КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Білім мазмұны сипаттамасыОрта кәсіптік мектептерде кәсби білім беру дегеніміз инжнер-педагогикалық ұжым мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеті, олардың теориялық білім негідерін,практикалық қабілеттері мен кәсіби дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар белгілі бір кәсіп саласы талап етіп отырған біліктіліктер денгейін қалыптастыру. Білім мазмұны -бұл тиісті орнында жүйеге келтірілген білім, білік және дағдыларды игеру барысы және нәтижесі, оқушыны өмірге және еңбекке дайындаудың қажетті шарты. Адам ойында шындықтың дұрыс бейнеленуі, қоғамдық тәжірибеде тексерілген таным барысының нәтижесі. Білім адамдардың қоғамдағы материалдық және рухани іс - әрекеті нәтижесі ретінде пайда болды. Кез – келген шындықты бейнелеу білім болмайды. Ал адам өзін - өзі өмірдегі іс - әрекетінен, оның объективті жағдайлары мен заттарынан бөліп қарайды. Адамдар болмысы тәсілдерінің өзі – олардың әлемге қатынас тәсілдерінің мақсатына сәйкес және тек басқа адамдармен қарым – қатынас арқылы жүзеге асатын нақты іс - әрекеті. Тек білім мазмұны ғана іс - әрекет мақсатын теориялық жақтан дұрыс көруге мүмкіндік береді. Арнайы технология болса ғылым негіздерін қазіргі техника, технология және өндірісті ұйымдастыру тұрғысынан қарайды. Ол оқушылардың мына төмендегі мәселелерді үйренуіне мүмкіндік жасайды: - тиісті өндіріс саласы мен оның даму болашағы туралы жалпы мәлімет береді; - қазіргі заманғы техника, өндірісті механизациялау мен автоматтандырудың кешенді жүйесін неғұрлым тиімді пайдалану, құрылғылардың негізгі мәліметтерін, жұмыс істеу принциптерін білуді үйретеді; - жаңа техника мен технологияларды, өндірісті дамытудың әлемдік деңгейдегі озық әдістерімен хабардар етеді; - еңбекті ғылыми ұйымдастыруды, өз жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігін, өндірістік санитария мен жеке гигиена ережелерін сақтауды үйретеді. Жалпы техникалық дайындық – жекелеген өндіріс салалары бойынша ғылыми – техникалық және әлеуметтік – экономикалық бағыттар бойынша өндіргіш күштердің дамуы, білім мен дағды жүйелері туралы хабардар етеді. Қазіргі кәсіптік – техникалық оқу орындарында «Материалтану», «Электротехника», «Техникалық сызу», «Техникалық өлшеу және дәлдік шегі» сияқты жалпы техникалық пәндер жүреді. Өндірістік оқыту барысында ғылыми теорияны практикалық тәжірибе негізі арқылы оқытушылар оқушылардың біліктілігін арттыруға жол ашады. Теория мен практика бірлігінде тәжірибенің айқындаушы рөлі бар. Өндірістік оқыту шеберлері мен оқушылар арасында білім, білік және дағдыларын іске асыруда бірлескен қимыл - әрекет, практикалық қызмет аясында кәсіби шеберлікке баулу процесі қалыптасады. Ол өндіріс орындарында немесе оқу шеберханаларында жүргізіледі. Практикалық біліктілік –еңбек қызметтерін сапалы, мақсатты, тиімді тәсілдермен атқара алу қабілеттілігі. Белгілі бір ережеге және оны нақты міндеттерді шешу барысында лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі. Білікті іс - әрекет орынды тәсілдерді таңдай – білуден, тек қана таңдай білуден емес, оларды тәжірибеде орындаудан көрінеді. Кәсіби дағды – кез – келген әрекетті орындай білуде жаттығу арқылы бекітілген білікті дағды деп атайды. Ал, кәсіби дағды белгілі бір кәсіпті меңгеру барысында практикалық жаттығулар арқылы қалыптасатын еңбек қызметін автоматты түрде сапалы әрі сандық көрсеткіші болып табылады. Дағдының психологиялық тұрғыдан мынадай түрлері бар: - қимыл дағдысы; - ойлау дағдысы; - сезім дағдысы. Қимыл дағдыларында - жұмысшылар еңбек қимылдарын дәл, нақ және аз күш жұмсай отырып тиімді үйлестіру әрекетін қалыптастырады. Ойлау дағдылары жұмыс барысында стандарты қалыптасқан, арнайы ойлау процесін қажет ететін дағдылар. Сезімдік дағдылар жұмысшылардың іс - әрекетті атқару кезінде сезім мүшелері арқылы қалыптасқан технологиялық процестер мен материалды сұрыптауларда пайда болады. Сондай – ақ бұл әрекет әсіресе, өндіріс процестерін ұйымдастыру мен тауар сапасын бақылау кезінде байқалады.
|