Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Таңбаланған түрге қарсы иммуноглобулиндермен қолданып антиденелерді анықтау




Осы жағдайда ИФА ұстанымы келесі: ферменттермен таңбаланған түрге қарсы антиденелер зерттеудегі антигенге сәйкес келетін антиденелермен ерекше қарым қатынасқа кіргенде жаратылған антиген-антидене кешенінің индикациясына жетуге болады.

Ферментпен коньюгатталған түрге қарсы иммуноглобулиндер - антисарысудан шығарылып алынған глобулиндік фракция. Антисарысуды алғанда жануарлар-продуценттерді энзимдермен таңбаланған бұқалардың, үй қояндардың, тышқандардың иммуноглобулиндерімен иммундеп алады.

Қатты фаза ретінде полистиролдық плашкалармен, ацетаттық мембранды сүзгіштермен, нитроцеллюлозалық сүзгіштермен қолданады.

 

Иммуноферменттік сараптау қою тәртібі:

1. Антигенмен тасымалдаушыны сенсибилиздеу.

2. Зерттелуге жататын құрамында антиденелер бар суйықтықты кіргізу.

3. Тасымалдаушыны жуу.

4. Пероксидазамен таңбалаған түрге қарсы иммуноглобулиндерді кіргізу.

5. Тасымалдаушыны жуу.

6. Субстратты қосу.

7. Реакцияны тоқтату.

 

Бақылау сұрақтары

1. Иммуноферменттік сараптау тұралы түсініктеме.

2. Иммуноферменттік сараптаудың негізінде қандай үдірістер жатыр?

3. Иммуноферменттік сараптауда қолданылатын ферменттер және құрал-жабдықтар.

4. Иммуноферменттік сараптауды қою тәртібі.

 

ТАҚЫРЫП 11. Тышқандардың және үй қояндардың иммундық жүйелерінің мүшелерін және жасұшаларын бөліп алу

Сабақ мақсаты. Жұқтыру жұмыстарының мағнасымен, тәртіптерімен және әдістерімен танысу.

Сарамандық жұмыстардың техникалық қамтамасыздандыруы және қолданылатын құрал-жабдықтар. Кестелер, тақырыпқа сәйкес келетін фабрикада және қолдан жасалған плакаттар.

 

Сабақтың жоспары және қысқа мазмұны. Сабақта келесі сұрақтар қарастырылу керек:

1. Патогендік бактерияларды алу үшін қолданылатын жануарлар.

2. Вирустерді бөліп алу әдістер.

 

Жұқтырылған жануарлардан патогенді бактерияларды бөліп алу диагностика жұмыстарына өте маңызды, әсіресе иммунды сары суларды бақылау бағытта қолданғанда. Осындай жұмыстардың мақсаты – бактериялық зерттеулердің өткізу уақытын қысқарту.

Токсиннің әсерімен қоздырылып отырған инекцияны зерттегенде (мысалы, ботулизм немесе сібір жарасы), токсин немесе қоздырғыш бар материалды физиологиялық ерітіндіге салады. Кейіннен осы материалды талькпен сүртілген (токсинді адсорбтау үшін) қағаз сүзгіштен сүзеді. Сүзгіштен шайып алып, сол материалды сезімталды жануарларға жұқтыру мақсатымен салады.

Қоздырғыштың өзінің патогендік қасиеттерімен белгіленген инфекцияларды зерттегенде зертханалық жануарларға микробтық суйықтықты жұқтырады.

Бактериалдық инфекцияларды зерттегенде әр түрлі жануарлармен қолданады, неге десек олар әр түрлі этиологиялық агенттерге әр түрлі сезімталды болады.

Тышқандар пневмококкаларға, нейссерияларға, пастереллаларға, клостридияларға, листерияларға, сібір жарасының қоздырғыштарына, туляремия, оба, ботулизм, сіреспе, коклюш және мелиоидоз қоздырғыштарына сезімтал болады.

Егеу құйрықтылар туберкулёз (бұқа түрі), мелиоидоз және т. б. қоздырғыштардың түрлеріне сезімталды.

Теңіз шошқалар туберкулёз (адам түрі), дифтерия, сап, оба, бруцеллёз, туляреми, холера, газ гангренасының, ботулизм, псевдотуберкулёз және т. б.қоздырғыштарғка сезімталды.

Үй қояндар стафилококкаларға, стрептококкаларға, нейссерияларға сезімталды, Mycobacterium bovis, газ гангренасының қоздырғыштарына, сібір жарасының, ботулизм, сіреспе және т. Б. қоздырғыштарға сезімталды.

Мысықтар. Жануарларға стафилококкаларды, сап қоздырғыштарын, коклюш және т. б. қоздырғыштарды жұқтырады.

Маймылдар. Оларға шигеллаларды, листерияларды, сальмонеллаларды, мелиоидоз қоздырғыштарын, коклюш және т. б. қоздырғыштарды жұқтырады.

Құстар. Құстармен және көгершіндермен туберкулёз диагностикасында (құс түрі), пастереллёз, риносклерома және т. б. ауруларды зерттегенде қолданады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 170; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты