КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тәжiрибелiк қондырғыНатрий атомының спектрлiк сызықтарының нәзiк түзілiсiн зерттеу, сыртқы түрі 5.4-суретте кескiнделген қондырғыда жүргізiледi.
5.4-сурет. ДФС-8 дифракциялық спектрографы: а-сыртқы түрі; б-оптикалық схемасы; 1,2,3-конденсорлар; 4-саңылау;5-жазық айна; 6-объектив; 7-дифракциялық тор; 8-толқын ұзындықтар шкаласы; 9-шкаланы жарықтандыратын шам; 10-бұру призмасы; 11-шкала кескiнiн фотопластникаға түсіретiн обьектив; 12-кассета. ДФС-спектрографы. Лабораториялық жұмыста натрий атомы спектрiнiң нәзiк түзілiсiн зерттеу үшін ДФС-8 спектрографы қолданылады. Спектрографтың оптикалық схемасы 5.4,б-суретте келтiрiлген. ДФС-8- ажыратқыштық қабілеті жеткiлiктi жоғары спектрлiк құрал. Сондықтан натрийдың негiзгi сызықтары орналасқан спектрдiң 280-620 нм аймағын алу үшін дифракциялық торды әр түрлі бұрышқа бұрып спектрдi суретке түсіру керек. Осы жағдайда спектрдiң қажеттi бөлiгiн алу үшін барабан арқылы дифракциялық торды қажеттi бұрышқа бұрады; бұл дифракциялық тордан фотопластинкаға тұсетiн жарықтың толқын ұзындықтарын көрсеткiш-шкала бойынша бақыланады.
|