Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жұмыстың орындалу ретi. 1. УМ монохроматорының градуирлiк графигiн сынап спектрi бойынша тұрғызу.




1. УМ монохроматорының градуирлiк графигiн сынап спектрi бойынша тұрғызу.

2.

Сутегi спектрiн бақылау. Бальмер сериясының үш сызығының толқын ұзындығын өлшеу. Байқалған спектрдi суретке салып, сызықтардың толқын ұзындықтары мен түстерiн көрсетiңiз.

3. Бальмер сериясының әрбiр сызығы үшін, (3.2) формуласы бойынша R Ридберг тұрақтысы мәнiн есептеу. Оның <R> орташа мәнiн анықтау. Мына формуланы пайдаланып

<R> орташаның s<R> cтандарттық қателiгiн бағалау.

4. Ридберг тұрақтысының <R> орташа мәнiн оның (3.15) және (3.16) формулалары бойынша есептелiнген теориялық мәнiмен салыстыру.

5. <R> мәнi бойынша n=1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 үшін сутегi атомының стационарлық күйлерiнiң Еn энергия мәндерiн, және де иондану энергиясын Ei (электронвольтта) есептеу.

6. 1 эВ/см масштабында сутегi атомының энергия деңгейлерiнiң диаграммасын салу.

7. Лайман, Бальмер, Пашен серияларының шекаралық толқын ұзындықтарын, және де бұларға сәйкес фотондар энергиясын (эВ) анықтау.

8. (3.12) формуланы пайдаланып, негiзгi күйдегi және n=700 күйдегi сутегi атомының диаметрiн есептеу.

9. <R> мәнiн және iргелi тұрақтылар мәндерi бойынша (3.16) формуланы пайдаланып, me электрон массасын есептеу.

 

3.6. Бақылау сұрақтары

1. Атомдық спектрлерде қандай заңдылықтар байқалады?

2. Атомның шығару мен жұтылу спектрлерi қандай жағдайларда пайда болады?

3. Бiр газдың шығару спектрi мен жұтылу спектрiнде байқалатын сызық саны бiрдей бола ма? Болмаса, нелiктен болмайды?

4. Атомның энергия деңгейлерi диаграммасын тұрғызу принциптерiн түсіндiрiп берiңiз.

5. Атомды қоздыру және иондау процестерiнiң мәнiсiн баяндап берiңiз.

6. Бальмер формуласы мен Бордың жиiлiктер шарты арасындағы байланыс.

7. Сутегi атомының энергия деңгейлерi мен спектрi.

8. Ридберг тұрақтысының физикалық мағынасын түсіндiрiңiз.

9. Атомның Резерфорд ұсынған моделi мен Бор теориясында ұсынылған моделi арасындағы айырмашылықтар.

10. Нелiктен Резерфордтың атом моделi классикалық физика түсінiктерiмен үйлеспейдi?

11. Бор ұсынған атом теориясының қайшылықтары мен кемшiлiктерi.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-10-31; просмотров: 203; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты