КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Кәсіби оқыту принциптерінің ерекшеліктеріОқытудың жалпы педагогикалық принциптеріне қоса кәсіптік мектептердегі оқу үрдісінің тиімділігі мен табысқа жетуі инженер – педагог қызметкерлердің кәсіби оқыту принциптерін сақтай білуі мен тек оларға тән мына ерекшеліктер де бар. Ол мына принциптер: 1. Жалпы білім беретін және жалпы техникалық пәндерді кәсіби бағыттау принципі: Бұл принцип бойынша кәсіп саласына бағытталған жалпы техникалық және арнайы нәндер циклы өзара байланыста оқытылады, олардың мақсаты білім алушылармен бірлесіп жүзеге асырылуы тиіс. Сондықтан оқытушылардың жасайтын кәсіптік оқыту бағдарламаларының мазмұны бір мақсатты көздейді. 2. Оқу материалдарын игеруде технологиялық бірізділік принципі. Бұл «Өндірістік оқыту» және «Арнайы технология» пәндеріне ғана тән. Ол оқушыларға өндірістік операцияларды бірізділікпен үйрете отырып, ол үлгілерді өндірісте қолдана білуге машықтандыруы тиіс. 3. Оқу үрдісі кезінде кәсіби қызметті модельдеу принципі. Кәсіби қызметті оқу үрдісінде модельдеу деп белгілі бір кәсіби іс-әрекетті қалыптастыру үшін тиісті оқыту әдістері мен түрлерін таңдап алу арқылы оқытуды айтады. Жұмысшы қызметінің эталондық моделін қалыптастыруға мына талаптар кіреді: - жұмыс орнындағы атқаратын қызметін жетік білу; - жұмысшының өзі шешуі тиіс міндеттерін білу; - тиісті міндеттерді орындау үшін жалпы кәсіптік, жалпы технологиялық және арнайы білім, білік, дағдыларын жете меңгеру. 4. Кәсіби жұмылдыру принципі. Бұл принцип білім алушылардың кәсіпті, жаңа техникалық құралды, технологиялық процесті, жаңа мамандықты игеруде, біліктілігін көтеруде білім мазмұны мен оқу үрісін оқушылардың өздігінен үйрендіре жұмылдыру. өндірістің даму болашағын түсіну, бағытын білу, практикалық мәселелерді пайымдап шеше білу, ой - өрісінің кеңдігі шығармашылық қабілетін сол іске жұмылдыра білуіне байланысты. Принцип мақсаты тек кәсіби дағдыларды игеру емес, оны иновациялық түрде дамытып, техника, технологияның ұйымдастыру тәсілдерін тиімді жетілдіруінде болып отыр. 5. Кәсіби оқытудың модульдік принципі Модульдік оқытудың мәні, оқушылардың жеке оқу бағдарламасына сай тапсырманы, не ақпаратты өзінше өңдеп, әдістемелік нұсқауларды басшылыққа ала отырып, көздеген мақсатына жету. Бағдарлама вариативті (таңдаулы) түрде беріліп, әлеуметтік сұранысқа орай модуль мазмұны жаңартылып отырады. Модуль деп оның принципін іске асыру оқушының барлық іс – қимыл әрекетін біртұтас етіп, кәсіби деңгейін дамыта оқытатын дәрежеге бағыттап, жеткізуді қамтамасыз етеді. Осы айтылған оқыту принциптерін жүйелі түрде сақтап, іске асырған инженер – педагог өз қызметінде шәкірттеріне дидактикалық, тәрбиелік және дамыта оқыту арқылы кәсіптік білім бере алады. Бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесі мен жалпы білім беретін мектептегі өз тәжірибеңізге сүйене отырып, мына сұрақтарға жауап беріңіз: 1. Кәсіби оқытудың политехникалық принципі бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесінде қолданыла ма?. 2. Модульдеп оқыту принципін практикада қалай іске асырылуға болады? Егер сіз оқу орнының директоры болсаңыз, өз педагогтарыңызға арнаулы пәндерді оқытуда модульдеу принципін қолдануға кеңес берер ме едіңіз?. 3. Кәсіби оқытуда экономикалық тиімділікке ұқсас принцип бар ма? 4. Педагогикалық процесті компьютерлендіру принципі, кәсіби оқыту принципін сипаттай ма?.
|