КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Кәсіби оқытудың әдістері мен тәсілдеріӘдіс – білім беру, тәрбиелеу және дамыту барысында белгіленген мақсатқа жетуді қамтамасыз етуге, ғылымда зерттеуді жүзеге асыруға көмектесетін тәсіл, алға қойған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырылған адамдардың, ұжымдардың іс - әрекетінің бір жолы. Оқыту әдістері деп оқу – тәрбие мақсаттарына жетуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың өзара байланысты іс - әрекеттерінің тәсілдері. Кәсіби оқыту әдістері – бұл арнайы жүйе және ол логикалы бір ізділікпен іс - әрекет жасайтын инженер – педагог пен кәсіптік мектеп оқушысының бірлескен қимылы. Осы арқылы оқушылар кәсіптік білім негіздерін меңгеріп, білік пен дағды, шығармашылық қабілеттіліктерін дамытып, кәсіби шеберліктің қыр – сырын үйреніп, оның негіздерін қалыптастырады. Дидактикалық міндетерді шешуді қамтамасыз етудегі түрлі іс - әрекет қимылдарды біртұтас қызмет жүйесі деп түсінген жөн. Іс - әрекет – бұл қарапайым ағымдағы мәселелерді шешуге бағытталған қимыл элементі. Инженерлік психологияда іс - әрекеттің мына түрлері бар: - пәндік – практикалық; - пәндік - ойлау; - практикалық белгілеу; - ойлау белгілері арқылы. Пәндік – практикалық іс - әрекет пәннің түрі мен көлеміне, оның кеңістікте орналасуына, өзгерісіне байланысты. Қол еңбегіне қатысты барлық кәсіпте бұл сипат басты мәңге ие. Пәндік – ойлау іс - әрекеті, пән бейнесін, мазмұнын алдыңғы орынға қойып, оны әркез есте ұстайды. Ойлау қызметін ерекше орынға шығарады. Практикалық белгілеу іс - әрекеті таңбалық жүйе мен практикалық белгілер әрекетіне негізделген. (түрлі есептрді шешу, кесте, сұлба бойынша мәліметтер іздестіру, жинақтау т.б). Ойлау белгілері іс - әрекеті белгілер мен таңбалар жүйесін ойда сақтау қызметін алға қояды. (жадта ұстау, логикалық және есептеу операцияларын есте сақтау, ой жүгірту т.б). Оқыту үрдісін қамтамасыз ету оқыту әдістері мен оқу түрлері арқылы жүзеге асады. Тәсілдер жүйесі пәннің әдістік мазмұнын құрайды. Бұлардың жиынтығын оқыту әдістері деп жалпылама айтып жүрміз. Оқытудың мақсаты мен мазмұнына байланысты әр сабақтың белгілі бір міндеттер белгілеп, соған лайық қимыл - әрекет түрлерін қалыптастырамыз. Осыдан соң, оқу мен оқыту тәсілдерінің әрбір іс - әрекетін қамтамасыз ететін оқыту әдістерінің кешенді жүйесі пайда болады. Оны мына кестеден көреміз:
Оқытудың теориялық және өндірістік әдістерінің арасында белгілі бір дәрежеде айырмашылық бар. Егер оқытушы кәсіптік – техникалық пәндер циклі бойынша теориялық сабақ барысында мәліметтерді барлық оқушыларға бір мезгілде жеткізсе, ал өндірістік оқыту жағдайында сабақ топтарға, топшаларға, қажет болған жағдайда, жекелей де жүргізіледі. (Мысалы: автокөлік құралдарын жүргізуге үйретіп, балқыту, дәнекерлеу жұмыстары мен бөлшектерді жинау, құрастыру т.б.). Оқушылардың танымдық іс - әрекетінің деңгейіне байланысты оқыту әдістері мынадай екі топқа бөлінеді: 1. Еске түсіру (репродуктивтік) арқылы. 2. Іздену (шығырмашылық) арқылы. Еске түсіру әдісі арқылы оқушы білімді дайын күйінде алады немесе практикалық жұмыстарды үлгіге қарап отырып, оқытушының не өндірістік оқыту шеберінің, басшылығымен игереді. Іздену әдістері оқушыларды білізділікпен, мақсатқа бағыттай отырып, оқу үрдісі кезінде түрлі деңгейдегі танымдық есептерді шығару арқылы жаңа білім мен дағды негіздерін белсенділікпен меңгеру болып табылады. Ақпарат көздері арқылыоқыту әдістерінтүрлендіру қазіргі білім беру үрдісінде басты мәнге ие болуда. Олар: 1. Сөйлеу әрекеті арқылы: - Әңгімелеу; - Түсіндіру; - Лекция; - Сұхбаттасу; - Оқулық мәтінімен жұмыс; - Дыбыс жазу таспаларын пайдалану; - Нұсқау беру; 2. Көрнекілік: - Демонстрациялау; - Оқушының өзіндік бақылауы; 3. Практикалық; - Жаттығу; - Өндірістік – техникалық есептерді шешу; - Зертханалық – сарамандық жұмыстар.
Кәсіптік оқытудың сан алуан әдістері бар. Сондықтан да оның жіктелуінде де көптеген пікірлер бар. Сол әдістердің жіктелуінің бірі – осы жоғарыда айтылған әдіс: оқушылардың танымдық іс-әрекеті бойынша жіктелуі.
|