![]() КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Спектрлiк сызықтардың аса нәзiк түзілiсi (АНТ). Жiктелген деңгейшелер саны былай анықталады: I>J болған жағдайда (2J+1) әр түрлі АН деңгейше, I<J болғанда -(2I+1) әр түрлі АН деңгейше болады. Спиндерi I=0 барлық атомдардың деңгейлерi әрқашан дара болатындығын атап өту керек. Дәл осылай J=0 болатын барлық деңгейлер де дара болады. Егер ядро спинi I=1/2 болса, онда J>0 болатын барлық деңгейлер екi деңгейшеге жiктеледi. I>0 болатын ядролар үшін J кванттық саны J>1/2 барлық деңгейлерде дублеттiк болады.
![]() ![]() ![]() ![]() ![]()
мұндағы
F-ядро мен электрондық қабықшаның F=J+I, J+I-1,..., çJ-Iê (7.6) 7.1-сурет
Демек, ядроның магниттiк моментiнiң электрондық қабықшаның магнит өрiсiмен әсерлесуiнiң қосымша энергия шамасы
(7.7) формуладан деңгейлердiң АН жiктелу шамасын анықтау үшін ядроның mI магниттiк моментiн бiлу және электрондық қабықшаның ядро тұрған орында жасайтын магнит өрiсi Не кернеулiк мәнiн есептеу керектiгi көрiнедi. Берiлген ядро түрі үшін және электрондық қабықшаның берiлген күйi үшін Атомдағы деңгейлердiң жiктелу құрылымын бiлсек, онда таңдалып алынған қандай да бiр спектрлiк сызық жайында сандық деректердi тағайындауға болады. Деңгейшелер арасындағы кванттық ауысулар F кванттық саны үшін DF=0, ±1 (7.9)
Жiктелудiң толық енi, немесе кванттық сандары F= I+J және F= çI-J ç АНТ деңгейшелерiнiң ара қашықтығы а) J>I үшін dЕI+J,I-J=AI(2J+1); б) I< J үшін dЕI+J,I-J=A J(2I+1) (7.10) АНТ деңгейшелерiнiң жiктелу шамасы Не магнит өрiсi кернеулiгiне пропорционал. Егер ядроның магниттiк моментi оң таңбалы болса (бұл ядроның магниттiк және механикалық моменттерi бiр жаққа бағытталғандығын бiлдiредi), онда АНТ деңгейшелерi дұрыс орналасқан, яғни F-терi кiшi күйлер төмен болады. Керiсiнше, егер ядроның магниттiк моментi терiс (ядроның магниттiк және механикалық моменттерi әр жаққа бағытталған) болса, онда АНТ деңгейшелерi төңкерiлген, яғни F-терi кiшi кейбiр күйлер жоғары жатады. s2p6 түріндегi түйықталған қабықшалар магнит өрiсiн туғызбайды, өйткенi бұлардың қосынды моментi нөлге тең. Сондықтан бұларға қатысты деңгейлер АН жiктелуге ұшырамайды. Сонымен, егер АНТ деңгейшелерiнiң саны I және J кванттық сан мәндерiмен анықталатын болса, онда жiктелу енi mI және He шамаларымен сипатталады. АН жiктелу энергиясының реттiк шамасы атомның табиғатына байланысты dЕ~10-6-10-7 эВ болады. Сызықтардың нәзiк түзілiсiн анықтайтын спин-орбиталық әсерлесу энергиясы DЕls~10-3-10-4 эВ , ал атом деңгейлерiнiң энергиясы Е0~ бiрнеше эВ болатындығын еске саламыз.
![]() Мысал ретiнде 7.2-суретте натрий деңгейлерiнiң және резонанстық l1=589,6, l2=589,0 нм дублет сызықтарының (32S1/2-32P1/2,3/2) аса нәзiк жiктелу схемасы кескiнделген.
7.2-сурет
Натрийдың (z=11) массалық саны А=23 жалғыз орнықты изотопы бар.
Спектрлiк сызықтардың экспериментте байқалатын жiктелу көрiнiсi жалпы жағдайда аса нәзiк түзілiс те, сызықтардың изотоптық ығысуын да туғызады. Бiрнеше орнықты изотоптары бар элементтердiң көпшiлiгiнiң спектрлiк сызықтарының күрделi изотоптық және аса нәзiк құрылымы болады. Мысал ретiнде 7.3-суретте сынаптың l1=546,1 нм (63Р2 - 73S1) сызығының құрылымы келтiрiлген. Табиғи сынаптың (z=80) жетi орнықты изотопы бар
7.3-сурет. Сынаптың Hg I l=546,074 сызығының аса нәзiк жiктелуi: а-жұп изотоптардың энергетикалық деңгейлер схемасы; б-тақ изотоп Hg199 үшін; в-тақ изотоп Hg201 үшін; г-сынаптың изотоптық құрылымы; д-жасыл сызықтың 15 құраушыдан тұратын түзілiсi.
Kr86 изотоп-бiр изотопты жарық көзi-метрологияда маңызды роль атқарады. Kr86 l=605,61280 нм сызығының толқын ұзындығы қазiргi кезде ұзындықтың алғашқы эталоны ретiнде қабылданған. Жеңiл элементтерде изотоптық ығысуды деңгейлер энергиясының ядро массасына тәуелдiлiгi туғызады (изотоптық ығысудағы массалық эффект). Массалардың ортақ центрiнен ядроның қозғалысын бiр электроны бар жүйелер-сутегi және сутегi тәрiздi иондар үшін өте оңай ескеруге болады. Осы жағдайда бұл Ридберг тұрақтысын мына шамаға
ауыстыруға тiреледi, мұндағы М-ядро массасы. Массалары М1 және М2 изотоптардың энергия деңгейлерiнiң айырмасы мынаған тең:
Осы өрнектен ауырырақ изотоптың деңгейлерi жеңiлiрек изотоптың деңгейлерiне қатысты төмен ығысатындағы көрiнедi. Изотоптық ығысудың осылай ығысуы оң ығысу деп саналады. (7.12) теңдiктен изотоптардың спектрлiк сызықтарының ығысу шамасы былай анықталады:
Ауыр изотоп сызықтары үлкен жиiлiктер жаққа ығысады, бұл сызықтардың ығысуының оң бағытына сәйкес келедi. А массалық санды енгiзiп, және М=mpA деп ұйғарып, мұндағы mp-протон массасы, былай жазуға болады
Деңгейлер мен сызықтардың изотоптық ығысуы массалық сан өскенде шамамен 1/A2 пропорционал тез кемидi. Ығысулардың максимум шамасы сутегiнде орын алады, мұнда сутегi мен дейтерийдiң Hb сызықтарының ығысуы 5,6 см-1 құрайды. Элементтердiң периодтық жүйесiнiң орталық бөлiгiнде (А~100) спектрдiң көрiнетiн аймағындағы сызықтардың ығысулары реттiк шамасы бойынша 0,001 см-1, бұл эксперименттiк бақылау мүмкіндiгi шекарасында болады.
Периодтық жүйенiң орталық бөлiгiнде изотоптық ығысулар өте-мөте аз. Элементтердiң реттiк нөмiрi бұдан әрi өскенде арта бастайды да, ауыр элементтерде едәуiр шамаға жетедi. Ауыр элементтер үшін ығысулардың терiс бағыты тән. Периодтық жүйенiң төменгi бөлiгiндегi массалық сандары шамамен А~140-тан басталатын элементтердiң изотоптық ығысуы атомдардың энергетикалық деңгейлерiне ядроның шектелген көлемiнiң ықпалы себепшi болады (изотоптық ығысудағы көлемдiк эффект). Көлемдiк эффектi түсіндiру үшін электронның ядро өрiсiндегi потенциалдық энергия қисығы кескiнделген 7.4-суретке жүгінейiк.
7.4-сурет. Электронның потенциалдық энергиясы қисықтары: 1-нүктелiк ядро; 2,3-радиустары R2, R3 мөлшерi шектелген ядролар үшін
![]() ![]() Жоғарғы және төменгi деңгейлердiң ығысулары айырмасына тең спектрлiк сызықтың тәжiрибеде өлшенетiн ығысуы деңгейлер ығысуының салыстырмалы шамасына байланысты бағыты әр түрлі болуы мүмкін. Көбiнесе төменгi деңгей көбiрек ығысады да, нәтижесiнде сызықтың ығысу бағыты терiс болады. Сызықтардың ығысуында оптикалық электрон себепшi болатын деңгейлер ығысуының тек бiр бөлiгi бiлiнедi. Атомдық қалдық электрондарымен байланысты деңгейлер ығысуы оптикалық электрон кванттық ауысулар жасағанда өзгерiссiз қалады, сондықтан экспериментте тiркелуi мүмкін емес. Осыған сүйенiп сызықтардың бақыланған ығысуынан деңгейлердiң ығысуын есептеген кезде оны әдетте нөлге тең деп ұйғарады. Оптикалық спектрдегi изотоптық ығысуларды зерттеу атомдық ядролардың құрылысы жайындағы мәлiмет көзi ретiнде маңызы зор табиғи және жасанды қоспалардағы изотоптардың сандық мөлшерiн анықтау үшін изотоптық спектрлiк талдауда қолданылады. Спектрлiк сызықтардың АНТ зерттеулер ядролық механикалық және магниттiк моменттерiн анықтауға мүмкіндiк бередi.
![]() Сонымен, Tl I 535,046 нм сызығының АН құраушыларының жалпы саны 4-ке тең. А және В құраушылары көбiрек тараған Tl205 изотопына, ал а және в құраушылары сиректеу кездесетiн Tl205 изотопына тиесiлi.
|