Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Білімді бақылаудың объективті әдістері




Әділдік, шындық (білім сапасының нақтылығы, баға өлшемі мен ережесі нормасына қатысты) – бұл субъективтік факторларды болдырмауды көздейді.

Жүйелік, бірізділік - әрбір сабақ, тақырып бойынша оқушылар оқу әрекетінің басқа буындарымен байланыстыра қаралып, оқыту процесінің барлық кезеңдерінде бақылау жүргізуді көздейді: түйінді сұрақтар бойынша оқыту нәтижесін қорытындылау, тақырыптық бақылау, сабақтар бойынша балл қою т.с.с.

Жеке-дара қатынас - әрбір оқушының ерекшелігін бағалау (оның қабілеті, бейімділігі, денсаулығы, оқу әрекеті т.б.) қарастырады.

Жан-жақтылықта – бақылау оқу бағдарламасының барлық бөлігін қамтиды, оқушылардың теориялық білімдерін, интеллектуалдық және практикалық білік пен дағдысын бақылауды қамтамасыз етеді.

Дифференциалдық қатынас - әрбір пәннің ерекшелігін, жекелеген бөлімдерін, сонымен бірге оқушылардың жеке-дара қасиетін ескеріп, соған сәйкес бақылаудың әртүрлі әдістері мен мұғалімнің педагогикалық әдеп сақтауын талап етеді.

Жоғарыда айтылған талаптарды орындау, ең алдымен бақылаудың сенімділігін және оқыту процесінде өздерінің алдында тұрған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді, бақылауда әртүрлі қателіктер мен сәтсіздіктердің болмауына кепілдік жасайды.

Оқушылардың білім, білік және дағдыларын бақылау, бағалау педагогика ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді қолдану негізінде жүзеге асады.

Олар мыналар:

- ауызша баяндау (әңгіме, жеке-дара топтық, фронталдық сұрақ).

- жазбаша бақылау (диктант, шығарма, таблица, схема, суреттер құрастыру)

- практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарынан, еңбек операцияларын орындау, тәжірибе жүргізу)

- машиналы бағдарламалап бақылау (профокарталар, бақылау карталарын, дұрыс жауаптарды, диафильмдерді қолдану)

- өзін-өзі бақылау, бағалау (қателерді болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз жетістіктерін бағалау, соған сәйкес балл қою).

Оқыту процесінде бақылаудың фронталдық, топтық және дербес формалары қалыптасқан. Оның тиімділігі – мұғалімнің оны дұрыс ұйымдастыруына байланысты.

Фронтальдық (жаппай) бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындау барысында оқушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық, сезім пайда болады, бір-біріне сұрақтар қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарды өзара тексеріп, іске асырады. Демек, бірігу іс-әрекетінде әлеуметтік құнды мотивтер қалыптасады.

Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақ барысында мұғалімен тапсырмалар алып орындайды. Кейде, кейбір оқушылар түрлі себептерге байланысты (сабақ жіберу, нашар үлгеру, ауыру т.б.), қосымша көмекті қажет етулері мүмкін. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске алған жоқ.

Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін, іскерлігін және дағдысын терең, жан-жақты анықтауға мүмкіндік береді. Дербес бақылау бағдарламалап және дифференциялы оқыту барысында жақсы нәтиже береді. Дербес бақылауда оқушылар жауабының логикалық бірізділігі, олар өз пікірлерін қалай байымдайды, қалай дәлелдейді, міне, осы мәселелерге аса көңіл аудару керек.

Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет. өзін-өзі бақылау, олардың оқу-бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі және дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. өзін-өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жаттығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды.

Баға білімді есепке алу ған емес, ол тәрбиелік құрал.

Сондықтан, оқушы білімін бағалауда немқұрайлылыққа салынуға болмайды.

Оқыту – динамикалық процесс. Оның сапасын үнемі жетілдіріп отыру - өмір талабы. Білім беру саласында оқу-таным әрекетінің сапасын, дәрежесін есепке алу, тексеру және бағалаудың білім, білік, дағдының нәтижесін арттыруда қызметі ерекше. Сөйтіп оның технологиясын әркезде өмір талабына сай жетілдіріп отыру оқыту міндеттерінің өзекті мәселелерінің бірі.

Күні бүгінге дейін оқыту саласында қолданылып жүрген білім, білік және дағдыны тексеру мен бағалаудың «5» балдық жүйесі, оның сапасын, дәрежесін анықтап, белгілеуде барлық жағдайда объективтік тұрғыда қамтамасыз етпейді. Соның нәтижесінде қазіргі кезде жоғары оқу орындарында оқыту процесіндегі рейтинг-тестік жүйе оқу таным әрекетінің сапасын анықтайтын бақылаудың жаңа түрі өмірге келді.

Рейтинг – ағылшын тілінде totart– «бағалау» немесе «жетістік өлшемі» деген ұғымды білдіреді.

Рейтинг жүйесінің мақсаты:

- оқу-таным әрекетінің сапасын, нәтижесін арттыру;

- оқу-таным әрекетінің сапасын тексеру, бағалаудың тиімділігін жетілдіру және әділдігін орнықтыру;

- оқу-таным әрекетіндегі білім, білік, дағды сапасын, дәрежесін бақылауда жүйелілікті қамтамасыз ету;

- оқу-таным әрекетіндегі студенттердің жауапкершілігін, белсенділігін арттыру;

- тексеруде уақытты үнемдеу.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 140; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.011 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты