Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Процессор – компьютерде ақпаратты өңдеуді іске асыратын негізгі микросхема. 5 страница




Қашықтықтан білім беруДистанционное образование– жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиа жүйелері негізінде өзіне күндізгі, сыртқы және кешкі оқу элементтерін қамтып үйлестіретін ерекше жетілдірілген форма. Телекоммуникациялар мен электрондық басылымдардың қазіргі заманғы құралдары дәстүрлі оқыту формаларының барлық беделін сақтай отырып, олардың кемшіліктерін жеңіп шығуға мүмкіндік береді. Соңғы уақытта Қашықтықтан білім беру туралы емес, ашық білім беру немесе Қашықтықтан ашық білім беру туралы айту қабылданған.

Қашықтықтан білім беруДистанционное образование – Қашықтықтан оқытудың әдістерімен және құралдарымен білім алудың формасы.

Қашықтықтан білім беруДистанционное образование – тым кең және Қашықтықтан оқытумен тығыз байланысты ұғым. Қашықтықтан білім беру – бұл білімді жеткізу процесі (оған оқытушы мен оқу орталығы жауапты), ал Қашықтықтан оқыту – бұл білім алу процесі (оған білім алушы мен оқытушы – пәнді әзірлеуші жауапты) деп есептеу қабылданған.

Қашықтықтан білім беру жүйесі (ҚББЖ) – Система дистанционного образования (СДО) -пайдаланушылардың білім алу мұқтаждықтарын қанағаттандыруға межеленген ақпараттық ресурстарды жеткізу құралдарының, өзара әрекеттесу хаттамаларының, аппараттық-бағдарламалық пен ұйымдық-әдістемелік жасақтамалардың жүйелі ұйымдастырылған жиынтығы.

Қашықтықтан білім беру мекемесіУчреждение дистанционного образования –Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқу процесін жүзеге асыратын білім беру мекемесі.

Қашықтықтан білім беру технологияларыТехнологии дистанционного образования– қалыпқа келтірілген түсінікті үнемі жаңғыртуды, білімдерді жеткізу мен тексеруді ұйғаратын оқыту құралдарының, әдістері мен формаларының жүйесі.

Қашықтықтан қатынас құруДистанционный доступ – оқыту мекемелерімен мәліметтер алмасудың желілік технологияларымен жабдықталған аппаратты-бағдарламалық кешендер арқылы тұрған орындарында оқыту немесе жұмыс істеу.

Қашықтықтан оқытуДистанционное обучение –бұл білім беру процесіне алыстан қатысушылардың интерактивтілік өзара әрекетін қамтамасыз ететін оқу процесін ұйымдастыру формасы. Қашықтықтан оқыту формасының анықтамасындағы түйінділері «интерактивтілік өзара әрекет» және «қатынас құрудың ашық арнасы арқылы өзара әрекет» ұғымдары болып саналады.

Қашықтықтан оқытуДистанционное обучение –бұл дәстүрлі және жаңа ақпараттық технологиялар мен олардың білім алушылардың өз беттерімен оқып білуіне, оқытушы мен білім алушылардың арасында сұқбат алмасуға арналған оқу материалдарын жеткізуге қолданылатын техникалық құралдардың кең ауқымын пайдалануға негізделген оқытудың синтетикалық интегралдық гуманистік формасы, жалпы жағдайда оқыту процесі олардың кеңістіктегі орналасуы мен уақыты бойынша, сондай-ақ нақты білім беру мекемесіне мін емес.

Қашықтықтан оқытуДистанционное обучение –оқытушы мен студенттердің өзара және оқыту құралдарымен, олардың кеңістікте орналасуына жіктеліп топтастырылған және уақыт бойынша келісілген, интерактивтілік (сұқбаттық), асинхрондық және синхрондық өзара әрекеттерінің мақсатты процесі. Басқаша айтқанда, Қашықтықтан оқыту деп білім берудің барлық формаларында қолданылатын технологияларды немесе технологиялар қосындысын айтады.

Қашықтықтан оқыту (АҚО)Дистанционное обучение (ДО) – оқытушы мен білім алушы уақыт және/немесе кеңістік бойынша физикалық түрде бөлінген кездегі, қашықтық технологияларын қолданып оқытудың сырттай формасынан айрықшаланатын, оқыту формасы.

Қашықтықтан оқыту (қашықтықтан білім беру) – Дистанционное обучение (образование на расстоянии)– оқыту формаларының бірі және электрондық пен телеқатынастық құралдар арқылы білім беру ұйымдарынан алыста тұрған тұлғалардың оқу-танымдық іс-әрекеті мен дамуына мақсатты түрде бағытталған және әдістемелік түрде ұйымдастырылған басшылық.

Қашықтықтан оқыту (ҚО) – Дистанционное обучение (ДО)– бұл білім алушылардың синхронды мен асинхронды өзара әрекет процесі мен білім алушылардың өзара және оқыту құралдарының кеңістіктегі орналасуына инвариантты әрі уақытпен үйлескен мақсатты түрде ұйымдастырылған ақпараттық педагогикалық технологиялардың жиынтығы.

Қашықтықтан оқыту (ҚО) (Қашықтықтан білім беру)Дистанционное обучение (ДО) (Дистанционное образование) – бұл оқып үйренушілер мен оқып үйренушілердің өз арасында әрі олардың кеңістікте орналасуына инварианты және уақыт бойынша келісілген оқыту құралдарымен синхронды және асинхронды интерактивтік өзара әрекеттесудің мақсатты түрде ұйымдастырылған процесінің ақпараттық пен педагогикалық технологияларының жиынтығы.

Қашықтықтан оқыту жүйесіСистема дистанционного обучения – Қашықтықтан оқытудың технологиясын пайдалану арқылы білім беру бағдарламаларын құру мен практикалық жүзеге асыруда іске тартылғын ұйымдық, телебайланыстық, педагогикалық және ғылыми ресурстардың жиынтығы. Ұйымдық түрде үйлестіруші органдардан, зерттеу ұйымдарынан, ҚО-дың базалық оқу мекемелерінен (ҚО-дың құрылымдық бөлімшелеріне жауаптылар), ҚО-дың университеттері мен оқу орталықтарының желісінен тұрады.

Қашықтықтан оқыту жүйесі (ҚО жүйесі) – Система дистанционного обучения (система ДОқашықтықтықтан оқытудың технологиясын пайдаланып білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен практикалық жүзеге асыруға қатыстырылған ұйымдастырушық, телебайланыстық, педагогикалық және ғылыми ресурстардың жиынтығы. Ұйымдық түрде ол үйлестіру органдарынан, зерттеу мекемелерінен, ҚО-дың базалық оқу орындарынан (ҚО-дың құрылымдық бөлімдеріне жауаптылардан), университеттер мен ҚО оқу орталықтарының желісінен тұрады.

Қашықтықтан оқыту провайдері – Провайдер ДО– ҚО технологиясын пайдаланып оқудан өту мен білім алуды ұсынатын оқу орны.

Қашықтықтан оқыту технологиясы – Технология дистанционного обучения –Қашықтықтан оқыту кезінде кейстік, желілік, ТД-лық технология сияқты және т.б. технологияларды пайдаланатын ақпараттық технологиялар.

Қашықтықтан оқытудың дидактикалық құралдары – Дидактические средства дистанционного обучения – оқу материалы, оқытудың әдістері мен тәсілдері, оқытушымен тікелей қатынас жасау жоқ кезде автоматтандырылған процедура түрінде іске асырылған оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру формасы.

Қашықтықтан оқытудың кейстік (портфельдік) технологиясыКейсовая (портфельная) технология дистанционного обучения – айқын құрылымдалған және тиісті түрде құрастырылған арнайы жинақтың («кейстің», «портфельдің», «жинақтаманың») көмегімен іске асырылады. Бұл материалдар оқушыларға өз беттерімен оқып үйрену үшін жөнелтіледі (жіберіледі). Оқытушылармен-кеңесберушілермен (тьюторлармен немесе нұсқаушылармен) келесі мерзімді кеңестер осы мақсаттар үшін арнайы құрылған алыстағы (аймақтық) оқу орталықтарында, бөлімдерде, өкілеттіктерде, пунктерде несесе оқу мекемелерінің әріптестік (филиалдық, франчайзингілік) жесісінің базасында өткізіледі.

Қашықтықтан оқытудың құралдары – Средства дистанционного обучения –компьютерлік техника мен телебайланысқа, сондай-ақ білімдік технология саласындағы соңғы жетістіктерге негізделген оқытудың дәстүрлік пен жаңашылдық құралдары.

Қашықтықтан оқытудың педагогикалық технологиялары – Педагогические технологии дистанционного обучения –Әр түрлі байланыстық құралдарды пайдаланып қатынаудың педагогикалық технологиялары.

Қашықтықтан оқытудың телекөріністік технологиясы (ТК-технология)Телевизионная технология (ТВ–технология) ДО – оқу-әдістемелік материалдарды білім алушыларға жеткізу үшін телекөріністі пайдалануға және белгілі бір курс пен дайындық бағыттары бойынша оқытушылардың жүйелі дәрістерін ұйымдастыруға негізделген Қашықтықтан оқыту технологиясының түрі.

Қашықтықтан оқытушы кеңесші – Удаленный преподаватель-консультант – білім алушыдан географиялық түрде қашықтықтан (әдеттегідей, телеқатынастық және компьютерлік технологиялар көмегімен) өз міндетін орындаушы оқытушы-кеңесші.

ҚО жүйесін сараптаушыМониторинг системы ДО –ҚО жүйесінің қалып-күйін басқару мен тексеру кешені.

Қоғамды ақпараттандыруИнформатизация общества –ақпараттық ресурстарды қалыптастыру мен пайдалану негізінде азаматтардың, мемлекеттік үкімет органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары органдарының, қоғамдық бірлестіктердің ақпараттық мұқтаждығын қанағаттандыру және құқығын іске асыру үшін тиімді жағдайлар жасаудың ұйымдастырылған әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесі.

Қоғамдық меншік – Общественная собственность (Public domain) –кез келген пайдаланушы қатына құра алатын тегін ақпарат.

ҚО-дың кадрлық жасақтамасы – Кадровое обеспечение ДО -Қашықтықтан оқыту барысында оқытушылық, әдістемелік пен әкімшілік қызметті жүзеге асыратын адамдар жиынтығы, сондай-ақ ҚО процестерінің техникалық жасақтамасы.

ҚО-дың провайдері – Провайдер ДО –ҚО-дың технологияларын пайдаланып білім алу мен оқуды ұсынушы оқу орны.

ҚО-дың теледидарлық жүйесі (Теледидарлық технология) – оқып үйренушілерге оқу-әдістемелік материалдарды жеткізу мен белгілі бір курс пен дайындаудың бағыты бойынша оқытушылардың тұрақты дәрістерін ұйымдастыру үшін теледидарды пайдалануға негізделген Қашықтықтан оқыту технологиясының түрі.

Қолданбалы бағдарлама интерфейсі – Интерфейс прикладной программы (API – Aplication Program Interfase) –қолданбалы бағдарламалар мен қолданбалы тұғыр арасындағы стандарттық интерфейс.

Қомей – Шлюз (Gateway) – типі екі түрлі желіні қосата алатын орайластыру құрылғысы. Көмей информацияны алады, оны аударады, ал содан кейін аударманы тағайындалған орынға жөнелтеді.

Қорғалған (экрандалған) жұп өрім – Защищенная (экранированная) витая пара (Shielded Twisted Pair, STP) – бөгеуілден қорғауды қамтамасыз ететін және мәліметтердің тұтастығын сақтайтын пластикалық қаптаманың астында металл немесе фольгамен жабылатын мыс өткізгіштердің бір немесе бірнеше жұбы.

Қорғалмаған жұп өрім – Незащищенная витая пара (Unshielded Twisted Pair, UTP) – қазіргі уақыттағы ең арзан кәбіл, ешқандай қорғанышсыз бір немесе көбірек мыс өткізгіштердің жұбынан жасалған.

ҚоржынКорзина– жойылған объектілерді уақытша сақтау үшін арналған Windows 95/98 жүйесінің арнайы қапшығы.

Қосымша бағдарламаПриложение– нақты операциялық жүйенің басқаруымен жұмыс істейтін компьютерге арналған бағдарлама.

Қосымша білім беру – Дополнительное образование–азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің білім алу мұқтаждығын жан-жақты қанағаттандыру мақсатымен барлық деңгейдің қосымша білімдік бағдарламаларының негізінде жүзеге асырылатын тәрбие мен оқыту процесі.

Құбылыс – Явление– заттың мән-мағынасын анықтау (өрнектеу) формасы.

Құжатты форматтауФорматирование документа –Құжатты дайындау. Форматтау операциясы құжатты баспаға басу үшін қағаздың мөлшерін таңдауды, өрістердің енін беруді, қаріпті, оның мөлшері мен сызылымын тағайындауды, жолдарды туралау әдісі мен жаңа жолды безендіру әдісін таңдауды және жолдар мен жаңа жолдардың ара қашықтығының шамаларын беруді, сондай-ақ құрамдас графикалық және басқа объектілерді мәтіннің орап өту әдісін қамтиды

Құпия сөзПароль– белгілі бір ресурсқа, мысалы, желідегі алыс қомпьютерге немесе дискідегі қапшыққа, қатынау құқығын куәландыру үшін қызмет ететін символдардың құпия үйлесімі.

Құрт – Червь (Worm) – вирусқа ұқсас болатын шағын бағдарлама. Құрт өзін үнемі көшірмелейді және жұқтыру үшін компьютердің «қожасын» талап етпейді. Компьютерге жиірек электрондық пошта арқылы кіреді.

Құрылымдық диаграммаСтруктурная диаграммаМодульдік диаграмманы қараңыз.

Құрылымы ағаштәрізді Веб-сайт – Веб-сайт с древовидной структурой (Tree web site) –сайтта ақпараттарды қарап шығу үшін әр түрлі опцийлер мен баптаулардың жинағы бар генеалогиялық ағашқа ұқсас ұйымдастырылған сайт.

Лездік хабар – Мгновенное сообщение (Instant Message, IM) –шын уақыт режімінде Интернет бойынша адамдарға ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін бағдарлама көмегімен жөнелтілетін хабар.

Лицензия – білім беру іс-әрекетін жүргізу құқығына мемлекеттік органдар немесе өкілетті мекемелер беретін ресми рұқсат..

ЛицензиялауЛицензирование –лицензия (рұқсат) беру.

Лицензияның иегері (лицензиат)Обладатель лицензии (лицензиат) сертификация бойынша лицензия берілген тұлға немесе орган.

Логикалық дискЛогический дископерациялық жүйемен тәуелсіз құрылғы ретінде қарастырылатын қатқыл дискінің физикалық бөлімі.

Мақсаттар деңгейі (терминдерде) – Уровни целей(в терминах) – 1-ші: "елестете алу"; 2-ші: "білу"; 3-ші: "істей білу"; 4-ші: "ие болу".

Маманданған – квалифицирован– демонстрациялаған кезде тағайындалған талаптарды орындауға мүмкіндігі бар объектіге берілген мәртебе.

Мамандық процесі – Процесс квалификации – объектінің қойылған талаптарды орындау мүмкіндігін демонстрациялау процесі. Ескерту: Осы процесті белгілеу үшін кейде «мамандық» терминін пайдаланады.

Мәліметтер ағашыДерево данных– мәліметтердің иерархиялық құрылымын қараңыз.

Мәліметтер базасыБаза данных –белгілі бір ереже бойынша ұйымдастырылған өзара байланысты мәліметтер жиынтығы.

Мәліметтер базасы (МБ) – База данных (БД) – мәліметтерді сипаттаудың, сақтау мен өңдеудің ортақ қағидаларын алдынала қарастыратын белгілі бір ереже бойынша ұйымдастырылған мәліметтердің атау берілген, бүтін мәнді, біртұтас жүйесі.

Мәліметтер банкіБанк данных –мәліметтерді жинауды, сақтауды, іздестіру және өңдеуді қамтамасыз ететін ақпараттық, техникалық, бағдарламалық, тілдік және ұйымдастыру құралдарының кешені.

Мәліметтер мәліметі бойынша іздестіру жүйесі – Поисковая система по метаданным (Meta Search Engine) – іздестіру жүйелері сайттарының үлкен мөлшерін зерттейтін және сіз үшін алынған нәтижелерді үйлестіретін жүйесі бар веб-сайт.

Мәліметтерді жеткізу ортасы – Среда передачи данных (Transmission media) – мәліметтерді жеткізу үшін пайдаланылатын кәбілдік немесе сымсыз желінің екінші атауы.

Мәліметтерді жеткізуді басқару хаттамасы – TCP (Transmission Control Protocol) – Протокол управления передачей данных – көмегімен клиент пен сервердің арасын қосуды орнататын құрал. Мәліметтер бұмаға бөлінеді де, оларды жинау тәсілі туралы ақпаратпен бірге алушыға жөнелтіледі.

Мәліметтерді жеткізуді/желіаралық хаттаманы басқаратын хаттамаTCP/IP (Transmission Control Protocol/Internet Protocol) – протокол управления передачей/межсетевой протокол –бұл Интернет желісіне негізделген стандарттық хаттама. Жергілікті немесе ауқымды желілердеақпарат бумасын бағыттау үшінUNIX жүйелері үнсіз келісім бойынша қолданады.

Мәліметтерді жеткізуді/желіаралық хаттаманы басқаратын хаттамаTCP/IP (Transmission Control Protocol/Internet Protocol) – протокол управления передачей/межсетевой протокол – сервер мен клиенттің арасын және Интернетте пайдаланылатын мәліметтерді жеткізуді басқару (TCP) мен желілік қосылулар (IP) жүйесінің хаттамасын қосуды орнататын хаттама қисыны.

Мәліметтерді/Желіаралық (Интернет) хаттаманы жеткізуді басқаратын хаттама – Протокол управления передачей данных/Межсетевой (Интернет) протокол (Transmission Control Protocol/Internet Protocol, TCP/IP) – барлық Интернет бойынша ақпаратты жөнелту мен алуды қамтамасыз ететін хаттама немесе ережелер жинағы.

Мәліметтердің иерархиялық құрылымыИерархическая структура данных– әрбір элемент деңгейі ең жоғары элементтен («түбір» немесе «төбе») осы элементке апаратын жолмен анықталатын мәліметтердің құрылымы. Мәліметтердің иерархиялық құрылымы мәліметтерді сызықтың немесе кестелік тізбекпен ұсыну қиын болған жағдайларда өте қодайлы болады. Мысалы, иерархиялық құрылым дискілерде қапшықтарды (каталогтарды) ұсыну үшін пайдаланылады.

Мәліметтердің қауіпсіздігіБезопасность данных –кездейсоқ немесе әдейі өзгертуден, жоюдан, жариялаудан, сондай-ақ рұқсатсыз пайдаланудан мәліметтерді қорғау тұжырымдамасы.

Мәліметтің мәліметі бойынша іздестіру жүйесі (Поисковая система по метаданным (Meta Search Engine)) –іздестіру жүйелерінің саны үлкен сайттарын зерттейтін және алынған нәтижелерді сендер үшін қиыстыратын жүйесі бар веб-сайт.

Мәтіндік процессорТекстовый процессор– мәтіндік құжаттарды әзірлеу, безендіру және форматтау үшін арналған бағдарлама. Басып шығаруға беру үшін немесе, мысалы, факс бойынша жөнелту үшін арналған құжаттарды дайындауға пайдаланылады. Мәтіндік редактормен салыстырыңыз.

Мәтіндік редакторТекстовый редактор– мәтіндік құжаттарды әзірлеу және редакциялау үшін арналған бағдарлама. Мәтінді безендіру мен форматтау құралдары жоқ. Мәтіндік процессормен салыстырыңыз..

Мәтінмәндік анықтамаКонтекстная справка– осы мезеттегі операцияның орындалуына немесе басқарудың таңдалынған элементіне қатысты көмегі, кеңесі, ұсынысы бар операциялық жүйеден хабар.

Мәтінмәндік менюКонтекстное меню– ағымдағы объектімен байланысты командалар жинағы бар арнайы меню. Windows 95/98' операциялық жүйесінде мәтінмәндік меню әрқашанда объектіде тышқанның оңжақ батырмасын шертумен ашылады.

Мәтінмәндік сезгіштікКонтекстная чувствительность тышқанға, ол қандай объектіге келтірілгеніне байланысты, өзінің формасын өзгертуге мүмкіндік беретін тышқан көрсеткішінің қасиеті.

Мәшинелік кодМашинный код– сегізразрядтық екілік сандардың (байттардың) көмегімен процессордың командаларын кодтау жүйесі. Мәшинелік кодта бағдарлама оларды орындау уақытында ұсынылады.

Мемлекеттік білім беру мекемесі – Государственное учреждение образования Қазақстан Республикасының заңына сәйкес құрылатын білім беру мекемесі.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы – Государственный образовательный заказ – білікті жұмысшылар мен қызметкерлер дайындауға мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыру арқылы іске асырылатын тиісті мемлекеттік органдар тағайындайтын жоспар; бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру ұйымдарының білім беру қызметін сатып алу; конкурстық негізде мемлекеттік білім гранттар мен несиелер ұсынысы.

Меню – біреуі таңдалынатын пункттер (әдетте командалар) жинағы болып табылатын басқару элементі. Менюдің пункті келесі деңгейдің салынған менюдің) менюі бола алады.

Меңзерлік пернелерКурсорные клавиши – пернетақтадағы көрсеткілері бар пернелер тобы. Олардың атауы осы пернелердің әдетте тиісті бағдарламаларда меңзердің орнын ауыстыру үшін пайдаланылуымен байланысты болады.

Мобильділік (тасымалданушылық, өзара ауыстырушылық) – Мобильность (переносимость, взаимозаменяемость) – аппараттық платформаларды жаңарту немесе алмастыру кезінде бағдарламаларды, мәліметтерді тасымалдау мүмкіндігін және мамандардың, оларды қайта дайындамастан, осы жүйеге немесе жүйенің аппараттық платформасына өзгертулер енгізу кезінде олармен жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ашық жүйенің қасиеті

Модель – оқып білетін объектінің сипаты мен іс-әрекетін имитациялауды қамтамасыз ететін бағдарлама немес құрылғы.

Модем (Modem) –телефон желісі арқылы компьютерді Интернетке қоса алатын желілік жабдық.

Модем (модулятор/демодулятор) – Modem – компьютерді аналогтық телекоммуникациялық желілермен жалғастыратын және цифрлық мәліметтерді аналогтық формаға және керісінше түрлендіретін жабдық.

Модуль– оқу курсының аяқталған құрамы.

Модульдік диаграммаМодульная диаграмма– құрылымы күрделі бағдарламаны графиқалық ұсыну тәсілі.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 118; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты