Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Кәсіптік бағдар жүесінің сипаты




Кәсіптік білім беру жүйесінде жоспарды кәсіби бағдар беру ісін дұрыс ұйымдастырғанда ғана инженер – педагог жұмысын жеңілдетіп, көптеген тәрбие мәселелерін ұтымды шеше алуы.

Кәсіби бағдар беру – жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы таңдап алуға дайындауға бағыттталған мектеп мұғалімдерінің, технологтардың, дәрігерлердің, инженер – педагогтардың, жанұяның, еңбек ұжымдарының бірлескен іс - әрекеті. Кәсіби бағдар беру оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді. Кәсіби бағдар беру жүйесі қазіргі таңда жастарды өз бетінше кәсіп үйренуде ғылыми – теориялық және практикалық қабілеттерін, ел экономикасындағы қажеттілікпен ұштастыру болып отыр.

Кәсіби бағдар мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі. Ол үшін мына нәрселер қажет:

v Оқушылардың бойында ішкі психологиялық - әлеуметтік мәнділікті реттейтін қызмет түрлерін тәрбиелеу;

v Түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын тәрбиелеу;

v Кәсіпті өз бетінше, саналы түрде жеке қасиеттерін есепке ала отырып орындау бағытын жетілдіріп, тәрбиелеу.

Кәсіби бағдар берудің негізгі компоненттері:

1. Кәсіби бағдар беруді ақпараттандыру;

2. Қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке жас кезінен бастап үйрету;

3. Кәсіби бағдарға арналған кеңестер беру;

4. Кәсіптік бейімделу.

Кәсіби бағдар беруді ақпараттандыру– оқушыларды түрлі еңбек қызметтерімен, кәсіп ерекшеліктері олардың нарық жағдайы мен әлемдік өркениетте даму бағыттарымен, ел, аймақ, экономикасына тигізетін әсері, рөлі туралы мәліметтер беру.

Қоғамдық пайдалы өнімді еңбек түрлеріне жас жеткіншектерді баулу.Түрлі жұмыстарды атқаруға баланың икемділігін байқау, жеке қасиеттерін тәрбиелеу арқылы, өнімді еңбекке үйрету. Оларға практикалық жұмыстар кезінде өз бетінше еркіндік беріп, шығармашылыққа баулу.

Кәсіби бағдар беруге арналған кеңестер.Мұндағы басты нәрсе – кәсіп таңдауды негізгі қоғамдық және идеялық сананы қалыптастыру. Оқушылардың жеке қасиеттерінің кәсіп талаптарына сай келуі қажет. Мұндай кеңестерге қазіргі оқып жүрген жастардың тең жартысы зәру:

v Өз бетінше мамандық таңдай алмаған оқушылар;

v Мамандық таңдауда ата – аналармен келісе алмаған жастар;

v Өзі таңдаған мамандықтың дұрыстығына көз жеткізгісі келген жасөспірімдер;

v Тәртібі нашар, толқу үстінде жүрген жеткіншектер.

Кәсіби бағдарға ұсыныс беру түрі:

v Ақпаратты – анықтамалы;

v Психологиялық – педагогикалық;

v Медициналық тұрғыдан;

Кәсіби бейімделу- өзі таңдап алған мамандыққа бейімділігін оқу кезінде сақтап, дамытып өндірістік салада істеп жүргенде біліктілігін көтеру, шеберлігін арттыру. Бұл қасиеттер:

v Кәсіпке қызығушылығына;

v Еңбек мазмұнына;

v Жанұя әсеріне;

v Қызмет ортасына байланысты болады.

Кәсіби бағдар беру жұмыстары оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу арқылы жүргізіледі.

4-6 сыныптағы жеткіншектер өмірлік және кәсіби идеялары оянып адамгершілік сананың енді қалыптаса бастаған кезеңімен сипатталады.

7-9 сынып оқушыларында өз мүмкіндіктерін, кәсіби маңызды қасиеттерін өздігінше бағалай алатын, сол жолда білім алу мен ізденуді жалғастыратын кезең.

10-11 сыныптағы оқушылар нақты мамандықты таңдап, икемділігі мен дағдыны қалыптастыра бастауы қажет.

Кәсіптік бағдар беруде пайдаланылатын ақпарат көздері мен әдістері:

v Сөз арқылы, ауызша;

v Көрнекі құралдармен;

v Практикалық;

Сабақтан тыс уақытта берілетін тәрбие жұмыстарында кәсіби бағдар берудің түрлері мен әдістері:

v Әгімелеу (таныстыру және бағыттау ).

v Сол мамандық иелері мен ұстаздарымен кездесу.

v Оқушылардың мамандық туралы жазған шығармалары мен рефераттары.

v Байқаулар, викториналар т.б.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 306; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты