Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тәжiрибе жасауға арналған қондырғы




Бұл жұмыста сутегi атомының шығару спектрiндегi сызықтары көрiнетiн аймақта жататын Бальмер сериясы зерттеледi. Бальмер сериясында m=2, ал n кванттық саны бiрiншi үш сызық үшін 3, 4, 5 мәндерiн қабылдайды. Бұл сызықтар тиiсiнше Ha, Hb , Hg арқылы белгiленедi.

Сутегi атомдарының жарық шығаруы газразрядты сутегi түтікшесiнде, бұл арқылы жеке қоректендiру блоктан алынатын электр тогын өткiзгенде iске асырылады. Спектрдi көзбен қарап, бақылау және спектрлiк сызықтардың толқын ұзындықтарын өлшеу үшін УМ-2 монохроматор-спектрометрi қолданылады.

3.3-сурет

 
Қондырғының оптикалық схемасында (3.3-сурет)-зерттелетiн жарық көзi (1) УМ-2 монохроматорының рельсiне орналастырылады. Жарық көзiнен шыққан жарық монохроматордың кiрер саңылауына (3) конденсорлық линза (2) жәрдемiмен жиналады. Жарықты қажеттi орынға жинақтау конденсорлық линзаны (3) рельс бойымен қозғау, және де оны тiк және бүйірге ығыстыру арқылы iске асырылады. Камералық объективтiң (8) фокаль жазықтығындағы спектр (кiрер саңылаудың монохромат кескiндерi) окуляр (11) арқылы бақыланады. 9 барабан көмегiмен дисперсиялаушы призманы бұрып, керектi спектрлiк сызықты окулярдың көру өрiсiндегi көрсеткiшпен (10) дәл сәйкестендiрiледi. Спектрлiк сызықтықтың толқын ұзындығы 9 барабандағы градустық өлшемдер бойынша УМ-2 монохроматорының градуирлеу графигi көмегiмен анықталады. Кiрер саңылаудың (3) енi 4 маховикпен реттеледi.

Сутегi спектрiн өлшеу алдында УМ-2 монохроматорының 9 барабанын градуирлеп алу керек (барабанның градустық бөлiктерiн толқын ұзындыққа сәйкестендiретiн график тұрғызу j-l). Ол үшін рельске сынап лампасын орналастырып оны жағады, конденсор көмегiмен кiрер саңылаудың бiркелкi жарықтануына қол жеткiзедi. Сынап спектрiндегi жасыл сызықты (l=546,1нм) немесе сары сызықты (l1=577,0нм; l2=579,0нм) бақылайды. Осы сызықтар бойынша алдымен 11 окулярды фокустайды, онан кейiн саңылауды кiшiрейтiп 5 объективтi фокустайды. Окулярдың фокустануы 10 көрсеткiш айқын көрiнгенше оправаны бұрау арқылы жүргізiледi. 5 объективтiң фокустануы спектрлiк сызық көрсеткiшпен бiрге айқын көрiнгенше 6 маховикпен жүргізiледi. Бұдан кейiн сынап спектрiнiң қызыл шетiнен бастап әрбiр сызыққа 10 көрсеткiштi дәл келтiрiп, әрбiр сызыққа сәйкес келетiн 9 барабанның градустық j бөлiгiн жазып алады. Осы өлшеулер нәтижесiнде j(l) тәуелдiлiгi-УМ-2 монохроматорының градуирлеу графигi алынады. Осы график сутегi спектрлiк сызықтарының толқын ұзындықтарын өлшеу үшін пайдаланылады. Сутегi спектрiндегi қажеттi сызықтарды iздестiрудi Ha -қызыл сызықтан бастау керек. Hb сызығы-көгiлдiр-жасыл, Hg -күлгін-көкшiл түсті. Бальмер сериясының аталған сызықтарының әрқайсысы үшін 9 барабандағы j мәндерi анықталады да j(l) градуирлеу графигi бойынша l толқын ұзындық анықталады.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-10-31; просмотров: 184; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты