КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
ИНФАРКТИнфаркт деп бүтін ағзаның немесе оның бір бөлігінің қанай-налымының бүзылуына байланысты өлуін атайды. Демек инфаркт қантамырлық (ишемиялық) некроз. Инфарктың пайда болуына: әдетте қан тамырларының тромбозы, эмболиясы немесе спазмы себеп болады. Кейде инфаркт, ағып келген қан мөлшерінің ағза қызметін қамтамасыз ете алмауынан дамиды. Осыған байланысты инфаркты циркуляторлық некроз деп те атайды. Көбінесе инфарктың дамуы жалпы қан айналуының бүзылуы-на байланысты, сондықтан инфаркт созылмалы жүрек, өкпе ауру-ларында көп кездеседі. Қан тамырының тыгындалу жылдамдығы, инфаркт пайда болуының ең бір шешуші факторы. Инфаркт кол-латералдық жолдар ашылып үлгермеген жағдайда ғана дамитын қүбылыс. Қан тамьфының кенеттен пайда болган эмболиясы тек сол тамырдың ғана емес, оның бойындағы барлық тармақтарының да рефлекторлық түрде тарылуымен (спазм) қатарласа жүреді. Әдет-те инфаркт ушбүрышты болып көрінеді. Инфарктьщ пішіні қан тамырларының ағзада таралу ерекшеліктеріне байланысты. Өкпе-де, бүйректерде, көкбауырда үшбүрыштың түбі ағзаның қабына
9 1 22-сурет. Көкбауырдағы үшбүрышты ақ инфаркт қарай жайғасады да, оның үшында тромбпен тыгындалған қан тамыры табылады. Инфарктьщ негізгі екі түрі бар: ол ақ (ишемиялық) және қызыл (геморрагиялық) инфаркт (22-сурет).
Ақ инфаркткөбінесе көкбауырда, бүйректерде, мида, жүректе кездесіп, коллатералдық қан тамырлардың жеткілікті ашылмауы-ның морфологиялық көрінісі есебінде дамиды (23-сурет). Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия 2 белім. Жасушалар мен тіндердің зақымдануы
Қызыл инфаркт жүрек кызметінің жетіспеушілігіне байланысты веналық қан іркіліп қалғанда пайда болады. Қызыл инфарк-тың, ең көп кездесетін жері өкпе. Өкпе әдетте екі қан жүйесінен қанмен қамтамасыз етіледі. Бұл жерде бір жүйеден қан келмей қалған жағдайда пайда болған некроз ошағына екінігіі жүйеден келген қан қүйылады. Ірі вена қан тамыры тығыңдальш қалғанда ішекте, көкбауырда, бүйректерде веналық инфаркт дамиды, ол қызыл инфаркт түрінде көрінеді. Веналық қан ағып кетуі қиында-ғанща, артерия қанының ағып келуі тоқтайды, яғни бүл инфарк-тың да себебі артерия қаньшьщ жеткіліксіздігі. Қызыл инфаркт эритроциттердің, гемолизіне байланысты бірте-бірте реңсізденіп ақ инфаркт түріне айналып қалуы мүмкін. Қейде ақ инфарктың айналасында қанқүйылу ошақтары пайда болады (қызыл жиекті ақ инфаркт) оның себебі қан тамырларының алғашқы спазмының парездік кеңеюімен алмасуы. Инфарктан кейінгіөзгерістер. Инфаркт пайда болғаннан кейін бірнеше сағат өтісімен-ақ, демаркациялық (шекаралаушы) қабы-ну үрдісі басталады. Бүл жерде қан тамырлары кеңейіп, айналасы-на лейкоциттер шыға бастайды. Лейкоциттерден бөлініп шығатын протеолиздік (белокты ерітуші) ферменттер некрозға шалдыққан тінді ыдыратады. Ыдырау өнімдерін макрофаг жасушалары жүтып алады, олар кейінірек лимфа тамырлары арқылы тасылып кетеді. 7-10 күннен кейін инфаркт болған жерде дөнекер тін түзіліп, ол некрозға шалдыққан жердің орнын толық басады (инфарктың организациясы). Жүрек инфарктының нөтижесіңде кардиосклероз, кейінірек созылмалы аневризма, өкпе инфарктысынан кейін пневмосклероз үрдістері өрістейді. Мидағы инфаркт бірге-бірте жойылып ыдырап кеткенде оның орнында қуыстар (кисталар) қалады. Кистаның кемері глия элементтерінен түрады. Инфаркт болтан жердің іріндеуі ол жерге инфекция түсуіне байланысты. Іріндеу көбінесе өкпеде, сирек жағдайларда жүрек инфарктында кездеседі. Көкбауьірдағы инфарктың іріндеуі пери-тонитке өкеліп соқтыруы мүмкін. Егер инфаркт ағзалар қабына жақын орналасқан болса ол жерде реактивтік қабыну (реактивті плеврит, перикардит, перитонит) үрдісі дамиды. Ішек инфаркты гангренаға өтіп тынады.
|