КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Оқушылар ұжымының қалыптастыру кезеңдеріЖеке тұлғаны, адамды өмірге, белгілі бір ұжым арқылы кәсіпке баулып қалыптастыру барысы – объективті қасиеттілік. Адам тұлғасын жан – жақты және үйлесімді дамыта отырып, оның қоғам алдындағы борышын орындау, әлеуметтік талаптарын қанағаттандыру үшін оның бойында еңбек сүйгіштік, рухани, құқықтық, күш – қуаттың саналарды, өзіндік іс әрекеттерді жеке қасиеттері арқылы дамытып, тұлғаның жан – жақты үйлесімді дамуын жүзеге асырады. Оқушыларды оқытудағы саналылығы, тәрбиелілігі олардың белсенділігімен тығыз байланысты. Белсенділік танымдық іс - әрекеттің көздейтін мүддесі, білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, бойындағы жеке ерекшелік қасиеттерін қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды. Саналылық пен белсенділіктің, демек, өзін - өзі, басқара білудің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде, қоғамдық сұраныс қажет етіп отырған замана талабына лайық нәтижені пайдалана білуі болып отыр. Тәрбиелену және білімді игеру, кәсіби біліктілікті қалыптастыру барысында қоғамда белгіленген ережелерге оқушылардың өз тәртібін сәйкестендіру арқылы жүзеге асырылады. Жаппай оқыту, тәрбиелеу жұмыстары оқушылар ұжымы және топтарға бөлу арқылы жүзеге асырылады. Жалпы білім беретін мектептерде оқушылар ұжымы жас ерекшеліктеріне қарай сыныпқа бөлінсе, кәсіптік білім беретін оқу орындарында мамандық саласына қарай топтарға бөлінеді. Мұндай білім алушылар , тыңдаушылар ұжымын арнаулы және жоғарғы оқу орнында оқушылар я студенттер контингентті деп атайды. Бұл әлеуметтік бірлік мына төмендегі жағдайларды жүзеге асырғанда ғана ұжымдық міндетін атқара алады. 1. Белгілі бір нәтижеге бағытталған мақсат пен іс - әрекет негізінде ұйымдасады; 2. Ұжым мен әрбір жеке адам арасындағы мақсаттың өзара үйлесімділігі; 3. Ұжым мен оның әрбір мүще арасындағы өзара жауапкершілік; 4. Барлық ұжым мүшелерінің өзара теңдігі мен өздері сайлап алған басшыларына бағыныштылығы; 5. Әрбір ұжым мүшелерінің жеке қасиеттерін дамыту алғышарттарының болуы; 6. Ұжымдық іс - әрекет қызметіне оның көпшілік бөлігінің қанағаттануы; 7. Ұжымның барлық мүшелері бірігіп шығарған өнімінің теңдей бөлінуі; 8. Басқа ұжымдармен (оқу орны басшылық ұжымы, кәсіподақ, жастар ұйымы т.б.) өзара мақсатқа жұмылдырылған сыйластық қарым – қатынаста болуы; 1. Кәсіптік мектептің жалпы әкімшілік ұжымымен, қоғамдық ұйымдармен, бірлестіктермен өзара тиімді қарым – қатынас орнатуы. Оның қалыптасу кезеңдері бар (сатылары). Бірінші саты Мұндай жағдайдағы талап негізінен оқушыларға тек педагогтар ғана қояды. Мұғалім педагогикалық талаптарға дұрыс жауап бере алатын, білімге қызығушылығы бар оқушылар мен оқу топтарын анықтай алады. Бұл оқушылар мен топтар келешекте белсенділік танытып, ұжым ұйытқысы болуы мүмкін. Егер олар тәртіпті болып, топта оқытушы мен шеберлер, кураторлар талаптары орындалатын болса, топтық белсенділері оларды қолдап, жақсы жетістіктерге жетер болса, онда бұл саты өз деңгейінде қала береді. Екінші саты Оқу тобының белсенділері педагогтардың талаптарын қолдап қана қоймай, қалған оқушыларды да өз қатарына тартып, жетелейтін болса, онда бұл ұжым ұйымдасқан барлық қажетті нәрселерді өздері шеше алатын өмірге бейім, жоғары мақсаттарға қол жеткізе алатын ұжым. Берік сенімге ие болуда өзін - өзі тәрбиелеу мен өз бетімен білім алып, ғылыми мақсатқа жетуде мүмкіндігі мол екендігін айқындайды.
|