КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
АЛЮМИНОЗАлюминий өндірісте кең қолданылатын металдың бірі. Алю-миноз өкпеге алюминий шандары немесе буы енгенде дамиды. Ол алюминий немесе оның балқымасын өндіретін жүмысшыларда, металдық бояулар, алюминий үнтақтарын дайындайтын кісілерде кездеседі. 23 бөлім. Кәсіптік аурулар Алюминоздың патогенезі организмде алюминий иондарының белоктармен әсерлесуі нәтижесінде алюминилі-белокты қоспалар-дың пайда болуына байланысты. Патологиялық анатомиясы. Алюминоз үшін өкпеде жайлаған склероз қүбылысы тән. Алюминозда өкпенің тіні қатайып, тіпті бүрісіп қалады. Алюминий жиналып қалған жерлер кейде күміс реңді сүр, жылтыр болып көрінеді. Дөнекер тін бронхтар мен қан тамырларының төңірегінде өседі. Аьвеола іргелері де фиброзда-нып қалыңцайды. Кейде аралық тін склерозы нәтижесінде өкпе альвеолаларының саңылауы тарылып, олардың микроскоптық қүрылысы бүзылады. Альвеола ішіндегі макрофагтар алюминийдің майда бөлшектерімен толған. Осы өзгерістер өкпе эмфиземасына, бронхтар эктазиясына (кеңейіп кетуі) соқтырады. Алюминоздың және бір ерекшелігі, өкпеде жиналып қалған алюминий осы элементен кездесу (контакт) тоқтағаннан кейін де эсер ете береді. Сөйтіп өкпедегі өзгерістер одан әрі өршиді. БЕРИЛЛИОЗ* Бериллиоз. Берилий сирек металдар тобына жатып кейбір минералдар қүрамына кіреді. Бүл өте қатты, жоғарғы температураға төзімді, коррозияға үшырамайтын металл. Сол үшін машина жэне реакторлар жасау жүйесінде кеңінен қолданылады. Көбінесе берилийдің балқымалары пайдалынылады. Жүмысшылар бериллий рудасынан таза бериллийді бөліп алу үрдісінде, оның балқымаларын дайындау немесе оларды өндеу кезінде ауырады. Сонымен қатар бериллиоз берилий өндірісіне қатынасы жоқ, бірақ оны өңцейтін зауыттарға жақын жақын тура-тын адамдарда, қоршаған орта осы затпен ластанғаңда да дамуы мүмкін. Патогенезі. Берилийдің майда бөлшектері тыныс жолдарын тітіркендіріп ларингит, трахеит, бронхит, бронхиолит жэне альве-олит дамуына соқтырады. Бериллиоздың өзіне тән ерекшелігіне оның гаптендік қасиеті жатады. Организмде пайда болтан берилий — белок кешені антигендік қасиетке ие болып организмде жогары сезімталдықтың баяу түрі (ЖБТ) дамиды. Осы реакция өкпеде альвеола-капилляр блогының дамуына экеледі. Берилли-озда пайда болатын гранулемаларды осы ЖБТ реакциясының мор-фологиялық белгісі деп қарау керек. Кейде бериллиоз клиникада аутоиммунды ауру түрінде өтеді. Патологиялық анатомиясы. Бериллиоздый; жедел, созылмалы түрлерін ажыратады. Оның жедел түрі үшін өкпеде морфологиясы ерекше пневмонияның дамуы тән. Бүл пневмония альвеола ішінде Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия фибринге бай, қүрамында көшіп түскен эпителий, макрофагтар, лимфоциттер және бірлі жарымды көпядролы Лангханс текті жа-сушалар бар экссудат пайда болуымен сипатталады. Альвеола іргесінде лимфоцитті-гистиоцитті сіңбелер көрінеді. Бериллиоздық пневмония альвеола іргесінде жасушалардың аса көбейіп кетуіне және дәнекер тіннің өсуіне өкеліп соғады. Бе-рилий пневмониясына байланысты өлім-жітім деңгейі өте жоға-ры. Бериллиоздың созылмалы түрі үшін өкпеде бериллиозға тән гранулемалардың пайда болуы тән. Бүл кезде өкпе үлкейіп, қатты тығыздалып, кесіп қарағанда сүрғылт қызыл түсте көрінеді, өкпенің салмағы бірнеше есе өседі, үстап көргенде ішінде майда түйіндер барлығы анықталады. Бүл түйіндердің көлденеңі өдетте бірнеше миллиметр (тары дәніндей), тек сирек жағдайларда ғана 0,5-1,0 см-ге жетеді. Микроскоппен қарағанда өкпедегі гранулемалар лим-фоциттерден, эпителоидты, плазмалы жасушалардан және көпяд-ролы жат денелерге тән немесе Лангханс типіндегі жасушалардан түзілген. Кейде гранулемалар қүрамында қабыршық төрізді (кон-хоидалды) қат қабат қүрылымды, көлденеңі 100 мкм-ге дейін жететін денешіктер көрінеді. Олар өз алдына бөлек немесе көпяд-ролы алып жасушалардың ішінде жайгасқан. Әдетте гранулемалар бірте-бірте дөнекер тінмен алмасып, өкпедегі склероз қүбылысын күшейтеді. Гранулемалар тек өкпеде ғана емес аймақтық лимфа түйіндерде, бауырда, көкбауырда, теріде және басқа да ағзаларда кездеседі.
|