КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Практикалық сабақтарға басшылық жасауОқушылардың кәсіби – практикалық дайындығы (өндірістік оқыту) мына төмендегі компоненттерді қамтиды: - оқушыларды оқу шеберханаларында, зертханаларда, полигонда және шаруашылық учаскелерінде оқыту; - оларды өндірістік я шаруашылық жағдайында жақындастырып, жұмыс орнында мамандығына бейімдеу; - өндірістік практиканы кәсіпорын, ұйым, не шаруашылықта ұйымдастыру. Оқушылардың өндірістік оқыту мен өндірістік практикасына басшылық жасау мына заңдылықтарға сүйеніп жүргізіледі: 1. Мұнда оқу тәрбие – жұмысы мен өндірістік оқыту қатар жүргізіледі. «Оқу мен тәрбие – егіз» ұстанымы ұдайы басшылыққа алынып отырады. Дидактикалық және өндірістік міндеттер өзара байланыста басты мақсат жолына жұмылдырылады. 2. Өндірістік оқыту мен практиканы басқару төмендегідей иерархиялық құрылымға ие: 1 – ші деңгей – оқу орнының директоры; 2 – ші деңгей – директордың оқу өндірістік жұмыстар жөнінідегі орынбасары; 3- ші деңгей – кәсіптік мектептің аға шебері; 4 – ші деңгей – белгілі бір топтық өндірістік оқыту шебері; 5 – ші деңгей – оқу тобы; 6 – шы деңгей – оқу бригадасы ұжымы. 3. Өндірісте практикалық оқыту барысында басқарудың мына жүйесі де жұмыс істейді: - өндірістік оқыту шебері – тәләмгер – оқушы; - өндірістік оқыту шебері – бригадир – оқушы; - өндірістік оқыту шебері – учаскі шебері – оқу бригадирі – оқушылар т.б. 4. Осы келтірілген құрылым үлгісіндегі әрбір субъекті өз деңгейіндегі құзыреттілікке сәйкес басқару циклын іске асырады, жоспарлайды, ұйымдастырады, бақылайды, талдау және есеп жұмыстарын жүргізеді. Енді осы айтылған өндірістік практиканың басқару құрылымына кеңінен тоқталайық: оқушыларды өндірістік оқыту мен практикасын басқаруды жоспарлау - бұл оқу орнының перспектикалық, жылдық және ағымдағы жұмыс жоспарларын жасап, оған дайындық алдын – ала жүргізіледі. Осы жоспарлар негізінде топтық оқу - өндірістік жоспары, өндірістік оқытудың сабақ жоспары, оқу - өндірістік жұмыстар тізімдемесі жасалынады.
Оқушылардың өндірістік оқыту мен практикасын ұйымдастыруға мыналар кіреді: - Оқытудың материалдық – техникалық базасын дайындау; - Оқу топтарына өндірістік оқыту шеберлерін іріктеу және бекіту, оларды оқу бағдарламаларымен, тиісті техникалық құралдармен қамтамасыз ету; - Оқу шеберханасында сабақ кестесін жасау; - Өндірістік объектілердегі өндірістік практика жұмысын ұйымдастыру; - Оқушылардың оқу - өндірістік қызметіне сұраныс әзірлеу; - Оқу - өндірістік процестердің материалдық – техникалық базасын жасақтау, құрал – жабдықтармен, шикізаттармен, полуфабрикаттармен т.б. материалдармен қамтамасыз ету; - Өндірістің алдыңғы қатардағы жұмысшыларының, заттарының (новаторлар) іс – тәжірибесін оқып, үйрену; - Оқушыларды жұмысқа жеке – жеке бөлу; - Бітіруші біліктілік жұмыстарына қажет үлгі сынақ ұйымдастыру қызметін әзірлеу және өткізу. Өндірістік оқытудың толық мазмұнын іске асыру үшін басшылар басқарудың басқада тәсілдерін кешенді түрде жүзеге асыра білуі керек, олар: өндірістік оқыту практикасын реттеу, ішкі бақылау жұмысы, есеп пен талдау. Бұл жағдайларда өндірістік оқыту шебері арнайы тіркеу журналын жүргізеді, ал оқушылар өндірістік оқу мен практикаға арналған күнделік жүргізеді. Өндірістік оқыту үрдісі, ондағы әдіс – тәсілдерді өткен тарауларда қарастырғанбыз.
|