КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Педагогикалық менеджменттің қызметіПедагогика ғылым мен тәжірибеде тұтас педагогикалық процесті басқару ғылыми тұрғыдан қарастырып, оған қатаң ғылыми негізделген сипат беруге деген ұмтылыс күшейе түсуде. Шыныдығында басқару тек техникалық және өндірістік процестерге ғана емес, сонымен бірге педагогика сияқты күрделі әлеуметтік жүйе үшін де қажет. Жалпы басқару дегенді – шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанасын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорынытындысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады. Басқару нысананы биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін. Әлеуметтік жүйесінің бірі ауыл, аудан, облыс, мемлекет көлемін қамтитын білім беру жүйесі деп білеміз. Бұл жерде білім жүйесі ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері, аудандық білім бөлімдерін атаймыз. Ал кәсіптік мектеп күрделі қозғалыстағы әлеуметтік жүйе ретіндегі мектепшілік басқарудың нысанасы болады. Біз мектепті басқару немесе оның компоненттері туралы айтқанда олардың жалпы жүйе-кәсіптік мектепті басқарудың бөліктері ретінде қарастырамыз. Ол бөліктерге тұтас педагогикалық, сынып сабақ жүйесі, оқушыларға эстетикалық тәрбие, кәсіптік бағдар беру жүйесі және т.б. «Менеджмент» термині ағылшын тілінен «manage» деген сөзінен шыққан, яғни «басқару», «меңгеру», «басшылық жасау» деген ұғымдарды береді. Менеджмент сөзінің жалпы түсінігі – басшының алдына қойған мақсаттарға қол жеткізуде , басқа адамдардың еңбектерін, қабілеттерін жұмылдыра білуі. Басқа сөзбен айтқанда менеджмент – ғылым мен адамдарды және әлеуметтік процестерді басқару өнерін біріктіру. Отандық сөздік қорымызға бұл термин қайта құру жылдарында «басқару», «басшылық жасау» сөздерінің баламасы ретінде пайда болды. Ол кезде, номенклатуралық басшылық жүйесіне ілінген кадрларды кәсіби біліктілігі, ұйымдастырушылық қабілетіне қарамастан бір орыннан екінші орынды басқаруға ауыстыра беретін. Тіпті кейде кәсіп саласынан мүлдем бейхабар кадрлар өндірістің маңызды учаскелерін басқаруға орталықтан жіберіліп отырылды. Сөз жоқ, бұл үрдіс басқару, «басшылық жасау» сияқты сөздерге нұқсан келтірді. «Менеджер» сөзінің шын мәні басшылықпен бірге «істің мән - жайын жетік білетін маман» деген анықтамаға дәл келетін сияқты. «Педагогика менеджменті» не «Білім саласының менеджері» деген атау қазір жиі қолданылатын болды, өйткені ол білім саласын жетік меңгерумен қатар, қарамағындағылармен кикілжіңсіз тіл табыса жұмыс істей алатын педагогика және психология ғылымдарымен қаруланған маман. Кәсіптік білім беретін оқу орнының директоры не жоғарғы оқу орнының ректоры алдымен кәсіби біліктілігі жоғарғы педагог болуы тиіс, содан соң басқару әкімшілік жұмысына барғаны жөн. Білім беру жүйесінің алдына қойған мақсаты өмір сүріп отырған замандағы адамзаттық өркениеттің прогрестік даму ерекшеліктеріне, қоғамдық – тарихи, саяси - әлеуметтік, экономикалық жағдайларға бейім жеке тұлғаны оқытып, тәрбиелеп шығару. Бүгінгі таңда ақпаратттық кеңістік әлемі дамып кетті. Атап айтқанда, дүниежүзілік интернет желісі, электронды почта, электронды оқулықтар, қашықтан оқыту және білім берудің кредиттік технологиялары әлемдік өркениетке аяқ басуымыздың көрінісі. Енді «педагогикалық менеджмент», сөзіне анықтама берсек. (Мұны кейде «білім беру менеджменті» деп атап жүр). Педагогикалық менеджмент – бұл білім беру процесін басқарудың кешенді принципі мен технологиялық тәсілдер, ол тек білім мекемелеріне тиімді басшылықтың творчестволық потенциялын көрсетіп қана қоймай, педагогтар, студенттер мен тыңдаушыларға да өзіне тән міндеттер ауқымын жүктейді. Кез – келген ғылымда, оның ішінде педагогикада да менджмент сөзінің негізі антропоцентрлік көзқарасты құрайды, оған мына үш талап қойылады: 1. Өз қарамағындағы қызметкерлерге сыйластықпен қарау; 2. Оларға сенім білдіру; 3. Олардың іс - әрекетінде табысқа жету мүмкіндігін жасау. Антропоцентрлік (грек сөзінен «antropos» - адам деген ұғымды білдіреді). Көзқарас дегеніміз басқару ісінің мақсаттары мен міндеттеріне мәнді түзетулер ендіруді білдіреді. Басқару қызметінің негізгі өзегі болып адамдардың творчестволық мүмкіндігін мейлінше өнімді пайдалану болып табылады. Осыған байланысты менеджменттік стратегиялардың жаңа қызметтерін жүзеге асыруда мына төмендегі базалық негізге арқа сүйейді. 1. Творчестволық топтарды іске тарту арқылы қабылдаған шешімдердің сапасын арттыру 2. Қызметкерлердің жауапкершілік сезімін күшейту. 3. Инженер – педагог қызметкерлер арасында ақпарат жариялылығы мен өзара сенімділікті арттыру арқылы оқу орнында дұрыс ахуал қалыптастыру. 4. Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің еңбектерін дер кезінде бағалап, олардың шығармашылық идеялары мен инновациялық іс - әрекеттеріне қолдау көрсету. 5. Студенттер мен оқушыларды шешім шығаруға қатыстырып, олардың оған жауапкершілігін арттыру. Қазіргі заманның білім жүйесінің басты ерекшеліктерінің бірі – мемлекеттік басқарудан мемлекеттік қоғамдық басқаруға өту. Білім беруді мемлекеттік – қоғамдық басқарудың негізгі идеясы – білім проблемаларын шешуде мемлекет пен жұртшылықтың күш-қуатын біріктіру, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналарға оқу процесінің мазмұны мен түрін ұйымдастыру әдістерін және білім беру мекемелерін таңдауға барынша кең құқық пен еркіндік беру.
|