КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Азақстан Республикасының бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйелеріКәсіптік білім беру жүйесі - бұл кәсіби және жоғарғы білім беру мекемелері, оның ғылыми және ғылыми - әдістемелік органдары және олардың басқару жүйесінің мен қоса жиынтығы. Кәсіптік білім беру жүйесінің құрылымы мына төмендегідей: - Бастауыш кәсіптік білім; - Орта кәсіптік білім; - Жоғары кәсіптік білім; - Жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім; - Қосымша кәсіптік білім. Қазақстан Республикасында «Білім беру туралы» Заңының 22 – бабына сәйкес мына төмендегі білім беру деңгейлері жүзеге асырылады: - Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту; - Орта білім; - Жоғары кәсіптік білім; - Жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім. Бастауыш кәсіптік білім – кәсіптік мектептер мен лицейлерде негізгі жалпы білім базасында орта білім берумен бірге белгілі бір кәсіп саласы бойынша жұмысшы қызметкерлер даярлайды. Оқу мерзімі кәсіптік мектептерде 2 – 3 жыл, ал кәсіптік лицейлерде – 3 жыл, кейбір күрделі технологиялар мен құрылғыларды үйрену 4 жыл мерзімді қажет етеді. Бастауыш кәсіптік білім беру қайсы бір кәсіп саласы бойынша орта білім негізінде қысқартылған уақыт мерзімінде де жұмыс істей алады. Кәсіптік оқыту өндірісте, оқу - өндірістік комбинаттарда, оқу орталықтары мен басқа да жұмысшыларды дайындайтын құрылымдарда атқарылады. Орта кәсіптік білім – колледждер мен училищелерде орта білім базасында кәсіби бағдар бойынша конкурстық негізде беріледі. Колледждер мен училищелерде оқу мерзімі 3-4 жыл. Жалпы орта білімі, не бастауыш кәсіптік білімі бар азаматтар өз кәсіп салалары бойынша орта кәсіптік білімі қысқа мерзім ішінде, жеделдетілген бағдарламалар арқылы алуына болады. Колледждер мен училищелер тиісті лицензиясына сәйкес бастауыш және орта кәсіптік білім беруді жүзеге асырады. Орта кәсіптік білімі бар азаматтар болса ықшам әрі икемделген бағдарламалар арқылы қысқа мерзімде қосымша мамандық иеленуіне болады. Сондай – ақ колледждер мен училищелерде салалық мамандықтар бойынша республикалық оқу әдістемелік бірлестіктер құрылады. Бастауыш және орта кәсіптік білім берудің типтік оқу бағдарламалары тиісті кәсіп саласы бойынша білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің 11 қазан 2001 жылғы № 1459 жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес бастауыш кәсіптік білім мен орта кәсіптік білім берудің бір бөлігі техникалық және ауылшаруашылық мамандықтары бойынша шоғырландырылып, орта білім жүйесіне көшіріліп, еңбек нарығы сұранып отырған жаңа технологиялық талаптар негізінде жоғары сапалы мамандар даярлай бастайды. Техникалық және кәсіби білім берудің базалық деңгейі – техникалық және қызмет көрсету саласы бойынша білікті жұмысшылар мен мамандар әзірлеуге бағыт алуы тиіс. Орта кәсіптік білім берудің кейбір жекелеген бағдарламалары бойынша орта кәсіптік білімді игеруді жаңа деңгейге көтереді. Бұл сатыдағы жалпы білім беретін бағдарламалар мазмұны кәсіптік біліммен қатар, жоғарғы оқу орнының 1-2 курстағы бакалавр деңгейін қамти алады.
|