Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ТАҚЫРЫП 10. Зерттеу жұмыстарында қаттыфазалық иммуноферменттік талдаумен қолдану




Сабақ мақсаты. Иммуноферменттік талдаумен және осы әдістің алдына қойылған мақсатпен танысу.

Сарамандық жұмыстардың техникалық қамтамасыздандыруы және қолданылатын құрал-жабдықтар. Кестелер, тақырыпқа сәйкес келетін фабрикада және қолдан жасалған плакаттар. Реакцияға қатысты құрал-жабдықтар: Фюллеборн сынауықтары, микропипеткалар, 96 ұялы платалар.

 

Сабақтың жоспары және қысқа мазмұны. Сабақта келесі сұрақтар қарастырылу керек:

1. Иммуноферменттік талдаудын (ИФА) түрлері: «гомогендік» және «гетерогендік». Осы әдістердің бір бірінен айырмашылығы және өткізу ұстанымдары.

2. ИФАда қолданылатын ферменттер.

Ақырғы жылдарда иммунохимиялық сараптау әдістері белсенді даму жолына тұрып, биологияда маңызды проблемаларды шешуге көмектесіп, медицинада, ветеринарияда тәжірибе қолдану тауып отыр. Осы сараптау әдістерінің жоғары сезімталдығы және ерекшелігі (10-9 – 10-3 мг/мл) әдейленген маркер-изотоптар, флуоресцентті бояулар, ферменттер қолданумен жетіліп отыр.

Иммуноферментті сараптау (ИФА) – ферменттермен антигенді және антиденені таңбалау көмегімен әр түрлі физиологиялы белсенді заттарды анықтау әдістері. Өзінің сезімталдығына сәйкес ИФА радиоиммундық сараптауға тең болып бір қатар қасиеттеріне ие болды: ферменттермен таңбаланған реагенттердің тұрақтылығы, радиоактивтік заттармен қарым-қатынасқа кірмеу; реакцияны бақылау жеңіл болу (ферменттің әсерімен субстраттың түсі өзгеруі көзге байқалады).

ИФА әдістерін екі топқа бөлуге болады: «гетерогенді» (қаттыфазалы) және «гомогенді». Осы әдістердің айырмашылығы – сараптауды өткізу ұстанымдары.

ИФА «гетерогенді» әдістердің негізінде (ELISA – enzyme linked immosorbenti assay) ковалентті иммобилденген немесе ерімейтін негізде (целлюлоза, сефароза, 4В, сефадекс, биогель,ұсақ тесіктері бар шыны, ацетаттық және нитроцеллюлозалық мембранды сүзгіштер және т.б.) адсорбталған антигендермен және антиденелермен қолдану жатыр.

Ең көп таралған әдіс – антигенді және антиденені полистиролды ұялардың үстіне немесе сынауықтарға физикалық адсорбтау әдісі. Сараптау екі нұсқада өтеді: сәйкес келетін антигенге қарсы таңбаланған иммунды сары суды қолданатын тұра әдіс және зерттелетін ағзаның иммуноглобулиндеріне қарсы таңбаланған сары судың көмегімен – тұра емес әдіс. «Гомогенді» ИФА әдістерде (EMIT – enzyme multozid immunotest) фермент антигенмен коньюгатталады. Сол антиген байлану үдірісте қасиетін жоғалтпайды. Осы әдістердің негіздерінде антиденелермен таңбаланған антиген қарым қатынасқа кіргенде ферменттік белсенділік төмендейді. Ден саулық сақтау бағытында және ауыл шаруашылықта гомогендік әдістерге қарағанда реакция аяқталғанда екі фазасы жеңіл бөлінетін ELISA нұсқасы кең таралған.

ИФА әдісімен адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің бактериалдық және вирустік ауруларды зерттегенде, гормондарды анықтағанда, ісік антигендерін, наркотиктерді, антибиотиктерді, иммундық жүйелерді анықтағанда қолданады. Қаттыфазалық ИФА-мен ұлпалық дақылдарда моноклоналды антиденелердің синтезін өткізгенде қолданады.

Ветеринариялық тәжірибеде ИФА-мен инфекциялық аурулардың басты кезеңдерін анықтағанда , жануарлардың өнімдерінің ветеринариялы-санитариялық сараптауын өткізгенде қолданады. Осыдан басқа, осы әдіс вакциналармен және сары сулармен қолданғанда жануарлардың иммунобиологиялық жағдайларын анықтағанда көмектеседі. Иммунохимиялық сараптаулардың жалпы көлемінде иммуноферменттік сараптаудың әдістері зертханалық және клиникалық зерттеулерде болашақта бірінші орын алу мүмкін.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 244; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты