Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Процессор – компьютерде ақпаратты өңдеуді іске асыратын негізгі микросхема. 4 страница




Жұмыс үстелінің тақырыбыТема Рабочего стола– Windows 95/98 объектілерін берілген тақырыпқа сәйкес біртұтас мәнерде ұсыну үшін арналған безендіру схемаларының, таңбашалардың, тышқан көрсеткіштерінің және безендірудің басқа элементтерінің жинағы.

Жұмыстық кодРабочий код– бағдарламаның атқарылатын кодын қараңыз.

Жүйе дискісіСистемный диск– стационарлық қатқыл дискіден компьютерді жүктеу мүмкіндігі болмаған кезде компьютерді бастапқы жүктеу үшін арналған иілгіш диск. Әдетте жаңа операциялық жүйені орнату кезінде, ақаулықты іздеу кезінде немесе қатқыл дискіні қайта форматтау қажеттілігі кезінде пайдаланылады.

Зертханалық (практикалық) сабақ – Лабораторное (практическое) занятие – оқытушының басшылығымен оқу пәнінің ғылыми-теориялық негіздерін меңгеру, шығармашылық іс-әрекеттің машықтары мен тәжірибелеріне ие болу, техникалық құралдарды пайдаланып практикалық жұмысты орындаудың қазіргі заманғы әдістерін меңгеру мақсатымен студентердің оқу тапсырмаларының кешенін орындауын қамтитын оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі.

Зертханалық практикум – Лабораторный практикум – тақырыбы, тапсырмасы және өтілген материалды меңгеруге, бекітуге және білімдерді тексеруге мүмкіндік туғызатын белгілі бір курстың көлеміндегі зертханалық жұмыстарды немесе практикалық жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулары бар практикум.

Индекстейтін бағдарлама (Индексирующая программа (Index program): автоматтық іздестіруге ыңғайлы қалыпта веб-сайт үшін сақталған ақпаратты құрылымдайтын және ұйымдастыратын, пайдаланушыдан жасырын іздестіру жүйесінің бөлігі.

Интерактивтік мультимедиа курсы – Интерактивные курсы мультимедиа –курс пен оның әр түрлі құрауыштарын басқару бойынша бағыттау жүйесімен қамтамасыз етілген мультимедиа бағдарламалары бар гипермәтіндік құрылым түрінде ұсынылған оқу материалы.

Интерактивтік өзара әрекетИнтерактивное взаимодействие– электрондық поштаны, электрондық хабарландыру тақтасын, онлайн тақырыптық талқылауды, чатты, аудиоконференцияны, мәліметтер мен файлдар алмасуды, біртұтас планшетті, біртұтас желілік қосымшаны және б-ды қамтитын компьютермен өзара әрекет және «адам-мәшине» сұқбаты.

ИнтернетInternet – көптеген елдегі университеттерді, үкіметтік ғылыми-зерттеу зертханаларын, әскери ұйымдар мен коммерсиялық компанияларды қамтитын әлемдегі ірі желілір жиынтығы.

ИнтернетInternet – компьютерлердің арасында байланысты қамтамасыз ететін бүкіләлемдік желі. Интернетті әр түрлі мақсаттарда пайдалануға мүмкіндік беретін көптеген қызметтері бар.

Интернет (Internet) –әлемдегі ең танымал және үлкен, желілердің бір үлкен желісіне миллион компьютерді қосатын компьютерлік желі.

Интернет (Internet) – стандарттық хаттамалармен өзара әрекеттесу үшін пайдаланылатын компьютерлердің ауқымды желісі.

Интернет (Internet):миллиондаған компьютерді бір алып желілірдің желісіне қосатын әлемдегі ең белгілі және үлкен компьютерлік желі.

Интернет қызметінің провайдері – провайдер услуг Internet (Internet Service Provider) – (Интернеттің бөлігі болып саналатын) өз компьютерлері арқылы Интернетке қосылу бойынша қызметтерін ұсынатын компания немесе басқа мекеме

Интернет оқытуИнтернет обучение – студенттердің оқу ақпараты көзі және Интернеттің компьютерлік желісі арқылы бір бірімен байланысы бар шын уақыттағы оқыту.

Интернет-білім беруИнтернет-образование – Интернет ауқымды желісінің ресурстары мен технологияларын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын білім беру. «Қашықтықтан білім беру» ұғымына қатысты оқытудың техника-технологиялық ерекшелігін – интернет желісін пайдалануды қатаң реттейтін айрықша түрі болып саналады (Қашықтықтан Интернет арқылы ғана емес, жергілікті желілердің көмегімен, бейне байланыспен және т.б. оқуға болады).

Интернет-оқулықИнтернет-учебник – Интернетке орналастырылған, біртұтас интерфейспен жарақталған, берілген оқу пәні бойынша үнемі дамитын оқу-әдістемелік кешен. Интернет-оқулық компьютерлік оқулықтың сол сапаларына ие және қосымша таралымын арттыру мен жедел жаңартылу мүмкіндігінің бар болуы.

Интернет-оқытуИнтернет–обучение – білім алушылардың компьютерлік Интернет желісі арқылы ақпарат көзімен, оқытушымен немесе бір бірімен байланысы кезіндегі оқыту.

Интернет-технологияларИнтернет-технологии –желідегі іс-әрекет немесе Интернет желісінің көмегі негізінде болатын ақпараттық, телебайланыстылық технологиялар, сондай-ақ сервистік қызметтер.

Интернеттің қызмет көрсету провайдері – Провайдер услуг Интернет (Internet Service Provider, ISP) – Интерненке қатынас құруды ұсынатын компания. Қызмет көрсетудің төлемі уақыт бойынша немесе трафикті есепке алу негізінде жүзеге асырылатын болады.

Интероперабелдік – Интероперабельность (англ. Interoperability) – жүйенің басқа жүйелермен өзара әрекеттесу қабілеттілігі.

Интерпретатор– жоғары деңгейлі бағдарламалау тілінде жазылған бағдарламаның бастапқы кодын процессорға түсінікті машиналық кодта тәржімелеуді орындайтын қызметтік бағдарлама (транслятор). Түсініктеме беру процесі тікелей бағдарламаны орындау кезінде болады (Компилятормен салыстырыңыз).

Интерпретация– бағдарламаның бастапқы кодын процессордың машиналық кодына түрлендіру процесі. Интерпретация процесі интерпретатордың басқаруымен тікелей бағдарламаны орындау кезінде болады (Компиляциямен салыстырыңыз).

Интерфейс – компьютерлік жүйенің құрауыштары мен қатысушыларының арасындағы өзара байланыс.

Интерфейс (Interface) –веб-сайттағы сіз көре алатын терезе.

Интражелі – интрасеть –Web торабы бар корпоративішілік желі. Мұндай желілер Интернеттен оқшауланған немесе брандмауэрлер көмегімен Интернеттің сыртқы пайдаланушыларының қатынас құруынан қорғалған бола алады.

Интранет (Intranet) – Интернеттің көптеген қызметтік мүмкіндіктеріне ие ұйымдардың немесе бірлестіктердің ішкі желісі (корпоративті желі). Интранет Интернетке қосылған бола алады.

Информатика – бұл компьютерлік техниканы пайдалануға негізделген ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, сондай-ақ оны әзірлеудің, сақтаудың, іздестірудің, түрлендірудің, жеткізудің және адамзат баласы іс-әрекетінің әр түрлі салаларында пайдаланудың әдістері мен заңдылықтарын оқып білетін пән.

Информатика– есептегіш техника құралдарымен ақпаратты әзірлеу, сақтау, өңдеу және жеткізу тәсілдерін, сондай-ақ осы құралдардың жұмыс істеу қағидалары мен оларды басқару әдістерін жүйелейтін техникалық ғылым.

Иілгіш дискГибкий диск– арнайы қоршамға қамтылған, беті магниттелген диск түріндегі сыртқы ақпарат тасуыш. Көлемі үлкен емес мәліметтерді сақтауға мүмкіндік береді, оларды бір компьютерден екінші компьютерге тасымалдау қолайлы.

Каталог – файлдарды және қосымша салынған каталогтары бар болатын файлдық жүйенің бөлімі. Windows 95/98 жүйелерінде «катало»г терминінің орнына әдетте тым кең қапшық термині пайдаланылады.

Каталог– файлдардың дискідегі орналасу орнын көрсететін анықтама.

Кәбіл-арна – Кабель-канал (Conduits) – механикалық зақымданудан кәбілді қорғауға пайдаланылатын жатық түтік.

Кейс – оқу мақсаты үшін бейімделінген проблемелық сипаттағы кәсіби қызметтің нақты немесе ойдан шығарылған жағдайының сипаттамасы. Кейстің мазмұны тақырыпқа «байланған», оның шешімі мәселенің мән-мағынасы мен одан шығу жолдарын анықтауды ұйғарады. Қашықтықтан оқыту жүйелерінде бұл термин студентке берілетін немесе жөнелтілетін дәстүрлі оқу материалдарының жинағын белгілеу үшін жиі пайдаланылады.

Кейс (case): (1) өз беттерімен жұмыс істеу үшін студенттерге беріліетін әртекті тасуыштардағы (баспа, аудио-, бейне-, электрондық материалдар) оқу материалдарының жинағы; (2) өз беттерімен талдау үшін студенттерге ұсынылатын нақты практикалық жағдаяттың сипаттамасы.

Кейс-технологилар – Кейс-технологииоқу-әдістемелік материалдар түсінікті түрде құрылымдалған және тиісті түрде арнайы жинаққа (кейс = портфельге) топтастырылған кезде арнайы дайындалған оқытушы-кеңесшілердің (тьюторлердің немесе нұсқаушылардың) кезеңдік кеңестерімен алыстағы (аймақтық)оқу орталықтарындағы, бөлімшелердегі, өкілдіктердегі, филиалдардағы немесе пункттердегі білім алушылардың өз беттерімен оқып-білу үшін жіберуге негізделгентехнологиялар.

Кейс-технология – оқу-әдістемелік материалдардың жинағын іріктеп жинау және оларды білім алушыға өзіндік оқып білу үшін оқытушылар-тьюторлардың кеңесімен қоса оның аймақтық тұрған орны бойынша (поштамен, электрондық поштамен) жөнелту (оқытудың сырттай және Қашықтықтан оқыту формаларында қолданылады).

КескінИзображение – білім алушының көзбен қабылдауына арналған ақпартты ұсыну формасы.

Кесте – Таблица– тік бағандар (графтар) мен горизондаль жолдарға ұйымдастырылған, өзіндік мағыналық тор құратын сөздік цифрлық материал.

Класс T1-ді қосу – Соединение класса T1 (T1 connection) – компаниялар пайдаланатын және жуықтап секундына 1.544 мегабит жылдамдықта Интернет желісіне қосу үшін жиірек шағын провайдерлермен қосу.

Класс T1-ді қосу – Соединение класса T3 (T3 connection) – секундына 44.73 мегабит жылдамдыққа дейін ақпаратты жеткізу үшін оптоталшықты кәбіл пайдаланылатын қосу.

Кластер– дискілік кеңістіктің ең аз адрестелетін бірлігі. минимальная адресуемая единица дискового пространства. Әдетте жазу біртұтас операция бірлігінің ауқымында жүргізілетін дискінің бірнеше физикалық бөлімдері бар. Кластердің мөлшері пайдаланылатын файлдық жүйемен және диск параметрлерімен анықталады. Үлкен дискілер үшін FAT 16 файлдық жүйесінде кластердің мөлшері 32 Кбайт-қа жете алады.

Клиент– қашықтықтағы компьютерден немесе серверден мәліметтер мен нұсқауды алуға және өңдеуге қабілетті аппараттық және бағдарламалық жасақтаманың үйлесімі.

Клиент (Client) –ақпарат алу үшін серверге қосылатын желідегі компьютер.

Клиент-сервер желісі – Сеть клиент-сервер (Client/Server Network) –барлық бар ақпараты мен ресурстарын желіде тұрған басқа компьютерлерге бере алатын ерекшеленген компьютердің желісі.

Коаксиялдық кәбіл – Коаксиальный кабель (Coaxial cable) –әлдеқашан ескірген өнеркәсіптік стандартқа сәйкес орындалған кәбіл.Теледидарлық антеннаны қосуға арналған кәбілге ұқсас.Пластмассаның оқшаулайтын қабатындағы мыс өзекшеден тұрады.Осы қабаттың бет жағы – метал шарбақтармен немесе фольгамен экрандайтын жабу және қорғаныш қабат.

Командалық батырмаКомандная кнопкасұқбаттық терезені басқару элементі. Командалық батырма сұқбаттық терезені ашу, қосымша параметрлері бар жаңа сұқбаттық терезені ашу, дайындалынған операцияларын орындау үшін пайдаланылады. Командалық батырмалар басқарудың ең интуитивті түрде түсінікті элементтерінің бірі болып табылады және тек сұқбаттық терезелерде ғана емес, басқаларда да пайдаланылады.

Командалық жолКомандная строка– пайдаланушының графикалық интерфейсі жоқ операциялық жүйенің командаларын енгізу үшін қызмет ететін жол, мысаылы, MS-DOS жүйесі. «Шақыру» термині де жиі қоданылады. Егерде тек команданы ғана емес, қосымша параметрлерді де енгізу талап етілсе, онда командалық жол қолайлы болады. Графикалық операциялық жүйелер әдетте арнайы сұқбаттық терезеде немесе командалық жолдың қызметін орындайтын қосымша тақтада беріледі.

Компилятор– жоғары деңгейлі бағдарламалау тілінде жазылған бағдарламаның бастапқы кодын процессордың машиналық кодында тәржімелеуді орындайтын қызметтік бағдарлама (транслятор). Интерпретатормен салыстырыңыз.

Компиляция – жоғары деңгейлі бағдарламалау тілінде жазылған бағдарламаның бастапқы кодын процессордың машиналық кодына түрлендіру процесі. Компиляция процесі бағдарламаны атқарумен ешқандай байланысты емес. Ол жеке және тәуелсіз жүргізіледі. Компиляция нәтижесінде объектілік код – программист пайдаланған, тек қажетті стандарттық процедуралар кітапханасынан қосылғаннан кейін ғана орындалатын кодқа (бағдарламаның жұмыс кодына) айналатын «жартылайфабрикат» алынады. Бұл қосылуды басқа қызметтік бағдарлама – байланыстар редакторы орындайды. Интерпретациямен салыстырыңыз..

Компьютерленген оқу курсы – Компьютеризированный учебный курс – негізінен баспа материалдарына, аудио немесе бейнеқұндақтарға негізделген, бірақ компьютерлік технология құралдарымен (оқытушы бағдарламалар, моделдеу жүйелері, математикалық бумалар, білімдерді тексерудің бағдарламалық құралдары) толықтырылған оқу курсы.

Компьютерлік (электрондық) оқу курсы немесе электрондық оқу-әдістемелік кешен (ЭОӘК)Компьютерный (электронный) учебный курсили электронный учебно–методический комплекс (ЭУМК) – тұлғалық режімде белгілі бір көлемдегі және белгілі бір пән саласындағы жаңа білімдерді, іскерліктер мен машықтарды қалыптастыру мен бекіту мақсатында on-line мен off-line режімдерінде білім алушының өз бетімен оқу курсын игеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік бағдарламалық-ақпараттық кешен.

Компьютерлік аудармаКомпьютерный перевод –бір табиғи тілден компьютердің көмегімен жүзеге асырылатын екінші тілге аударма.

Компьютерлік вирусКомпьютерный вирус – басқа бағдарламаларға өз бетімен енуге, өзінің көшірмелерін құруға және оларды бағдарламалардың жұмыс істеуін бұзу, файлдар мен каталогтарды бүлдіру, компьютер жұмысына кедергі жасау мақсатымен файлдарға, компьютердің жүйелік аймақтары мен есептеу желілеріне енгізуге қабілетті бағдарлама.

Компьютерлік есеп кітабыКомпьютерный задачник –табиғаты әр түрлі есептерді шығару әдістерін тез меңгеруге мүмкіндік туғызатын компьютерлік ойындар түрінде іске асырылған есеп кітабы.

Компьютерлік жүйеКомпьютерная система– бірге әрекет ететін аппараттық және бағдарламалық жасақтамалардың жиынтығы.

Компьютерлік қолдауКомпьютерная поддержка –компьютерлік оқулықтың электрондық құрауыштары (үйрететін бағдарламалар, модельдеу жүйелері, математикалық макеттер, білімді тексерудің бағдарламалық құралдары).

Компьютерлік ойынКомпьютерная игра –тұлғаның ойлауын және шығармашылық қабілетін дамытуға арналған ең тиімді шешімдерді дайындау мақсатында қақтығыс әдісімен жағдайды модельдейтін компьютерлік технология.

Компьютерлік оқу курсы (Электронный учебный курс) – Компьютерный учебный курс (Электронный учебный курс) – оқу курсын немесе оның үлкен бөлімін өз бетімен игеруге мүмкіндікті қамтамасыз ететін бағдарламалық әдістемелік кешкен. өзіне кәдігімгі оқулықтың, анықтаманың, есеп кітабы мен зертханалық практикумның сипаттамаларын біріктіреді. Компьютерлік оқу курсының негізгі міндеті – белгілі бір пән саласындағы және жеке дара режімде белгілі бір көлемдегі, не оқытушының көлемі бойынша шектеулі әдістемелік көмегімен (жеке жағдайда, желілік кеңестер арқылы) жаңа білімдерді, біліктер мен машықтарды қалыптастыру мен бекіту.

Компьютерлік оқулық (КО)Компьютерный учебник (КУ) –бұл оқу пәнін немесе оның бөлімін өзіндік игеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін бағдарламалық-әдістемелік кешен. КО өзіне кәдігімгі оқулықтың, анықтаманың, есеп кітабының және зертханалық практикумның сипатын біріктіреді және, әдеттегідей, курсты оқып білу бойынша басшылық болып табылатын, курсты оқып білуге қажетті үйретуші бағдарламалардың әр түрлі типі бар дискеттер жинағы бар баспа басылымы түрінде іске асырылады.

Контент:Ақпараттық толтыру – мәтіндер, графика, мультимедиа жән басқа ақпараттық мәнді толтыру.

КөпміндеттілікМногозадачность– бір мезгілде бірнеше бағдарламаны орындау мүмкіндігіне саятын операциялық жүйенің қасиеті.

Көркемдеу схемасыСхема оформления – Windows 95/98 операциялық жүйесі және оның қосымшаларының объектілері үшін біртұтас көркемдеуге мүмкіндік беретін, түстерді, қаріптерді, дыбыстық және басқа шешімдерді баптау параметрлері бар файл.Windows 95/98 жүйесіндегі Жұмыс үстелінің тақырыптары әдетте өзіне бірнеше көркемдеу схемаларын қамтиды.

Көрсеткіш бағдарлама – Индексирующая программа (Index program) – автоматтық іздестіруге қолайлы формада веб-сайт үшін сақталған ақпаратты құрылымдайтын және ұйымдастыратын, іздестіру жүйесінің пайдаланушыдан жасырын бөлігі.

Көрінерлік етуВизуализация – мәліметтерді кескіндер түрінде көрсету процесі.

КөшірмелеуКопирование– объектіні көбейту операциясы. Орын ауыстырумен салыстырыңыз.

Крекер (Cracker) – хахердің өзге атауы.

Куки (Cookie) – сіздің веб-сайтқа алдыңғы сапарыңыз туралы ақпараты бар шағын мәтіндік файл.

Курсты аяқтағаннан кейінгі тестілеу – Тестирование после окончания курса – білім алушылардың білімді меңгеру дәрежесін бағалау мақсатымен курсты немесе модульді оқып болғаннан кейін өткізілетін сынақ, тест немесе емтихан.

Курсты оқып білу траекториясыТраектория изучения курса –білім алушының дайындық деңгейіне тәуелді анықталатын және оқу процесінде іске асырылатын желілік курс модульдерінің құрамы мен реті.

Курстың құрылымы – Структура курса – әр түрлі модульдердің (тараулардың, тақырыптардың) жазбасы, олардың байланысына бағдар және тізбектілік.Курстың мазмұны мақсатқа сәйкес таңдалынады және өзіне тек фактыларды, оқиғаларды ғана емес, процестер мен іс-әрекеттің тәсілдерін, құнды бағдарларды қамтиды.

Күндізгі оқыту – Очное обучение – оқытушы мен студенттің тікелей қарым-қатынасын білдіретін білім алудың формасы

Кіріккен қызметтері бар цифрлық желіISDN (Integrated Services Digital Network) - цифровая сеть с интегрированными службами –телефон бірлестіктері енгізген жаңа телекоммуникациялық стандарт. Телефон желісі бойынша өтімді сандық каналдар арқылы сөзді, мәліметтерді және кескіндердің жеке типтерін беруге мүмкіндік береді.

Кіріктірілген қызмет көрсетудің цифрлық желісі – Цифровая сеть интегрированного обслуживания (Integrated Services Digital Network, ISDN) – ақпаратты секундына 128 килобит жылдамдықпен жеткізетін қосудың түрі.

ҚапшықПапка– басқа объектілері бар бола алатын контейнерді белгілеу үшін Windows 95/98-дің операциялық жүйелерінің ортақ термині. Қапшықтар бір біріне салынған бола алады. Қапшықтар көбінеме дискідегі каталог болып табылады, бірақ қапшықтардың басқа да түрлері бар болады..

ҚаріпШрифт–берілген символдар жинағының графиқалық формасын сипаттайтын мәліметтер файлы.

Қатқыл дискЖесткий диск– мәліметтерді ұзақ уақыт сақтау үшін арналған компьютердің ішкі құрылғысы. Тығыз бекітілген құндақтағы мағниттік дискілердің блогы мен ақпаратты жазу мен оқу үшін арналған бастиек блогынан тұрады. Көлемі үлкен (бірнеше гигабайт) ақпаратты сақтау мүмкіндігін және оны оқу мен жазудың жоғары жылдамдығын қамтамасыз етеді.

Қатынас құру жиыныМножественный доступ –бір ресурспен бірнеше абоненттің өзара әрекеттесу процедурасы.

Қауіпсіз жалғастыру хаттатасы – Протокол безопасного соединения (Secure Sockets Layer, SSL) – ақпаратты қауыпсыз жеткізу үшін пайдаланылатын хаттама немесе ережелер жинағы.

Қашықтық технологиясыДистанционная технология – оқыту сапасының көрсеткіштерін сақтай отырып оқытушы мен білім алушының арасындағы қашықтықты жеңуге бағытталған оқытудың ақпараттық технологиясы.

Қашықтықтан ашық білім беру (ҚАББ)Открытое дистанционное образование (ОДО) –бұл қашықтық, жұмыс бастылық, жасы келу және б. сияқты оқытушы мен білім алушының арасындағы бөгетті жеңуді қамтамасыз ететін кешенді оқу технологиясындағы қазіргі заманғы білім беру әдістері мен тұтынушыларға қызмет көрсетудің маркетингтік әдістерінің ұштасу нәтижесі ретінде XX-ғасырдың соңғы үшінші бөлігінде пайда болған оқытудың сапалы жаңа түрі. Қашықтықтан ашық білім беру жүйесін іске асыру үшін белгілі бір ақпараттық ортаны, педагогикалық кеңістікті дайындау қажет. Бұл міндеттерді ең жақсы түрде ақпараттық-білім беру ортасы атқара алады.

Қашықтықтан білім беру – Дистанционное образование –бұл оқып үйренушілердің келешекте шығармашылық пен (немесе) еңбек қызметінің негізі болатын белгілі бір білім деңгейіне жетуі мен бекітуіне арналған Қашықтықтан оқыту процесін іске асыратын жүйе.

Қашықтықтан білім беруДистанционное образование– білім беру қызметтерінің кешені, білім беру бағасын растап Қашықтықтан оқыту процесін іске асыратын педагогикалық жүйе.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 163; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты