КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Теориялық білім беру процесін басқаруКәсіптік білім беру мазмұны 2 бөліктен тұратынын жоғарыда айтып өттік: Теориялық және практикалық оқыту. Кәсіби білім беру жүйесінде оқушыларды теориялық оқыту мазмұны мына негізгі міндеттерден тұрады: 1) Оқытушы кадрларды жасақтауолардың оқу жүктемелерін тиімді бөлу; 2) Оқытудың материалдық – техникалықбазасын жасау және жетілдіру – ол оқу кабинеттерін, әдістемелік кешендер жүйесін техникалық құралдармен жабдықтау т.б. 3) Әдістемелік жұмыстар жүргізу; 4) Оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастыру; 5) Теориялық оқытудың сабақ кестесін жасау; 6) Теориялық оқытуды жетілдірудің жылдық, ағымдағы және перспективалық іс – шараларын жоспарлау; 7) Іс – шараларды атқаратын ұйымдастыру жұмыстарын анықтау; 8) Оқу жұмыстарын күнделікті реттеу, 9) Оқу жұмыстары туралы есеп беру; 10) Оқшылардың теориялық оқуын бақылау және талдау; Теориялық оқытудың тиімділігі көбінесе оқу процесінің жүргізілетін орны мен оқу режимінің ұйымдастыруына байланысты. Оқушылардың жұмыс қабілетінің артуына санитарлық физиологиялық және гигиеналық, жағдайлардан басқа оқу процесінде оқушылар қызметін басқаруға арналған психо – педагогикалық факторлар да әсер ететіні де анықталған. Олар: - оқу материалының мазмұны мен көлемі; - оқыту түрінің ұйымдастырылуы мен оның құрылымдық жүйесі; - көрнекі және техникалық құралдарын пайдалану; - оқыту әдістері мен тәсілдері; - оқушылар қызметінің түрі. Оқушылардың зейіні мен танымдық қабілетін арттыратын теориялық оқытудың жоғарыда аталған факторларының арасында өзара тығыз байланыс бар. 1. Оқудың түрі мен құрылымы, мазмұны мен көлемі, оқыту әдістері бүкіл апта бойы бірқалыпты болуы мүмкін емес, әсіресе, алғашқы және соңғы сабақтар. Оқушылар қызметіне анық ойлауы мен дене қимылына, пәндердің сабақ кестесінде бір мезгілде біркелкі орналасуы да әсер етеді. 2. Аптаның ішіндегі өнімді күндер – сейсенбі және сәрсенбі. Бұл күндерге негізінен қиын меңгерілетін оқу материалдарын, проблемалы жалпылама шолу лекциялары, ұғынуы қиын жаңа тақырыптарды, қайталау, бақылау – тексеру сабақтарын қойған дұрыс. 3. Аптаның басқа күндеріне көрнекі және техникалық құралдарды кеңінен қолданылатын білім, білік және дағдылық қабілеттерін бейімдейтін бағыттағы сабақтарды қою керек. Сондай –ақ зертханалық, сарамандық жұмыстар жүргізу де ыңғайлы. Бұл күндері оқушылардың ой қабілетін жиі ауыстыратын тапсырмалар беріп, жаңа материалдар көлемін азайтқан дұрыс. 4. Оқушылардың күні бойы бірқалыпты жұмыс қабілетінің мүмкіндігі жоқ екенін мұғалім сабақ мазмұны мен мәндерін таңдағанда мұқият дайындалып есепке алуы керек. Дүйсенбі күні, әсіресе, бірінші және соңғы сабақ лекция оқуға тиімді емес, сол сияқты ұзақ жазу, қиын есептер көлемін де шектеген жөн. Негізінен, бұл күндері жаттығу жұмыстарын, зертханалық – сарамандық, шағын өздігінен істейтін, шығармашылыққа іздену сипаты бар материалдар берген абзал. 5. Жоғары және тұрақты жұмыс қабілеттері байқалатын (2-4 сабақтар) кезеңде оқытушы кәсіптік мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне бірқалыпты өнімді жұмыс істеуге (30 минуттай) тапсырманы бере алады. Күрделі математикалық, технологиялық есептер, жалпылама – аналитикалық семинарлар, ұзақ шығармашылық жұмыстар берген өзін - өзі ақтап жүр. Айта кету керек, теориялық оқытуда пән күрделілігі мен оқу материалын игеру оқушыларға көп қиындық туғызады. Осы қиындықтардың өзін бірнеше сатыға бөлуге болады: - жоғары ойлау қабілеттілігін қажет ететін, абстрактылы жалпылама ұғым сипатына байланысты пәндер (математика, шет тілі, техникалық механизм), - ойлау қызметімен қоса нақты материалдар, заттарды құрылымдарды пайымдап, көрсетіп өтетін пәндер циклы. (арнаулы технология пәндері, сызу, электротехниа, физика, химия) - фактілер басым бағытқа ие пәндер (машина құрылыс технологиясы, техникалық өлшеу мен дәлдік шегі, еңбек және өндіріс экономикасы негіздері, әдебиет, география, биология, тарих, эстетика) Мұның бәрі оқушылардың сабақ кестесін жасауда, оларды орналастыруда есте болатын нәрсе. Теориялық оқытуда, әсіресе, білім негіздерін игертуде нашар үлгеретін оқушылармен жұмыс істеу маңызды орынға ие екені белгілі. Осы мақсатпен директордың оқу – тәрбие істері жөніндегі орынбасарлары мына төмендегі жұмыс түрлеріне көбірек көңіл бөледі: - нашар үлгеретін оқушылар үшін қосымша сабақ кестесі мен консультация кестесін жасайды; - оқушылардың сабаққа қатысуы мен оқытушылардың жұмысын қадағалайды. Теориялық оқытуды басқаратын білім беру менеджері қызметіне мына басты бағыттарды ұсынғымыз келеді. 1. Кәсіптік мектепте теориялық оқытуды мейлі қандай пән болсын болашақ кәсіп иесі өз мамандығына сәйкес бағыттап практикалық тұрғыда іске асыру принципін ұстанған жөн. Бұл туралы өткен таруларда тоқталғанбыз. 2. Теориялық оқытуды жоспарлау мен ұйымдастыру жұмыстары өндірістік оқытудан бұрын іске асуы қажет екендігі есте болсын. 3. Апталық, тіпті күндік сабақ өтуде өндірістік оқытуды мейлінше тиімді ұйымдастыру, әсіресе, кәсіптік мектеп оқушыларының психофизикалық жас ерекшеліктерін ескере отырып. 4. Теориялық оқыту көлемі мен мазмұнын, үй тапсырмасын өзіндік жұмыстарды оқытушы алдын – ала іріктеп, әдістемелік кешендерді дұрыс таңдап ұйымдастыра білуі керек. 5. Инженер – педагог кадрлардың педагогикалық жүктемесін тиімді бөліп, теориялық оқытуды нақтылап, жылдық семестр бойынша апталық және күделікті сабақ жоспарын құра білуі керек. 6. Теориялық кәсіптік білім беру мекемелерінде оқытуды психология, педагогика және физиология ғылымдарының талаптарын есепке алатын ішкі бақылау жүйелерін әзірлеп, оқушылардың жас ерекшелігіне қарай ендіру қажет. Кәсіптік білім беру оқу орындарындағы әрбір іске асырылатын маңызды шаралардың тиімділігін бақылап, оның практикалық нәтижесін шығаратын – директор болуы тиіс.
|