КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Кәсіптік мектеп оқушыларының білім, білік және дағдылық қабілеттерін бақылаудың заңдылық базалары.Қазақстан Республикасы оқу орындарындағы білім сапасын тексеру Мемлекеттік бақылаудың орталық және жергілікті атқарушы органдары жүргізеді. Жалпы бақылаудың мына төмендегі жүйелеріне тоқталмақпыз: 1. Білім берудің деңгейі мен түрі, оқу мерзіміне қарай білім сапасын тексерудің тестілеу, есеп шығару, өндірістік, курстық жұмыстар, біліктілік тапсырмалары, практика бойынша есеп, іскерлік ойын мен дөңгелек үстел т.б. сияқты түрлері бар. Оқу жоспарына кіретін бақылау жұмыстары пәнді оқыту сағаттарының сеніміне кіреді. 2. Кәсіптік дайындық деңгейі әрбір жарты жылда бір рет тексеріліп отырады, ал жыл соңында оқу мерзімі бір жылдық топтарға кезеңдік атестация жүргізіледі. Аттестация кезінде білім алушылар кәсіп саласы бойынша емтихан тапсырып тиісті (разряд, класс, санат) біліктілікке ие болады. 3. Кезеңдік аттестация жыл соңында, оқушылардың кәсіп саласына байланысты, өз бетінше орындаған өнеркәсіптік тапсырмалары, тиісті біліктілік деңгейіне сәйкестігі негізінде оқу - өндірістік шеберхананаларында, зертханаларда, полигондарда, оқу орнының шаруашылықтарында, олар болмаған жағдайда өндірістегі жұмыс орындарында жүгізіледі. Кезеңдік аттестацияны өткізуге арнайы аттестациялық комиссия құрылып, оқу орны арнайы бұйрық шығарып, оған директор басшылық жасайды. Комиссия құрамына өндірістік оқыту шеберлері, өнеркісіп өкілдері, техникалық қадағалау органдары қызметкерлері, оқытушылар кіруі мүмкін. Курс толық өтілген соң, бітіруші біліктілік емтихандарын тапсырады. 4. Бітірушінің біліктілік емтихандары білім алушылардың мамандығы бойынша олардың дайындығын анықтау (класс, разряд, санат) мақсатында жүргізіледі. 5. Біліктілік емтихандары алу барысында оқушылардан алған білім, білік және дағдылары олардың кәсіптік сипаттама талаптарын ескере жасалған өндірістік тапсырмалар беру арқылы алынады. 6. Білім алушыларға біліктілік емтихандарының түрін таңдауына құқық беріледі. Ол жазбаша біліктілік жұмыстары, дипломдық жобалар немесе шығармашылық (өнертапқыштық), практикалық жұмыстар болуы мүмкін. 7. Біліктілік сынақ жұмыстары өндірістік практиканың соңғы кезеңінде өткізіледі. Өндірістік жұмыстарды бағалау кезінде емтихан комиссиясының мүшелері бұйым сапасына, жұмыстың талапқа сай орындалуына, оның мерзіміне және оқушылардың жұмысты атқару икемділігі мен дағдысына, еңбек қауіпсіздігі шаралары мен гигеналық нормаларды сақтауына мән береді. 8. Білім берудің мемлекеттік стандарттарының орындалуы мен білім саласын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық атқару органдарының білім саласы бойынша белгілеген ережелері мен тәртіптері бойынша жүргізіледі. Олар емтихан өткізу туралы, курстан курсқа көшіру туралы, кезеңдік аттестация мен оқу орнын бітіру туралы нұсқауларда анықталған. Білімді бақылау және бағалау ғылыми дәлелденген, тәжірибеде қолданылған принциптер негізінде жүргізіледі: әділдік, жан-жақтылық, жүйелік, жеке-даралық, дифференциалдық және тәрбиелік.
|