Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Процессор – компьютерде ақпаратты өңдеуді іске асыратын негізгі микросхема. 8 страница




Шеткері жабдықПерифериное оборудование– компьютерге қосылған сыртқы құрылғылар.

Шиндік ұйымы бар желі – Сеть с шинной организацией (Bus network) – барлық коммпьютерлер тіректік (backbone) деп аталатын бір кәбілдің бойымен қосылатын желі.

Шифрлау – Шифрование (Encryption) – жөнелтілетін ақпаратты тек ол арналған адам немесе компьютер ғана оқи алатындай етіп кодтау процессі.

Ізденуші (сертификация үшін) – Соискатель (для сертификации) сертификация беретін органнан лицензия алуға қол жеткізуші тұлға немесе орган.

Іздестіру жолыПуть поискафайлдық жүйенің иерархиялық құрылымындағы файлдың орналасқан орнын біржақты анықтайтын салынған каталогтардың (қапшықтардың) тізбегі. Каталогтар мен қапшықтар MS-DOS пен Windows-та «\» символымен бөлінеді (кері қисық сызық).

Іздестіру жүйесі – Поисковая система (Search engine) –түйінді сөздер жинағын пайдалана отырып, өзіңізді қызықтыратын ақпаратты таба алатын веб-сайт.

Іздестіру жүйесінің мәліметтер базасы – База данных поисковой системы (Search engine database) –сіздер қатынас құра алатын барлық ақпараттың жинағы. Мәліметтер базасы пайдаланушыдан жасырын тұрады, бірақ сіздер өз іздестіру сұраныстарыңызды бағыттаған кезде компьютер іздестіру жүргізеді.

Іздестіру сервері – Поисковый сервер – көмегімен Интернет желісіндегі қажетті ақпаратты табуға болатын веб-сервер (www.yandex.ru , www.aport.ru , www.rambler.ru)

Ішкі бағдарламаПодпрограмма– стандарттық немесе жиі қайталанатын операцияны орындайтын дербес бағдарлама. Бас (негізгі) бағдарламамен немесе деңгейі жоғарылау ішкі бағдарламамен шақырылады. Жұмыстың аяқталуы бойынша басқару қайтан шақырылды, сол нүктеге қайтарады. Ішкі бағдарламаның құрамында процедура мен қызметті ажыратады. Ішкі бағдарламаның сипаттамасында ішкі бағдарламаны шақыру кезінде нақты параметрлермен алмастырылатын формальды айнымалыларды (формальды параметрлерді) пайдаланады. Нақты параметрлерді формальды параметрлердін орнына қоюды шақырушы бағдарлама орындайды. |

Ішкі бағдарламаның формальды параметрлеріФормальные параметры подпрограммы –ішкі бағдарламаның кодын жазу кезінде пайдаланылатын айнымалылар, тұрақтылар, жиымдар және мәліметтердің басқа объектілері. Нақты есептеулерге қатыспайды. Ішкі бағдарламаны шақыру мезетінде формальды параметрлердің орнына шақыратын бағдарламада шын мәндері бар нақты параметрлер қойылады. Осы мәндермен есептеулер орындалады.

Экранды жаңарту жиілігіЧастота обновления экрана – кескін кадрларының жиілігін анықтайтын бейнеішкіжүйесінің параметрі. Компьютермен ұзақ жұмыс істеу кезінде пайдаланушының көңіл күйіне айқын ықпал етеді.

Экрандық қойылымЭкранная заставка–монитор экранындағы статикалық кескінді динамикалық кескінге алмастыратын арнайы бағдарлама. Экранға түсетін жүкті азайту және басқа бақылаушылардан экрандық ақпаратты жасыру үшін пайдаланылады.

Экранның ажыратуыРазрешение экрана–экранда толығымен бейнелене алатын кескіннің ең үлкен мөлшерін анықтайтын параметр. Пикселдермен өлшенеді. Экранның ажыратуы жанама түрде бір мезгілде ашыла алатын терезенің санын анықтайды. Мүмкін болатын мәндері пайдаланылатын бейнеадаптерден және монитордан тәуелді болады. Windows 95/98-де стандарттық болып 640x480, 800x600, 1024x768, 1280x1024 және 1600x1200 ажыратулары есептеледі. Кейбір жұмыс бекеттері ажыратудың айтарлықтай жоғары параметрлерін қамтамасыз етеді. Ажырату неғұрлым жоғары болса, бейнежадтың белгіленген мөлшерлерінде бейнеадаптер бейнелей алатын түстер саны солғұрлым аз болады.

Электрондық басылым (ЭБ)Электронное издание (ЭИ) – тасылатын мағлұматтары бар, өзгертілмейтін түрде тарату үшін арналған, редакциялық-басылымдық өңдеуден өткен электрондық құжат (электрондық құжаттар тобы).

Электрондық білімдік ресурсЭлектронный образовательный ресурс – бұл білімдік сипаттағы ақпараты бар кез келген электрондық ресурс

Электрондық кітапханаЭлектронная библиотека –тез іздестіру және нақты басылымға қатынау үшін арналған электрондық тасуыштардағы оқулық әдебиеттер басылымдарының ұйымдастырылған қоймасы.

Электрондық кітапханаЭлектронная библиотека – жинау, өзекті ету және телекоммуникациялық желі арқылу толық мәтіндік ақпараттық оқу-анықтамалық және басқа мақсаттағы өзінің құжаттау мен қауіпсіздік жүйісі бар ресурстарды пайдаланушыларға ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешен. Электрондық кітапхананың негізгі элементті электрондық оқу курсы (оқу-әдістемелік кешен) болып саналады.

Электрондық кітапхана – Электронная библиотека– құжаттау мен қауіпсіздіктің өз жүйесі бар оқу-анықтамалық пен басқа да мақсаттағы толық мәтіндік ақпараттық ресурстарды жинақтау, көкейкесті ету және телеқатынастық желі арқылы пайдаланушыларға ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз ететін бағдарламалық кешен.

Электрондық құжатЭлектронный документ –абоненттік жүйенің жадында сақталатын құжат.

Электрондық оқу құралы (ЭОҚ)Электронное учебное пособие (ЭУП)– басылымның осы түрі ретінде ресми бекітілген және оқулықты ішінара немесе толығымен алмастыратын немесе толықтыратын электрондық оқу курсы.

Электрондық оқу материалдары – Электронные учебные материалы – электрондық тасуышта файл түрінде ұсынылған оқу материалдары. Белгілі бір оқу курсын немесе оның үзінділерін оқып білуге тағанындалған жеке мәтіндік файл, безендірулер, аудио және бейне үзінделер ретінде де және олардың реттелген жиынтығы ретінде де енгізе алады

Электрондық оқулықЭлектронный учебник –машиналық форматта (WORD, HTML және т.б.) электрондық тасуышта орналастырылған бір немесе бірнеше авторлар ұжымы әзірлеген оқулық.

Электрондық оқулық – Электронный учебник (electronic textbook) – мемлекеттік стандарт пен оқу бағдарламасына сәйкес келетін және басылымның осы түрі ретінде ресми бекітілген оқу пәнінің немесе оның тарауының, бөлімінің жүйелі мазмұндамасы бар электрондық оқулық курс.

Электрондық пошта – e-mailэлектронная почта –пайдаланушыға хабар жөнелтуге және қабылдауға мүмкіндік беретін желілік қызмет.

Электрондық поштаЭлектронная почта –мәтінді, сөзді, кескіндерді, немесе қағаз тасуышты қолданбайтын пайдаланушылар арасындағы құжаттарды қамтитын хабарларды жеткізу құралдары.

Электрондық пошта (Electronic mail, email) –Интернет бойынша жөнелтілетін хабарлама.

Электрондық пошта (E-mail) – Электронная почта –хабарламаларды адрестік алмасуға арналған желілік технологияларды қолдану тәсілі.

Электрондық пошта жүйелерін кіріктіруИнтеграция систем электронной почты – электрондық поштаның әр түрлі типтерінің өзара әрекеттесу технологиясы.

Электрондық тақта – Электронная доска – бір желіге кіретін әр түрлі компьютерлерде бір мезгілде бірнеше пайдаланушыға графикалық немесе мәтіндік бейнемен операция жасауға мүмкіндік беретін компьютерлік қосымша бағдарлама.

Энергияны сақтау режіміРежим энергосбережения – есептеу жүйесін жүктеу жоқ кезінде энергия пайдалануды айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік беретін компьютерді пайдаланудың ерекше режімі. Энергия пайдалануды азайту дегеніміз монитор мен қатқыл дискіні ток көзінен ішінара немесе толық ажырату дегенді білдіреді.

Эссе– берілген тақырыпқа студент өз ойы мен пайымдауын жеткілікті еркін формада баяндай алатын шамалы жазба жұмыс.

Ява аплет (Java applet)–браузердің ішінде іске қосылатын және Яваның файылын орындайтын шағын бағдарлама.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 100; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты