы есептеледі. Оның да мәні 4-қосымшада қатарында берілген.

К9 коэффициентін есептеу барасында ҚР-ның бейрезиденттерінің алдындағы банктің жиынтық міндеттемелерінен мыналар алынып тасталады:

- ҚР-ның бейрезиденттеріне арналып банктің айнылысқа шығарған қарыздық бағалы қағаздары;

- ҚР-ның бейрезиденттері және резиденттері болып табылатын заңды және жеке тұлғалардың алдындағы ағымдағы және корреспонденттік шоттары бойынша міндеттемелері;

- ҚР мүшесі болып табылатын Халықаралық ұйымдар сияқты ҚР-ның бейрезиденттері алдындағы міндеттемелері.

Банктердің пруденциалық нормативтерді орындауына Қаржылық қадағалау агенттігі бақылау жасайды. Әр айдың алтыншы жұмыс күнінде банктер Қаржылық қадағалау агенттігіне пруденциалық кормативтердің есбебін жүргізу үшін қажетті мәліметтерін, сондай-ақ әр айдың бірінші күніне Банктің активтері мен міндеттемелерін мерзімдеріне қарай салыстыру кестесін тапсырады.

Пруденциялық реттеу жүргізу нәтижесінде анықталған банк заңдарының бұзылуына жол берген екінші деңгейдегі банктерге шектелген ықпал ету шаралары мен санкциялар қолдану банк заңдарына сәйкес жүзеге асырылды.

Банктер пруденциалық нормативтер мен орындалуы міндетті басқа да нормалар және лимиттерді, сондай-ақ ҚР Ұлттық банкінің нормативтік-құқықтық актілерін бұзса, олардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері банктің қаржылық жағдайына және тұрақтылығына, немесе депозиторлары мен клиенттерінің мүддесіне қауіп төндіретін заңсыз әрекеттер жасаса, онда ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі шектелген ықпал ету шараларының мынадай түрлерін қолдануы мүмкін:

а) міндеттеме-хатты талап ету;

ә) банкпен жазбаша келісім жасау;

б) ескерту жасау;

в) орындауға міндетті бұйрық хат беру.

Міндеттеме хаты – банк қызметінде жіберілген кемшіліктерді мойындап, банк басшылығы оларды қатаң түрде белгіленген мерзім ішінде жоюға дайындығы.

Жазбаша келісімі – анықталған кемшіліктерді дереу жою және онымен байланысты бастапқы шараларды бекіту туралы банк пен Ұлттық банк арасындағы келісімі.

Ескерту хаты – ҚР Қаржылық қадағалау агенттігінің банктік заңдылықпен қарастырылған санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы банкке хабарлауы.

Бұйрық хат – ҚР Қаржылық қадағалау агенттігінің айқындалған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоюға нақты шараларды қолдану қажеттілігі туралы банкке тапсырмасы.

ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі тәртіп бұзушылықтың түріне қарай жоғарыда аталған ықпал ету шараларының біреуін немесе бірнешеуін қолдануы мүмкін.

ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі шектелген ықпал ету шараларын қолданумен қатар банкке банктік заңдылықпен көрсетілген санкцияларды қолдану мүмкіндігін де пайдаланады.

Банкке шектелген ықпал ету шараларының бір түрін қолдану, оған бұның алдында қолданған шараларды тоқтатпайды.

Егер де банк өзіне қолданған шектейтін ықпал ету шаралары қарастыратын міндеттерді орындамаса, ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі оған қосымша банктік операциялардың түрлерімен айналысуға лицензия беруге немесе филиал ашуға рұқсат беруден бас тартуы мүмкін.

Санкциялар. ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі банкке қолданған ықпал ету шараларымен қатар санкциялар қолданады. Санкциялар ретінде төмендегідей шараларды жүзеге асырады:

а) Қазақстан Республикасы заң актілерімен белгіленген негізде айыппұл салу және өндіріп алу;

ә) барлық немесе жеке бір банктік операцияларды жүргізуге лицензияларды жою;

б) банкті консервациялау;

в) белгілі бір негіз бойынша банктің ашылуына рұқсатты қайтарып алу.

ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі тарапынан екінші деңгейдегі банктердің банктік операцияларды жүргізуге рұқсат беретін лицензия қайтарылып алғаннан соң, лицензия берген органдармен тиісті шешімдер қабылданғанға дейін банктік операцияларды жүргізу тоқтатылады.

Банктік операцияларды жүргізуге лицензиясы қайтарылғаннан кейін, ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі ондай банкті басқару үшін уақытша әкімшілік тағайындайды және барлық басқару органдарының құзыреті уақытша әкімшілікке беріледі. Сондай-ақ банкті бұған дейінгі басқарған органдарының құзыреті тоқтатылады. ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі банктік операцияларды жүргізуге лицензияны қайтарып алғаннан кейін, белгіленген тәртіпте 10 күн ішінде банк қызметін еріксіз тоқтату туралы сотқа арыз береді.

Банкті консервациялау - банктің қаржылық жағдайын сауықтандыру және оның жұмысының сапасын жақсарту мақсатында өкіліетті ұйымның шешімі бойынша әкімшілік, заңи, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және өзге де шаралар кешенін мәжбүрлі түрде қолдануды білдіреді.

Банк мынадай жағдайларға байланысты консервациялауға жатуы мүмкін:

- меншікті капиталдың жеткіліктігі коэффициентін жүйелі түрде (соңғы үш ай ішінде) орындамауы;

- ҚР-ға банктер және банктік қызмет туралы заңның 48 бабында көзделгендерге байланысты.

Банкті консервациялар шаралары сол банктің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асады.

Банктің қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда, ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі оның акционерлері алдында қаржылық жағдайын сауықтыру қажеттілігі туралы, басшылықты ауыстыру немесе банкті қайта құру мәселесі туралы талап қояды және төмендегідей ұсыныстар береді:

– депозиттерді қабылдауды шектеу туралы;

– жарғылық капиталды көбейту туралы;

– дивиденттерді төлеуді тоқтату және провизияларды көбейту туралы;

– жеке филиалдар мен өкілдіктерді жабу және қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу арқылы шығындарды қысқарту туралы;

– банктің кез келген лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерін жұмыстан уақытша немесе мүлдем босату туралы;

– жоғары тәуекелдік деңгейіндегі банктік операциялардың кейбір түрін шектеу немесе тоқтату туралы.

Депозиттерді айналымға жіберу жөніндегі іс-шаралар шеңберінде заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың депозиттері бойынша ақпартты анықтау мақсатымен банктерге тексеру жүргізілді.

Сонымен қатар заңға сәйкес, банктердің ерікті түрде қайта құрылуы көзделеді. Ерікті түрде қайта ұйымдастырылуға мыналар жатады:

- бірігу;

- қосылу;

- бөліну;

- қайта түрлену.

Банк акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданған шешім банкті ерікті түрде қайта ұйымдастырылуына негіз болып табылады.

Ерікті түрде қайта ұйымдастырылуына рұқсат алу үшін мынадай құжаттар талап етіледі:

- банкті ерікті түрде қайта ұйымдастырылуы туралы ең жоғары басқару ұйымының шешімі;

- банкті ерікті түрде қайта ұйымдастырылуының шартын, нысанын, тәртібін және мерзімін сипаттайтын құжаттар;

- банкті ерікті түрде қайта ұйымдастырылуынан кейін жасалатын есеп айырысу балансын қамтитын, ерікті түрде қайта ұйымдастырылуының салдарына байланысты қаржылық болжам.

Банктің несиелік серіктестікке айналуына байланысты жоғарыда атлағна құжаттарға қоса банктік операцияларды жүргізуге арналған лицензия мен соңғы есептік күнге жасалған бухгалтерлік балансын тапсыруға тиіс.

Ерікті түрде қайта ұйымдастырылуына рұқсат алуға ұсынылған құжаттар қабылданған күннен бастап екі ай ішінде қаралады.

Жалпы банктер мынадай жағдайларды таратылады:

- құзіретті ұйымның рұқсатының болуына байланысты оның акционерлерінің шешімі бойынша (ерікті түрде тарату);

- ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайларға сәйкес соттың шешімі бойынша (мәжбүрлі түрде тарату).

Мәжбүрлі түрде банкті таратуды арнайы құрылған тарату комиссиясы жүзеге асырады. Банкті таратуға байланысты шығыстардың барлығы таратылатын банктің есебінен жабылады.

Банкті тарату туралы шешім шығарған күннен бастап, оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) банк мүлкін иеленуге құқы болмайды. Банктің мүлкін бағалауды және оны сатуды тарату комиссия жүзеге асырады. Аралық тарату балансы мен кредиторлардың талаптарының реестрін құзіретті ұйым бекітеді. Тартып біткен соң тарату комиссиясы сотқа тарту балансы мен тарату таралу есебін тапсырады, сондай-ақ барлық құжаттарды құзіретті ұйымға хабарлай отырып, мұрағатқа тапсырады.

Қазақстандық банктік тәжірибеде жоғарыда аталған екі жағдай бойынша банктердің таратылуы орын алды. Соның нәтижесінде екінші деңгейдегі банктер саны біршама азайды, яғни бірігу, қосылу, бөліну немесе өзге банктік емес ұйымға айналу шаралары іске асты.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 649; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты