КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Процессор – компьютерде ақпаратты өңдеуді іске асыратын негізгі микросхема. 6 страницаМонитор– ақпаратты экранда бейнелеу құрылғысы. Барлық компьютерлердің құрамында іс жүзінде монитор немесе оның аналогы бар (мысалы, проекциялық қондырғы). Мультимедиа – (англ. multimedia от лат. multum – много и media, medium – средоточие, средства – ағыл. латыннан multum – көп және media, medium – орта, құралдар) – бұл пайдаланушыға сұқбаттық режімде біртұтас ақпараттық орта түрінде ұйымдастырылған әр текті мәліметтермен (графикамен, мәтінмен, дыбыспен, бейнемен) жұмыс істеуге мүмкіндік беретін аппараттық және бағдарламалық құралдар кешені. Мультимедиа - бұл: типі әр түрлі ақпаратты өңдеу құралдарын дайындау, жұмыс істеу және қолдану ретін сипаттайтын технология; типі әр түрлі ақпаратты өңдеу мен ұсыну технологиялары негізінде әзірленген ақпараттық ресурс; ақпаратты өңдеу мен ұсынуға байланысты жұмыс істеу типі әр түрлі компьютерлік бағдарламалық жасақтама; көмегімен типі әр түрлі ақпаратпен жұмыс істеуге мүмкін болатын компьютерлік аппараттық жасақтама; типі әр түрлі дәстүрлі статикалық көрінерлік ақпаратты да (мәтін, график), динамикалық ақпаратты да (сөз, әуен, бейне үзінділер, анимация және т.б.) өзіне қамтитын ақпараттың ерекше қорытынды түрі. Сонымен, кең мағынада «мультимедиа» термині (бір мезгілде оқырман да, тыңдаушы да, көрермен де бола алатын) пайдаланушыға аса тиімді ықпал ету мақсатымен әр түрлі бағдарламалық және техникалық құралдарды пайдаланатын ақпараттық технологиялар спектрін білдіреді. Мультимедиа– шынайы әлемнің адамның сезім мүшелеріне ықпалын имитациялау мақсатымен бір құжатта дыбыстық, әуендік және бейне ақпаратты біріктіруді сипаттайтын ұғым. Мультимедиа(multi – көп, media - орта) – зерттелетін құбылысты бейнелеу тәсілдерінің бай жинағы. Мультимедиа өнімдері ақпараттың сан алуан түрін: компьютерлік мәліметтерді, теле- және бейне ақпаратты, сөз бен әуенді қолданады. Мұндай біріктіру ақпаратты тіркеу мен жаңғыртуда компьютермен басқарылатын теледидардың, бейнемагнитофонның, HiFi-аудиожүйенің, жинақы дискілер (СD) ойнатқышының алуан түрлі техникалық құралдарын пайдалануға қол жеткізеді. Мультимедиалық басылым – Мультимединое издание– жинақы-дискіде таратылатын және мазмұны мультимедиалық түрде көрсетілетін интерактивтік ақпараттық-білімдік қапшық. Мультимедиалық оқу материалдары – Мультимедийные учебные материалы – мәтінді, аудио-, бейне- және анимациялық элементтерді қамтитын оқу материалдары. Мультимедиалық оқулықтар – Мультимедийные учебники –безендіру материалы мультимедиаортасының көмегімен CD-ROM-да орындалған жоғары динамикалық оқулықтар. Мазмұны, әдеттегідей, жанды дәрістер, кәсіби диктор дыбыстап және кинематографиялық құрастыру заңдарын сақтап безендірілген әңгімелер түрінде ұсынылған. Мультимедиалық үзінділер – Мультимедийные фрагменты –жинақы дискілерде немесе басқа компьютерлік мәліметтер тасуышта, сондай-ақ кез келген уақытта пайдаланушылар қатынас құра алатын құрылғыларда бар баспалық, безендірушілік, көріністік, қозғалыстық және дыбыстық үзінділер жинағы. Мультимедиаорта –Мультимедиасреда (мультимедиа) –кез келген мәліметтердің типін ұсынуды, кескіндерді (оның ішінде анимацияны – қозғалысқа келтіруді), сөздерді, дыбыстарды және құжаттарды бірігіп өңдеуді қамтамасыз ететін кешенді технология. Мұрағаттау – Архивация– қатқыл дискіден сыртқы ауысымды тасуыштарда мәліметтердің резервтік көшірмесін әзірлеу қатқыл дискі істен шыққан немесе мәлімет бүлінген жағдайда ақпаратты қорғау үшін қажет. Нақты параметрлер – Фактические параметры– ішкі бағдарламаны шақыру кезінде формальды параметрлердің орнына қойылатын айнымалылар, тұрақтылар, жиымдар және мәліметтердің басқа объектілері. Нормативтік құжат – Нормативный документ –алуан түрлі іс-әрекеттің немесе олардың нәтижелерінің ережелерін, басқару қағидаларын немесе сипаттамаларын тағайындайтын құжат. Ескерту: "Нормативтік құжат" термині стандарттар, тезникалық шарттар, ережелер жинағы мен регламенттер сияқты құжаттар үшін ортақ термин болып саналады. Құжат деп ішіне немесе оның бетіне ақпарат жазылған кез келген тасуышты түсінуге болады. Нығыздалдан диск – Уплотненный диск– сығымдауға ұшыраған диск. Windows 95/98 жүйесінің құралдары нығыздалған дискімен, кәдігімгі диск сияқты, жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Объект– дербес түрде не сипатталған және қарастырылған бола алса, сол. Ескерту: Мысалы, іс-әрекет немесе процесс, өнім, мекеме, жүйе немесе жеке тұла, немесе олардың кез келген үйлесімі объект бола алады. Объект – мәліметтердің жеке элементтері үшін ортақ ұғым. Көбінесе жеке құжат немесе құжаттың бөлігі түрінде болады, мысалы, басқа құжатқа кірістіріле алатын бөлік. Объектілерді реттеу – Упорячение объекта– объектілерді берілген тізбекпен орналастыру процедурасы. Әдеттегідей, сұрыптау қалай болса, дәл солай. Объектілік қод – Объектный код– машиналық код түрінде жазылған бағдарлама мәтіні. Комппилятордың жұмыс істеуі нәтижесінде алынады. Өзі арнайы бағдарламаның – байланыстар редакторының көмегімен, кітапханадан алынған қажетті процедураларды қосу арқылы, бағдарламаның атқарылатын кодының базасында орындалатын «жартылайфабрикат» болып табылады. Оқу курсы – Учебный курс – бұрындары белгілі бір мақсат үшін әзірленген дайын модульдердің тақырыптық түрде аяқталған жинағы. Оқу курсы – оқыту курсын құрастыруға арналған бастапқы материал. Оқу курсы – Учебный курс – жоғары оқу орнында оқу үшін сәйкес ғылымнан немесе қызмет саласынан бөліп алынған, дидактикалық түрде білімнің, іскерлік пен машықтың негізделген жүйесі болып табылатын, оқу жоспарында дербес белгіленген білім беру мазмұнының үзіндісі. Оқу құралы – Учебное пособие – оқулықты жартылай немесе толығымен алмастыратын немесе толықтыратын, басылымның осы түрі ретінде ресми түрде бекітілген оқу-теориялық басылым. Оқу материалдарын жеткізу технологиясы– Технологии доставки учебных материалов– дискеттерде немесе CD-ROM-да жөнелту, желі бойынша шығарып алу, онлайн режімінде WWW-серверінің ресурстарымен жұмыс істеу. Оқу материалдарын сақтау технологиясы– Технологии хранения учебных материалов –оқу материалдарын (баспа өнімдерін, аудио және бейнеқұндақтарды, дискеттерді, CD-ROM-дарды, телеконференциялардағы, FTP-дағы және WWW серверлердегі және т.б.-дағы электрондық оқу материалдарының мұрағаттарын) сақтау тәсілдері. Оқу мекемесінің виртуальдық өкілеттілігі (ВӨ) – Виртуальное представительство (ВП) учебного заведения– базалық оқу мекемесінің оқу бағдарламасы бойынша Интернет желісі арқылы оқу процесін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін қызметтік міндеттің типтік жинағын іске асыратын типтік бағдарламалық кешен. Оқу пәні – Учебная дисциплина –оқу процесінде оқып білу үшін белгілі бір ғылымдар, техникалар, өнерлер, өндірістік қызметтер саласынан іріктеп алынған білімдер, іскерліктер мен машықтар жүйесі. Оқу-әдістемелік кешен – Учебо-методический комплекс – жеке тұлғаның танымдық қызметін басқарудың әдістемелік жүйесінің біртұтастығын қамтамасыз ететін, ядросы оқулық болып саналатын дидактикалық әдістемелік құралдардың жиынтығы . Оқулық– Учебник –бiлiм алушылар игеруге мiндеттi пәндiк ақпараттар көзi қызметiн атқарушы, бiлiм алушылардың (жеке тұлғалардың) логикалық ойлауын қалыптастырушы, бiлiктiлiгi мен шығармашылық қабiлеттерiн дамытушы, рухани құндылықтарды тасушы, әрi оқушылар санасына үлгі-өнегенідарытушы кітап. Оқулық – Учебник –оқу бағдарламасына сәйкесжәне басылымның осы түрі ретінде ресми түрде бекітілген оқу пәнінің (оның тарауының, бөлімдерінің) жүйелі мазмұны бар оқу басылымы. Оқулық – Учебник – сапалы білім мен ұлағатты тәлім-тәрбие беру міндетін атқаратын және тұлғалықты қалыптастыратынмәліметтер базасы. Оқулық әдебиеттер– Учебные литературы – тәлiм-тәрбие мен бiлiм берудің мақсаты мен мiндетін жүзеге асыратын оқу-әдiстемелiк кешеннің және білім беретін аспаптар (құрал-жабдықтар) мен модельдік көрнекі құралдардың жиынтығы. Оқыту курсы – Курс обучения – оқу пәндерінен, белгілі бір білімдік бағдарламамен қарастырылған тақырыптар мен пәндерден тұратын тұтас цикл. Оқыту сапасы – Качество обучения – бұл білім мазмұнын игерудің белгілі бір деңгейі (білімдер, іс-әрекет тәсілдері, шығармашылық қызмет тәжірибесі, көңіл-күй-құндылық қарым-қатынастары) және тұлғалық мүмкіндіктерге, оқудың мақсаттарына және талпынысқа сәйкес оқу процесінің әртүрлі кезеңдерінде оқушының қол жеткізетін дамуы. Оқытудың араласқан (құрастырылған) технологиясы– Смешанная (комбинированная) технология обучения –курсты оқыту кезіндегі Қашықтықтан оқытудың әр түрлі технологияларының үйлесімі, мысалы, баспалық оқу материалдарының жинағын желілік технология ретінде электрондық пошта бойынша тьютордың кеңестерімен толықтырылған кэйс-технологии ретінде беру. Оқытудың интерактивтілігі – Интерактивность обучения –білім алушының танымдық іс-әрекетін белсенді етудің және, демек, интерактивтік өзара әрекет негізінде дайындықтың тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі. Оқытудың сапасы – Качество обучения – оқу мекемесін бітірушілердің білімдері мен іскерліктерінің оның еңбек нарығында бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз ететін алдын ала келісілген талаптармен сәйкестік дәрежесі. Оқытушы-кеңесші – Преподаватель-консультант – студенттерге кеңес беретін және оларға нақты оқу бағдарламасының ауқымында көмек көрсететін адам. Оның міндеті қолдау мен көмек көрсетуге, басшылық жасауға және білім алушының жетістігін бағалауға саяды. Он-лайн– модем арқылы немесе бөлінген желі арқылы қосылатын жалғастырушы көмегімен желіге тікелей қосылу кезінде Интернетте жұмыс істеудің режімі. Он-лайндық режім– Он–лайновый режим– шын уақытта жүзеге асатын оқытудың өзара әрекеттік оқу процесі. Мысалы: оқытушының студентпен әңгімесі, телефонмен сөйлесуі, бейнеконференция, чат. Операциялық жүйе – Операционная система– бағдарламалардың компьютердің аппараттық жасақтамаларымен өзара байланысын және пайдаланушының командаларды енгізу үшін базалық мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін бағдарламалар мен драйверлердің жинағы. Командаларды енгізу үшін пернетақтаны, сондай-ақ құрылғыны басқарудың негізгі құрылғысы тышқан немесе басқа орынды анықтайтын құрылғы болып саналатын графикалық операциялық жүйені пайдаланып программаларды іске қосу үшін командалық жол пайдаланылатын операциялық жүйелерді ажыратады. Операциялық жүйе – Операционная система– компьютерді басқаратын бағдарламалық жасақтама. Ортақ ресурс – Общий ресурс– бірнеше қосымшалар немесе пайдаланушылар бір мезгілде немесе әр түрлі уақытта) пайдалана алатын компьютердің немесе жергілікті желінің ресурсы. Орталық процессор – Центральный процессор (Central Processing Unit, CPU) – Сіздің компьютерді басқаратын микросхема. Орын ауыстыру – Перемещение– файлдық құрылымдағы объектінің орналасу орнын өзгерту операциясы. Объектіні іздеу жолын өзгертуге балама. Көшірмелеумен салыстырыңыз. Орынды анықтау құрылғысы – Устройство позиционирования –графиқалық операциялық жүйеде басқару үшін арналған құрылғы, мысалы, тышқан. Офф-лайн – Интернетке қосусыз электрондық құжаттармен жұмыс істеу режімі, мысалы, веб-беттерді келесі кезекте веб-сайтқа жөнелту үшін оларды компьютерде дайындау. Офф-лайн – Интернетке қосылмастан электрондық құжаттармен жұмыс істеу режімі, мысалы, кейіннен оларды веб-сайдқа жөнелту үшін компьютерде веб-беттерді дайындау. Офф-лайндық режім– Офф-лайновый режим– оқытушы мен білім алушының қарым-қатынасының уақыт бойынша үзілуі кезіндегі оқу процесінің өзара әрекеті. Мысалы, электрондық пошта, оқытушының тапсырмасы бойынша студенттің кітаппен жұмыс істеп кейіннен сынақ тапсыруы. Өзара алмастырушылық – Взаимозаменяемость – басқаның орнына сондай талаптарды орындау үшін түрлендірместен пайдалануға болатын объектіні қабілеттілігі. Ескерту: Нақты шарттарға байланысты қызметтік өзара алмастырушылық немесе өлшемдік өзара алмастырушылық терминін пайдалану керек.. Өзін өзі тексеру – Самоконтроль – орындалған жұмысты тағайындалған ережелерге сәйкес оны атқарушысының өзінің тексеруі. Ескерту: Өзін өзі тексерудің қорытындылары процесті басқару үшін пайдаланыла алады.. Өмірлік машықтар – Жизненные навыки– азаматтардың мұқтаждықтарына сәйкес олардың оларға өз беттерімен оқуға және еңбек етуге, өзгерістерге бейімделуге, дендерінің сау болуына, еліміздің қоғамдық және экономикалық тұрмысына белсенді түрде қатысуға мүмкіндік беретін машықтар. Өнім – Продукция– іс-әрекеттердің немесе процестердің нәтижесі. Ескерту: Өнімқызмет көрсетуді [service], жабдықты [hardware], өңделетін материалдарды [processed materials], бағдарламалық жасақтаманы [software] немесе олардың құрамаларын қамтиды. Өнім материалдық (мысалы, тораптар немесе өңделетін материалдар) немесе материалдық емес (ақпарат немесе ұғымдар), немесе олардың құрамалары бола алады. Өнімдердің сапасына жауапкершілік – Ответственность за качество продукции – өнімге байланысты зақым келтіргені, меншікті бүлдіргені немесе басқа залалы үшін шығынды өтеу бойынша дайындаушыларға немесе басқа адамдарға жүктелетін міндеттемені сипаттайтын ортақ термин. Ескерту: Өнімнің сапасы үшін жауапкершіліктің заңдылық және қаржылық мәні заңдылық актілерді қолданудың бір саласынан екіншісіне өзгере алады. Өткізу жолағы – Bandwidth – полоса пропускания – ақпаратты жеткізу үшін желідегі рұқсат етілген жиілік ауқымы. Өткізу жолағы неғұрлым кең болса, кәбіл бойынша берілетін мәліметтердің көлемі солғұрлым үлкен бола алады. Өткізу жолағы сандық сигналдар үшін секундтағы биттермен (бит/с) немесе аналогтық үшін герцтермен (Гц) өлшенеді. Өткізіп жіберу қабілеттілігі – Пропускная способность (Bandwidth) –уақыт бірлігі ішінде желілік жалғастыру арқылы беріле алатын ақпарат мөлшері. Пайдаланушыға ынтымақтастық – Дружественность к пользователю – түсініктілікті, қатынас құрушылықты, жеңіл басқарушылықты қамтамасыз ететін пайдаланушы интерфейсінің сипаттамасы. Пайдаланушының интерфейсі – Интерфейс пользователя – пайдаланушының жүйемен немесе желімен өзара әрекеттесу процедурасын анықтайтын интерфейс. Пакеттерді трассирлеушілер – Трассировщики пакетов (Packet sniffers) – желідегі ақпараттарды бақылайтын бағдарлама.. Параллель порт – Параллельный порт– ол арқылы ақпараттар тұтас байттарымен берілетін жән қабылданатын компьютердің стандарттық порты. Принтерлерді, сканерлерді қосу, компьютерлерді тікелей жалғастыру және басқа құрылғыларды қосу үшін қолданылады. Педагогикалық ақпараттық технологиялар– Педагогические информационные технологии –компьютерлік пен желілік технологияларды және дидактикалық құралдарды пайдалануға негізделген оқытудың тиімділігі мен ырғағын дамытатын ақпараттық технологиялар. Пернетақта– Клавиатура– компьютерге әліпбилік-сандық мәліметтерді енгізуүшін арналған стандарттық құрылғы. Пернетақтаны трассирлеушілер – Трассировщики клавиатуры (Keystroke loggers) –компьютерде әрбір басылған пернені жазатын және оны қадағалайтын адамға осы ақпаратты жөнелтетін бағдарлама. Пернетақтаның орналасуы– Раскладка клавиатуры – пернетақта пернелерінің ұлттық әліпби символдарына сәйкестік жүйесі. Пиксел – экранның ажыратуын өлшеу бірлігі. Компьютер басқара алатын жеке жарқырайтын нүктеге, түске және жарықтылыққа сәйкес келеді. Ағылшын сөзі «рiхе1» қысқартылған тіркес «рicture се11» (кескін элементі) болып табылады. Порт (Port)– компьютерге шеткері жабдықтарды қосу үшін арналған логикалық аппараттық құрылғы. Портал –адамдарға бір бірімен өзара әрекеттесу, өз мүдделеріне сәйкес ақпараттық ресурстарды табу мен пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ететін құрамдас дербес интерфейсі барWWW-жүйе. Портал (білім беретін) – Портал (образовательный) – білім беру мен ағартушылыққызметін, қәсіпқойлар үшін ақпарат пен қарым-қатынас құралдарын ұсынуды, бар бөлімшелер мен ресурстардың арасындағы байланыстарды жақсартуды, мақсатты бағытта Интернет желісі бойынша бағдар бағыттау құралдарын жетілдіруді, авторлық құқықты сақтауды, интеллектуальдық меншікті қорғауды, ең жақсы оқу курсына, білім беру технологиясына, білім беру қызметіне және т.б. конкурстар жариялауды, бос орындарға конкурстар жариялауды, оқу мекемелерінің, еңбек нарығындағы сұраныстан тәуелді мамандықтардың, ақпараттар алмасу мүмкіндігінің рейтингтерін орналастыруды, әр алуан түрлі қызметтерді (ЧАТ, форум, пошталық жөнелту) және б. ұсынуды білдіретін Интернет желісі құралдарымен білім беретін кеңістік порталы. Пошталық хабарларды жеткізудің жеңілдетілген хаттамасы– SMTP (Simple Mail Transfer Protocol) – упрощенный протокол передачи почтовых сообщений –электрондық поштаны жеткізу мен қабылдауға қолданылатын Интернеттің стандарттық хаттамасы. Принтер– тікелей қағазға басылатын ақпаратты басып шығаруға арналған құрылғы. Процедура – ішкі бағдарламаның алуан түрі. Әдеттегідей, стандарттық және жиі қайталанатын қандайда бір әрекеттерді атқару үшін бас бағдарламамен шақырылады. Қызметпен салыстырыңыз. Процедуралар кітапханасы – Библиотека процедур– объектілік кодта жазылған процедуралар (бағдарламалар) қапшығы. Компиляция нәтижесінде алынған объектілік кодтан бағдарламаның орындалатын кодын дайындау кезеңінде байланыстар редакторы пайдаланады. Процесс – қандайда бір нәтижеге қол жеткізуге арналған тізбекті әрекеттердің жиынтығы; қалып күйлердің, даму кезеңдерінің тізбекті ауысуы. Процессор – компьютерде ақпаратты өңдеуді іске асыратын негізгі микросхема. Процессор командаларының жүйесі – Система команд процессора – процессордың мүмкін болар нұсқауларының толық тізімі. Процессор регистрі – Регистр процессора– мәліметтерді өңдеу үшін пайдаланылатын процессордың арнайы ұяшығы. Процессор командасы регистрде сақталатын мәліметтермен операция жүргізеді. Редакциялау – Редактирование– құжатқа өзгерістер енгізу (құжатты түзету). Реестр – компьютерде орнатылған операциялық жүйеде тіркелген жабдықтар мен бағдарламалық жасақтаманың үйлесімділігі туралы барлық ақпараты бар Windows 95/98 операциялық жүйесі мәліметтерінің арнайы қызметтік базасы. Режим MS-DOS – MS-DOS режімі – компьютердің барлық ресурсы MS-DOS-тың бір қосымшасының орындауына берілген кездегі Windows 95/98 жүйесінің жұмыс істеу режімі. Сондай-ақ «MS-DOS эмуляциясының режімі» термині қолданылады. Резервтік көшірме – Резервная копия– жеке тәуелсіз тасуышта орындалған, компьютерде сақталатын құнды ақпарттың көшірмесі. Қатқыл дискідегі мәліметтердің бүлінуі немесе жоғалуы жағдайында ақпаратты қалпына келтіру үшін пайдаланылады. Реңктік өрнек – Фоновые узор –Жұмыс үстелін безендіру элементі. Реңктік сурет – Фоновый рисуок –Жұмыс үстелін безендіру элементі. Ресурстардың үйлестірілген көрсеткіші – URL (Uniform Resource Locator) – унифицированный указатель ресурсов –Web-тораптың адресі. Мәселен, http://www.rcie.kz алып, Сіз ҰАО-ның серверіне тап боласыз. Ресурстың әмбебап локаторы – Универсальный локатор ресурса (Uniform resource locator, URL) – Ғаламтордағывеб-сайттың адресі, мысалы, http://www.microsoft.com. Ретсіз веб-сайт – Беспорядочный веб-сайт (Random Web site) –әр түрлі сілтемелермен жалғасқан, ақпараттадың массивтік жинағын құрайтын, нақты ұйымы жоқ сайт. Сайт немесе веб-сайт – Сайт или веб-сайт – бір мекемеге немесе жеке тұлғаға жататын және, әдеттегідей, белгілі бір тақырыпқа арналған өзара байланысқан веб-беттердің тобы. Сайт өз мазмұны, титуль парағы және басқа беттері бар кітапты еске түсіреді.
|