Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тәрбе принциптері




Еліміздегі әрбір еңбеккер өз кәсібінің иесі, ол өмір сүру, жанұя берекесінің көзі болып,өзінің кәсіби біліктілігін, шеберлігін шыңдап, жаңа техника мен технологияларды игеруде шығармашылықпен меңгеріп, кәсіпкерлік пен бизнесті тиімді ұйымдастыра білуі қажет. Әрбір тәжірибеші педагог өз тәрбиеленушілері мен біртұтас педагогикалық мақсатқа лайықтылық принципін жүзеге асыруға әрекеттенуі керек. Осы принциппен мазмұндас – жалпы адамзаттық адамгершілік құндылықтар рухында тәрбиелеу принципі бүгінгі таңда алдыңғы орынға шығып отыр. Өйткені, қазіргі қоғамда түрлі топтардың жіктеліп, әртүрлі партиялар мен саяси қозғалыстардың белсенділік танытып отырғаны белгілі.

Саясатқа араласу - әрбір азаматтың жеке ісі, мемлекет те кеңес дәуіріндегідей жеке жеткіншектердің саяси белсенділігіне тосқауыл болмауы керек. Бұл жерде адамдарды жікке бөліп, алауыздық туғызатын іріткі саясат емес, қайта оларды біріктіретін, ұлттық идеологияларға жататын, соған бағытталған Кешенді тәрбие жүйесі қажет – ақ. Қоғамды ізгілендіру принципінде тәрбиелеу жеке тұлғаның қызығушылығы мен ұжым арасындағы бірліктің ұйытқысы, одан барып адамның жеке қызметінің дамуы мен ұжымның тәрбиелік қызметіне ұштастыру идеясы басты орынға шығады.Қазіргі таңда педагогтар Ғылымды игеруді өз бетінше дамыту, үйрену принципіне аса назар аударуда. Оқыту процесі кезінде алған білімдері негізінде жеке тұлғаның өз бетінше қызмет етіп, шешім шығара білу еркіндігі, шығармашылыққа жол ашады, өз бастамаларын аяғына дейін қандай тосқауыл болса да, өз ұжымы арқылы жетістіктерге қол жеткізу мүмкіндігі туады. Бұл үшін ұлағатты ұстаздар, тәлімгерлер, жаңашыл педагогтар бастамасымен арнайы жүргізілген ұжымдық тәрбиелеу принципін негіз ұстаным ретінде мақсат етіп қою керек. Қорыта келе, қазіргі кәсіби педагогикада тәрбие принципінің негізгі бағыттары етіп мыналарды ұсынуға болады:

1. Тәрбиенің кәсіби бағытта жүргізілуі. Тәрбиенің барлық түрі, жүргізілетін іс – шаралар мазмұны жеке тұлғаның бойында болашақ кәсіп иесінің біліктілігі мен шеберлігін қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

2. Жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаның бойында адамгершілік қасиеттерді жинақтау (адамдық, тәртіптілік, кеңпейілдідік, жауапкершілік т.б).

3. Тәрбиені өмірмен және еңбекке байланыстыра беру принципі – оқушыны өмірге бейімдеу, шығармашылық қызметке дайындау сияқты негізгі міндетті қамтиды.

4. Жеке тұлғаны ұжым арқылы тәрбиелеу.

5. Оқушының жеке тұлғалық қасиетін бағалай отырып, оны талап ете білушілікке тәрбиелеу.

6. Оқушының бойындағы жағымды қасиеттеріне негіздеп тәрбиелеу. (сенім арту, өз бетінше шешім шығару, жақсы қасиеттерін дәріптеу т.б).

7. Жас ерекшеліктерімен жеке қасиеттерін есепке ала отырып, тәрбиелеу.

8. Тәрбие жұмысының үйлесімді, тұрақты және жоспарлы түрде жүргізілуі.

Барлық педагогқа тән мына қағананы әрқашан есте ұстау: «Ұстаз - ешқашан ренжуге тиіс емес». Егер ұстаз ренжіп, көңілі қалып, ашуланатын болса, ол өзін - өзі ұстай алмайды, басқара алмай қалуы мүмкін, оқушы ұжымы алдында дәрменсіздік танылуы мүмкін.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 214; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты