![]() КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дәріс № 2. Кәсіптік білім негізін қалыптастыру. Кәсіптік білімді басқару теориясы.Дәріс жоспары:
Негізгі ұғымдар мен анықтамалар Кибернетика ғылымы кез-келген жүенің басқару органдарының жалпы заңдылықтарын зерттейді. Биологиялық ,әлеуметтік және автоматтандыру жүйелерінің басты материалдық қасиеттері қоршаған ортамен өзара бірлікте болып табылады. Ол бірлік басқару органдарының ақпаратты қабылдау, өңдеу, сақтау және жіберу мүмкіндігінің өзара ұқсастығында. Басқару жүйелерінің өзіндік ерекшелігі бар. Ол заңдылықтарды биологиялық, әлеуметтік не техникалық деп ажыратуға болады. Бірақ кибернетика ғылымы үшін бұл іргелі ғылымдар интегралды мәнге ие.Бұл дегеніңіз кибернетика ғылымының негізі болып табылатын адамдардың ғылыми дүниетанымдық ұстанымы басты мәнге ие екендігін көрсетеді. Кибернетика, әсіресе, техниканы басқару автоматты құрылғылар мен олрадың жұмыс істеу принципін үйренуде, адам еңбегін автоматтандырудың мәнін түсінуде зор рөл атқарады. Сөйтіп, кибернетика мына төмендегі танымдық процестердің қалыптасуына ықпал етеді: - дүниенің біртұтастығына; - түрлі табиғи бірліктердің ақпараттық байланыста болатындығына. Кибернетиканың модельдеудегі құбылыстарына сипаттама беру үшін (тірі ағза, сана, қоғам, тіл т.б.) біз қызметтік модельді таңдап аламыз да оған ұқсас элементтерді қарастыра бастаймыз. XX ғасырдың 40 – шы жылдарында пайда болған кибернетикалық бұл тәсілді функциональдық ұқсастық әдісі деп атап кетті. Бұл әдісті іске асыру үшін әрине, автомат пен жанды организмнің, автоматты жүйелер мен қоғамның, ЭЕМ мен ми құбылысының арасындағы байланысты,олардың жалпылама қасиеттерін біуіміз керек. Ал, кибернетика бұл ұқсастықты біле алады, күрделі динамикалық құбылыстарды басқара алады. Олардың сыртқы және ішкі реакцияларын байқау қабілеті бар. Осы құрылғылар жүйесін қоршаған ортаға икемдеп қайта құра алады. Кибернетиканың осы процесті атқаруын автоматты жүйелерді басқару механизмі деп атайды.
Осы қағидаларға сүйене отырып, мына төмендегі кестеден автомат пен адамның қызмет атқара алатын ұқсастықтарын салыстыруға болады.
Мұнда өз бетінше қызмет атқара алатын екі жүйенің ұқсас әрекеттері берілген.Машина мен адамның қызмет атқаратын органдарының ұқсас екендігі көрініп тұр.
|