Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Процессор – компьютерде ақпаратты өңдеуді іске асыратын негізгі микросхема. 2 страница




Аудиоконференция (audioconferencing) – бұл конференцияға қатысушыларды дыбыстық жалғастыру кезінде болатын телеконференцияның бір түрі. Аудио конференцияны байланыстың цифрлық та, аналогтық та жүйлерінде ұйымдастыруға болады. Аудио конференция бір жақты бейне (one-way video), серіктік ТД үйлесімінде, сондай-ақ селекторлық кеңестер өткізу үшін кеңінен пайдаланылады.

Аудио-пошта – Аудио-почта –аудио-сигналдарды цифрлық таңбаға және керісінше түрлендіретін, телефон бойынша дауыстап ақпарат алмасатын, әрі оларды цифрлық түрде компьютерде сақтауға арналған арнайы құрылғы.

АутентификацияАuthentication – пайдаланушының өзі екендігін және оның жұмыс істеуге заңдылығын анықтайтын қорғау құралы.

Ашық білім беру – Открытое образование – оның білімдік цензасы мен кезеңдік регламентациясын және жеке курсты оқып білудің ұзақтығын, білімдерді формальды ету негізінде дамитын бағдарламаларды, оларды қашықтықтан оқытудың ақпараттық және педагогикалық технологияларын жеткізу мен тексеруді талдамастан, кез келген ықылас білдірушінің қолы жететін білім алудың иикемді жүйесі.

Ашық білім беру (АБ)Открытое образование (ОО)– білім алушының мақсатты, тексерілетін, қарқынды өзіндік шығармашылық жұмыс істеуін қамтамасыз ететін білім алу мен білім алуды дамыту жүйесі, бір немесе бірнеше оқу мекемелерінің орналасу орына, сондай-ақ білім алушының тұрған жері және оқу орнына тәуелсіз оның бағдарламаны, оқытушыны, оқу графигі мен формасын таңдау мүмкіндігі, тұлғалық бағыт бойынша бүкіл ғұмыр бойы оқып білім алу мүмкіндігі.

Ашық білім беру (жүйе)Открытое образование (система)оқу-әдістемелік, техникалық, ақпараттық ресурстардың және ашық білім беру қағидаларын іске асыратын ұйымдастыру шараларының жиынтығы.

Ашық білім беру жүйесі – Система открытого образования– ашық білім беру қағидаларын іске асыратын дидактикалық, техникалық, ақпараттық және ұйымдастырушылық баптар жиынтығы.

Ашық білім берудің ақпараттық білім беру ортасы (АБ АБО)Информационно–образовательная среда открытого образования (ИОС ОО) – бұл Интернет ортасындағы кәсіби мамандықтан (ұсынылатын білім беру деңгейінен), ұйымдастыру-құқықтық формалардан және оқу мекемелерінің меншіктілік формаларынан тәуелсіз оқу процесін жүргізудің біртұтас технологиялық құралдары бар бағдарламалық-телеқатынастық және педагогикалық кеңістік. Бұл орта ашық сипаттамаларға ие: қалыпқа келтірілген және қашықтықтан оқытудың ашық технологияларын пайдалану; білім беру жүйесінің үлестірілген оқу-әдістемелік, интеллектуалдық, ақпараттық және материалдық-техникалық ресуратарына ашық қатынас құруды қамтамасыз ету.

Ашық формалы тестілік тапсырмалар – Тестовые задания открытой формы – сыналушы негізгі мәтінді, шынайы пікірді алатындай элементпен тиісті толықтырулар.

Ашылатын тізімРаскрывающийся список– сұқбаттық трезенің басқару элементі. Әдетте, тек осы уақытта ғана таңдалынған пункті бар болады, бірақ таңдаудың басқа нұсқаларын қарап шығуға да, пайдалануға да мүмкіндік береді..

Әдеби ұрлық – Плагиат (Plagiarism) – басқа адамдар дайындаған мәліметтер мен ақпаратты пайдалану және бірмезгілде оны өз шығармасы ретінде ұсынуға талпыну.

Әдістеме – Методика – іс-әрекетті жүзеге асырудың тағайындалған тәсілі. Ескерту:Көптеген жағдайларда әдістемелер құжатталады (мысалы, сапа жүйесінің әдістемесі). Қандайда бір әдістеме құжатталған кезде, «жазба әдістеме» немесе «құжаттық әдістеме» деген терминді пайдаланған дұрыс болады. Жазба немесе құжаттық әдістеме әдетте іс-әрекеттің мақсаты мен саласын; не және кіммен істелінуі тиістігін; бұл қашан, қайда және қалай істелінуі тиістігін; қандай материалдар, құжаттар мен жабдықтар пайдалануы тиістігін; бұл қандай бейнеде бақылануы және тіркелуі тиістігін қамтиды.

Әдістемелік жасақтамаМетодическое обеспечение – курсты оқып білу бойынша әр түрлі тасуыштардағы оқу материалдары, әдістемелік ұсыныстар мен кеңестер.

Әдістемелік құрал – Методическое пособие – оқу пәнін (оның тарауын, бөлімін) оқыту әдістемесі бойынша немесе тәрбиелеу әдістемесі бойынша материалдары бар оқу басылымы.

Әдістемелік нұсқаулар – Методические рекомендации– студенттердің оқу пәнін өз беттерімен оқып білу мен білімдерін тексеруге дайындау әдістемесі бойынша материалдары бар оқу-әдістемелік басылым.

Әлеуметтік жобалау – Социальное проектирование (Social engineering) – әдетте таныс емеске ешкім ашуға болмайтын ақпаратты алу үшін дайындалынған арнайы ойын.

Әмбебап іздестіру жүйесі – Универсальная поисковая система (General Purpose Search Engine) –ақпараттың кең спектрін қамтитын іздестіру жүйесі, мамандандырылмаған ақпаратты іздестіру үшін қолайлы.

Бағдарлағыш – Маршрутизатор (Router) – әр түрлі желілерді қосатын және желідегі компьютерлердің арасында ақпаратты бағыттайтын немесе бағдарлайтын желілік жабдық.

БағдарламаПрограмма– командалардың реттелген тізбектілігі.

Бағдарламалық жасақтамаПрограммное обеспечение– компьютермен жұмыс істеуде пайдаланылатын бағдарламалық және ақпараттық ресурстардың (мәліметтердің) жиынтық атауы. Компьютерлік жүйенің қажетті элементі.

Бағдарламалық жасақтаманың жиыныКонфигурация программного обеспечения– компьютерлік жүйенің бағдарламалық жасақтамаларының құрамы.

Бағдарламалық-аппараттық кешенПрограммно-аппаратный комплекс –мәселелердің белгілі бір тобын шешуге арналған техникалық құралдар мен бағдарламалардың жиыны.

Бағдарламаны ассемблирлеу – Ассемблирование программы– арнайы шартты белгілеулердің (мнемониктің) көмегімен машиналық кодта жазылған бағдарламаның бастапқы кодын аудару. Бағдарламаны дисассемблерлеумен салыстырыңыз.

Бағдарламаны баптауОтладка программы– дайын бағдарламадағы қателіктерді анықтау (тестілеу), іздеу (оңашалау) және жою процесі.

Бағдарламаны дисассембрлеуДисассемблирование программы– арнайы бағдарламаның – дисассемблердің көмегімен ассемблер мнемонигі түрінде жұмыс істейтін бағдарламаныңмашиналық кодын ұсыну операциясы.

Бағдарламаны тестілеуТестирование программы– бағдарламада қарастырылған режімдерде де, қарастырылмаған режімдерде де жұмыс істейтін бағдарламаны жан-жақты тексеру. Коммерциялық бағдарламаларды дайындау процесінде альфа-тестілеу мен бета-тecтілеуді айырып таниды.

Базалық оқу орны – Базовое учебное заведение– өзінің оқу жоспары мен әдістемесі және білімі туралы (барлық талаптар орындалған кезде) құжат беретін (аттестат, сертификат, куәлік, диплом) білім беру мекемесі.

Байланыс – Связь– ақпаратты және пошта жөнелтулерін қабылдау, жинау, өңдеу, жинақтау, беру, жеткізу және тарату.

Байланыс желісін бөлу – Выделенные сети связи– ортақ пайдаланылатын, телеқатынас желісіне шыға алмайтын жеке және заңды тұлғалардың желісі, пайдаланушыларды осы желінің иесі анықтайды.

Байланыс құралдары – Средства связи – телеқатынас хабарларын немесе пошталық жөнелтулерді қалыптастыру, өңдеу, жеткізу немесе қабылдау үшін қолданылатын техникалық құралдар.

Байланыс редакторыРедактор связей– кітапханадан алынған функциялар мен процедуралардың объектілік кодын компилятормен әзірленген объектілік кодқа қосу үшін арналған қызметтік бағдарлама. Байланыс редакторының істеген жұмысының қорытындысы келешек бағдарламаның атқарылатын коды болып саналады.

Байланыстың ведомствалық желілері – Ведомственные сети связи– жалпы пайдаланылатын телеқатынастық желіге шығу мүмкіндігі бар, өндірістік және арнайы мұқтаждықты қамтамасыз ету үшін құрылған мемлекеттік органның телеқатынастық желілері.

Байт – 8 бит. Электрондық жатты өлшеудің ең аз бірлігі ретінде де қарастырылдады.

Бақылау – Контроль – объектінің бір немесе бірнеше сипаттамасына өлшеулер, сараптамалар, сынаулар немесе бағалаулар жүргізуді қамтитын іс-әрекет және әрбір осы сипаттамалар бойынша сәйкестікке қол жеткен-жетпенгендігін анықтау үшін алынған нәтижелерді тағайындалған талаптармен салыстыру. Ескерту: Анықтама стандарттағы сапаға қолданылады.

Бақылау жұмысы – Контрольная работа – оқытудың белгілі бір кезеңінде нақты оқу пәнінің белгілі бір тақырыбы бойынша ЖОО-ндағы студенттердің оқу материалын игеру деңгейін анықтауға бағытталған өзіндік жұмыстардың түрлерінің бірі.

Бақылау тапсырмасы – Контрольные задания – бұл оқыту процесінде студенттің білімі мен білігін қалыптастырушылық көрсеткіші бола алатын белгілі бір нәтижеге межеленген қандайда бір жұмыстың немесе қандайда бір әрекеттің орындалуына алғышарт.

Бақылау тапсырмаларының жинағы – Сборник контрольных заданий нақты оқу пәні немесе оқу пәндерінің кешені бойынша студерттердің білімдері мен біліктерін тексеруді қамтамасыз ететін типтік тексеру тапсырмаларының тізімі бар оқулық-практикалық басылым, практикум.

Бақылаушы орган (сертификатау үшін)– Контролирующий орган (для сертификации) сертификат бойынша инспекциялайтын қызмет органының нұсқауымен жүзеге асырылатын орган.

Бас менюГлавное меню– операциялық жүйенің қосымшалары мен қызметтік іс-әрекетіне тез қатынас құру үшін арналған Windows 95/98 операциялық жүйесінің Жұмыс үстелін басқарудың негізгі элементі. Іске қосу батырмасында шертіп шақырылады.

Басқару тақтасыПанель управления– компьютер мен операциялық жүйені баптау үшін пайдаланылатын жүйе құралдарының таңбашалары бар Windows 95/98-дің арнайы қапшығы.

Басқару элементіЭлемент управления–пайдаланушы параметрлерді беру үшін арналған сұқбат терезесінің элементі. Сұқбаттық терезелерде басқарудың стандарттық элементтері де (мысалы, тізімдерді ашатын жалаушалар және басқалар) және де сирек кездесетін элементер де (түс реңктері және басқа арнайы элементтер) қатыса алады.

Баспа жүйесіИздательская система – дайын баспа өнімінің үлгісін көбейтуге компьютерлік дайындықты қамтамасыз ететін жүйе.

Баспа сервері – Сервер печати (Print server) – баспа процесін басқаратын және принтер үшін желідегі барлық компьютерден жіберілген тапсырмалардың барлығын сақтайтын сервер.

Бастапқы кодИсходный код– кәдігімгі мәтіндік редактордың көмегімен жоғары деңгейлі бағдарламалау тілінде жазылған бағдарлама мәтіні. Транслятор көмегімен объектілік кодқа (мәшинелік кодқа) түрлендіру үшін пайдаланылады.

Безендіру – Иллюстрация – объективтік әлемнің заттары, процестері мен құбылыстары туралы студенттердің нақты түсініктерін қалыптастыруға мүмкіндік туғызатынбейнелі көрнекілік құрал. Безендіруге жататындар: фототүсірілімдер, суреттер, нобайлар, сызбалар, жоспарлар, қарталар, схемалар, графиктер, диаграммалар және т.б.

БейнеадаптерВидеоадаптер– монитор экранында ақпаратты бейнелеу үшін оны дайындауды жүзеге асыратын құрылғы. Кейде «бейнеадаптер» терминінің орнына оңайлатылған нұсқаны – бейнеқартаны пайдаланады.

Бейнеконференция – Видеоконференция– қатынастық және компьютерлік технологиялар жүйесін пайдалану арқылы әр түрлі географиялық нүктелерде тұрған бірнеше адамның көрінерлік қарым-қатынасы (өзара тілдесіп сөйлесуі).

БейнеконференцияВидеоконференция – қозғалатын объектілерді пайдаланып алыста орналасқан пайдаланушылар тобының арасында кеңестер мен пікірсайыс өткізу әдіснамасы.

Бейнеконференция (videoconferencing) – Видеоконференция –бұл байланыстар жүйесі мен компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы әр түрлі географиялық нүктелерде тұрған бірнеше адамдардың арасында аудио-көріністік ақпараттар алмасу кезінде туындайтын телеконференцияның бір түрі

БейнемәтінВидеотекст – мәліметтер базасының терминалдарына және желілер ұсынатын қызмет көрсетуіне қатынаудың желілік қызметі.

БейнеішкіжүйесіВидеоподсистемы– бейнеадаптер мен монитордың үйлесімін сипаттайтын топтық термин.

Бета-тестілеуБета-тестирование– тапсырыс берушімен немесе бағдарламаның ерекшеліктерімен таныс емес қызметкердің күшімен кез келген жабдықта әлеуетті тұтынушымен орындалатын бағдарламаны тестілеу процесі. Бета-тестілеудің мақсаты – бағдарлама кодының кез келген компьютер жүйесінің аппараттық-бағдарламалық үйлесімімен сәйкессіздік себептері бойынша туындайтын қателіктерді жою. Альфа-mecmілеуді қараңыз.

Бетбелгі – Закладка –білім алушы өзі тағайындайтын және қайта оралуды жоспарлайтын оқу процесінің орнын анықтау.

Бит– «Иә» немесе «Жоқ» логикалық мәнді өрнектейтін және 0 немесе 1 екілік сандармен белгіленетін ақпараттың ең аз бірлігі.

Блок-схема – алгоритмді графикалық ұсыну тәсілі.

Бот (Bot) –сондай-ақ «өрмекші» (spider) ретінде белгілі. «Өрмекшінің» анықтамасын қараңыздар.

Брандмауэр (Firewall) – компьютерді немесе желіні сыртқы қауіптен қорғауғу арналған бағдарламалық және/немесе аппараттық жасақтама.

Браузер– web-бетті көрінерлік етуге және гиперсілтеменің көмегімен web кеңістігі бойынша орын ауыстыруға арналған клиенттік бағдарламалық жасақтама.

Браузер– алыстағы Интернет серверлерінде орналасқан веб-беттерді пайдаланушылардың компьютерінде бейнелеуге мүмкіндік беретін бағдарламалық қосымша. Ең танымал және кең пайдаланылатын браузерлер – Internet Explorer (IE) және Netscape.

Броузер – Интернетке қосылған, WWW-ның бай ресурсына қатынауды қамтамасыз ететін компьютердегі бағдарлама (бағдарламалық жасақтама).

Бүкіләлемдік өрмек (Ғалам тор)Всемирная паутина – World Wide Web (WWW) – гиперортаға негізделген Интернеттегі ақпаратты ұйымдастыру жүйесі.

Бүкіләлемдік өрмек (Ғалам тор)Всемирная паутина – World Wide Web (WWW) – гиперсілтеме тұжырымдамасын іске асыратын және HTTP (Hypertext Transport Protocol)гипермәтінін жеткізу хаттамасының басқаруымен жұмыс істейтін Интернет құраушысы (компоненті).

Бүкіләлемдік өрмек (Ғалам тор)Всемирная паутина – World Wide Web (WWW)Всемирная паутина– сөзбе сөз: бүкіләлемдік өрмек (Ғалам тор), қысқаша – Web – гипермәтін қағидасына негізделген және мүмкін болатын барлық мультимедиалық ресурстарды (бейне-, аудио, графикалық және т.б.) пайдалана отырып ақпаратты ұсынуға қабілетті қатынастық жүйе.

Бүкіләлемдік Өрмек (Ғалам тор) – Всемирная паутина (World Wide Web, WWW) –веб-браузермен қарап шығуға арналған Интернеттегі беттер мен сайттардың жинағы. Сондай-ақ ол «Өрмек» немесе «веб» атауымен де белгілі.

Біліктілік сертификаты – Сертификат компетентности сертификаттау жұйесі ережелерінің негізінде жарияланған және аталған тұлға белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыруға білікті болып саналатынын айғақтайтын құжат.

Білім беретін бағдарлама – Образовательная программа – белгілі бір деңгейдегі білім мазмұны және бағыттылығы: Жалпы білім беру бағдарламасы – общеобразовательная программа – тұлғаның ортақ мәдениетін, оның қоғамдағы өмірге бейімделуін қалыптастыру, кәсіптік білім беру бағдарламаларын саналы түрде таңдау мен игерудің негізін құру мендеттерін шешуге бағытталған жалпы білім мазмұны. Кәсіптік білім беру бағдарламасы – Профессиональная образовательная программа – кәсіптік және жалпы білім деңгейлерін дәйекті түрде арттыру, мамандарды сәйкес біліктілікке дайындау мендеттерін шешуге бағытталған кәсіптік білім мазмұны. Кәсіптік-техникалық бағдар – Профессионально-техническая ориентация– белгілі бір мамандық немесе мамандықтар тобы бойынша еңбек ету қызметі үшін қажетті практикалық машықтарды, білімдерді меңгеруге бағытталған білім.

Білім беретін компьютерлік ойындарОбразовательные компьютерные игры –шет тілдерін үйрену үшін арналған білім беру технологиясының ерекше формасы, оған компьютерлік есеп кітаптары және тренажерлар да жатады.

Білім беретін өнімдер мен қызметтерОбразовательные продукты и услуги –оқу процесінде пайдаланылатын проекциялаудың автоматтандырылған құралдарының көмегімен алынған ақпараттық технологиялар (мәселен, бейімделінген желілік курс).

Білім беру – Образование – мақсаты қоғам мүшелерін жоғары деңгейлі адамгершілікке, мәдени және физикалық дамуға, кәсіптік біліктілікке тәрбиелеу мен оқытудың үзіліссіз процесі.

Білім сапасы – Качество образования– бұл оқушылардың дайындық сапасын сипаттайтын білімнің белгілі бір стандартты нормаға, білім алушының мақсаты мен мұқтаждығына сәйкестігі.

Білім сапасы – Качество образования– білім беру жүйелерінің қабылданған талаптарға, әлеуметтік нормаларға, білім беру стандартына сәйкестігін (барабарлығын) анықтайтын бірқатар жүйелі әлеуметік қасиеттер мен сипаттамалар.

Білімдер базасыБаза знаний – объектілердің қасиеттері, процесстер мен құбылыстардың заңдылықтары туралы мәліметтері бар кейбір пән саласына жататын білімдердің және шешімдер қабылдау үшін осы мәліметтерді берілген жағдайларда пайдалану ережелерінің ұйымдастырылған жиынтығы.

Білімдерді тестілеу жүйесіСистема тестирования знаний –оқушылардың білімдерін тексеруді қамтамасыз етуге икемделінген бағдарламалық немесе аппараттық-бағдарламалық кешен. Көптеген жағдайларда мұндай жүйелерді пайдалануды екіге бөледі: білімдерді жеке тексеру және өзін өзі тексеру (сынақ тексеру). Бірқатар жағдайларда жеке жүйені бөлмейді, тестілеудің жеке бірегей модульдерін желілік курсқа құрамдастырады.

Білімдерін өзі бақылау (өзін өзі тексеру)Самоконтроль (самопроверка) знаний –өзін өзі тексеру режімінде білімдерді тестілеу жүйесінің көмегімен алынған білімдерінің олқылығын көрсететін және өткен материалды түсіну дәрежесін өзіндік бағалау.

Білімдік ақпаратОбразовательная информация– бұл оқып үйренуші сол немесе басқа қызметті білікті түрде орындауы үшін оған берілуге қажетті білім.

Білімдік бағдарлама – Образовательная программа – білім мазмұнының өзгешелігін және білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшелігін сипаттайтын білім беретін мекеменің нормативтік-басқарушылық құжаты.

Білімдік грант – Образовательный грант – кәсіптік білім алуға төлеу үшін білім алушыға тегін берілетін ақшаның мақсатты сомасы.

Білімдік қызмет – Образовательная услуга– Білімдік өнімдерді қашықтықтан оқытуды пайдаланушының билігіне беретін білім беру ұйымдары немесе білім саласын көрсететін қызмет.

Білімдік өнімдер – Образовательные продукты– Оқу процесіне енгізу үшін қалыптастырылған ақпараттық мәліметтердің жиынтығы.

Білімдік ресурстар – Образовательные ресурсы– білім беретін бағдарламаларды тиімді меңгеруді қамтамасыз ететін ақпараттар көзінің жиынтығы. Бұл ресурстар қашықтықтан оқытуда үлестірушілікпен сипатталады, яғни ақпараттар көзі бір бірінен алыста орналасқан болады. Үлестірілген білім ресурстарына білім алушының қатынас құруы телеқатынастық құралдардың (бәрінен бұрын Интернет құралдарының) көмегімен қамтамасыз етіледі.

Білімдік технологиялар – Образовательные технологии– бұл білімдік ақпараттыоның көзінен тұтынушығажеткізу үшін пайдаланылатын және оны ұсыну формасына тәуелді дидактикалық әдістер мен тәсілдердің кешені.

Бір рангалы желі – Одноранговая сеть (Peer-to-Peer Network) –тең құқықты компьютерлерді біріктіретін желі.

Бірдәрежелі желі (Peer-to-Peer Network) –теңқұқықты компьютерлерді біріктелетін желі.

ВАК-технологиясы (Виртуальдық ақпараттық кеңістіктер технологиясы) – ВИП-технология (технология виртуальных информационных пространств) – заттық байланысты ақпараттық компьютерлік бейнеде кәдімгі техноголияның объектісімен алмастыру үшін графикалық, офистік және желілік технологияларды білім беретін жаңа әлеуметтік маңызды жүйелермен қосу және алыстағы клиентпен тікелей өзара әрекеттесу үшін оларды біртұтас логикалық түрде реттелген ақпараттық жүйемен біріктіру.

Веб-бет – Веб-страница (Web page) –белгілі бір ақпараты бар дербес бет. Веб-беттердің топтастырылған жинағы веб-сайтты құрайды.

Веб-бет – Веб-страница (Web page)– желіге (Интернет) орналастырылған, меншікті адресі бар (URL) және браузерге бейнелеуге қол жететін құжат. Әдетте, мұндай құжат HTML форматында орындалады.

Веб-беттің сыртқы түрін ауыстыру – Подмена внешнего вида веб-страницы (Web page defacement) –веб-сайттың сыртқы түрі мен ақпаратты өзгерту мақсатымен оған жасырын қатынау.

Веб-браузер, браузер (Web browser) –мәтінді, графиктіжәне басқа мультимедиалық бар ақпаратты, мысалы, әуенді, қамти отырып, веб-беттерді табатын және бейнелейтін бағдарламалық жасақтама.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 157; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты