Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Оқу тобында өзін -өзі басқаруды ұйымдастыру мен ұжымды қалыптастыру мәселелері.




Қоғамдық пайдалы еңбек ұжымды біріктіретін негізгі құрал. Ол арқылы мына нәтижелер алуға болады:

- жұмыс нәтижесіне қанағаттану;

- қиындықты жеңе білу;

- бірлескен жемісті еңбек нәтижесін қуанышын бөлісу,

- топтың әр мүшесінің қатысу деңгейін анықтау т.с.с.;

Негізгі қоғамдық пайдалы еңбек түрлері мыналар:

- жалпы мектептік кезекшілікті атқару,

- топқа бөлінген аймақты тазарту;

- ауыл шаруашылық науқанды жұмыстарға ат салысу;

- сенбіліктер мен жаппай аудандық, қалалық іс – шараларға қатысу т.с.с.

Білім алу – студенттер үшін негізгі қызмет. Оқытудың жаппай, топтық және жеке түрлерін ұштастырып отыруды қалайтын дидактикалық талапқа сәйкес әрбір нақты жағдайда оқыту сипатының тиімді деңгейін табу қажет. Оқушыға жеке тұлға ретінде өзіндік тұрғыдан қарау сабақта, өндірістік оқуды ұйымдастыруда жүзеге асырылады. Бұл мұғалімнің оқушылардың оқу іс - әрекеттерін, қоғамдық және еңбектік белсенділіктерін, оқуға ынтасын, жұмысшы біліктілігін қалыптастыру т.б. қабілеттерін байқау, талдау әдістерімен зерттеу нәтижелеріне сүйенеді. Оқушыға не студентке өзіндік тұрғысынан қарау оған берілетін оқу тапсырмаларының көлемі мен күрделілігін жіктеуден, ол тапсырмаларды орындауда оған берілетін өз бетінше әрекеттердің деңгейлілігінен, тіпті бірде мадақтау, бірде талапты күшейту және басқа да оқу себептерінің сипатынан көрінеді. Оқушыларды тәрбиелеу арқылы оның білімге қызығушылығын арнайы түсіндіру жұмыстары арқылы мынандай қоғамдық түрлері қамтылады:

- ұжым арасындағы достық, жолдастық қарым – қатынас құралы- әңгіме не лекция;

- оқушылардың ғылыми конференциясы;

- пікірталас, дебат өткізу;

- фильмдер, пьессалар көру.

Осы аталған жүйенің орындалуын мына сұлба арқылы көруге болады:

       
 
Кәсіптік мектеп дене тәрбиесі жетекшісі
 
Кәсіптік мектеп кәсіподақ комитеті

 

 


 

 



Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 226; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты