КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
ПЕРИОДОНТИТПериодонтит (перицементит) — периодонттың қабынуы. Пе-риодонт дегеніміз тіс түбірінің цементі мен тіс үяшыгы арасында орналасқан, тіс түбірін жан-жақтан қаптап түрган талшықты дә-некер тін топтары. Бүл талшықтардың арасын борпылдақ дәнекер тін, тінаралық сүйықтық толтырады. Осы қүрылысқа байланысты периодонт тісті альвеола ішінде үстап, бекітіп түрады жөне амортизация функциясын атқарады. Периодонт нерв талшықтарына өте бай, бүл жердегі толып жатқан майда қан жене лимфа тамыр-лары тіс үяшықтарының тесіктері арқылы жақ сүйектерінің та-мырларымен байланысты. Осы түтіктер және қуыстар (Фолькман және Гаверс өзекшелері) арқылы периодонттагы инфекция кейде сүйек майына тарап одонтогенді остеомиелит дамиды. Ал ірінді немесе гангренозды пульпиттерде тіс қуысындағы инфекция темен қарай тарап периодонтитке айналады. Кей кезде оның дамына тістің сынуы немесе тісті қаптап түрған қызыл иектің қабынуы - гингивит себеп болады. Соңғы айтқан себептен периодонтиттің маргиналды түрі дамиды. Кейбір дәрі-дәрмек тіс қуысында тым үзақ уақыт түрганда да периодонтит дамуы мүмкін. Периодонтиттің тағы бір себебі — гематогенді жолмен түскен инфекция. Периодонтиттің жіктелуі /. Клиникалық белгілеріне қарап: 1) жедел; 2) созылмалы. /7. Қабынудың таралуына қарап: 1) ошақты, 2) жайылмалы (диф-фузды). III Морфологиялық кәрінісіне қарап: Жедел турі: 1) серозды; 2) іріңді. Созылмалы турі: 1) грануляциялы; 2) гранулематозды; 3) фиброзды периодонтит болып бөлінеді. Патологиялық анатомиясы. Серозды периодонтит жәй көріністе тіс түбірін қаптаған тіндердің ісінуімен және гиперемиясымен сипатталады. Ал микроскоппен қараганда, бүл жерде қан тамырла-рының қанға толып кеңейгені, нүктелі және ошақты қан қүйылу, ісіну, қан тамырларының айналасында лейкоциттерден, моноцит-терден қүралган қабыну сіңбелері көрінеді. Бүл қүбылыс тіс түбірінің үшында басымырақ байқалады. Серозды перидонтит тез арада іріңці қабыну түріне айналады. Іріңді периодонтиттің микроскоппен анық көрінетін морфо-логиялық белгілеріне ісіну, қанға толған тіндерде ірінді экссудат-тын; пайда болуы, некрозга үшыраған жасушалар мен талшықтар- 63"_____________________________________ ЖЛхметов. Патологиялық анатомия дың орнында іріңге толған қуыстар түзілуі жатады. Осы ірінді экссудат (апикадцы абсцесс) тіс аймағының жүмсақ тіндеріне жайы-лып, табиғи қуыстар арқылы сыртқа жол тапса, оны флюс деп атайды. Жүмсақ тіңцермен қатар кейде цементтің өзі де ірінді қабы-нудың әсеріңце зақымданып, сырты кедір-бүдыр болып қалады. Айтылған көріністер — жергілікті өзгерістер болып саналады. Ал жалпы өзгерістерге аймақтағы (жақ асты, жақ үсті) лимфа түйіңдерінің үлкеюі және маңайдағы қызыл иектің ісінуі жатады. Қабыну үрдісінің әрі қарай дамыса, ол түрлі жолдармен жайылып, маңайдағы ағзаларға өтеді. Іріңді периодонтит жоғарғы жақ сүйегінде дамыса, гайморитпен асқынуы мүмкін. Қабыну тіс ма-ңайындағы езу, үрт, тандай, мойын жүмсақ тіндеріне де өтеді. Сонымен, ірінді периодонтит флегмонамен, периоститпен, остео-миелитпен, тіпті одонтонгенді сепсиспен асқынуы мүмкін. Созылмалы грануляциялық периодонтит жедел периодонтитнәтижесінде дамиды. Бүның себебі - қабыну ошағында пролиферация қүбылысының басым болуы. Үзаққа созылған қабыну нәтижесінде тіс түбірінің үшын қаптаған тіндерде грануляция өсіп дамиды. Кейде бүл жағдайға түбір үшының ірінді қабынуы — апи-калды абсцесс себеп болады. Кейінірек ірің бітіп немесе ол жол тауып сыртқа шыққанда оның орнына грануляциялық тін өседі. Микроскоппен қарағанда бүл тін көптеген жаңадан пайда болған майда қан тамырларынан, неше түрлі гематогендік жөне мезенхи-малық жасушалардан, дәнекер талшықтардан түратьшы байқала-ды. Грануляциялық тін тіс түбірінің маңайына өскен сайын, тіс сүйегі цементі-остеокластық резорбцияға үшырайды. Созылмалы гранулемалы периодонтит тіс түбірі үіпын қаптағантіндерде пролиферация үрдістерінің басымдығымен, осы жерде гранулема ошағының пайда болуымен сипатталады. Оны апикал-ды гранулема деп атайды. Апикалды гранулеманың 3 түрін ажыратады: 1) қарапайым гранулема; 2) қүрылысы күрделі гранулема (эпителийлі); 3) кис-тогранулема. Қарапайым гранулема тіс түбірінің үшымен тығыз байланысқ-ан, қызғылт-сүр түсті түйін болып көрінеді. Ал микроскоп көрінісінде бүл түйіннің негізі — кәдімгі грануляциялық тін, сыр-тқы жиегі тығыз фиброзды капсуламен қапталған. Курделі (эпителийлі) гранулеманың жәй көрініеі қарапайым гра-нулемаға үқсас. Ерекшелігі микроскоппен қарағанда байқалады. Негізінде бүл гранулема екі компоңентті, морфологиялық қүры-лысы жағынан грануляциялы және эпителий тіңцерінен түрады. Грануляциялық тін арасында жан-жаққа көпқабатты жалпақ жа- 22 бөлім. Тіс-жақ окуйесі жөне ауыз қуысы... сушалы эпителий өскені байқалады. Эпителидің бүл жерде пайда болуын кейбір зерттеушілер периодонтта қалған эмальдің камби-алды элементтерінің (Малассе ошақтарының) өсіп кетуімен түсіндіреді. Ал басқа зерттеушілердің көзқарасы бойынша, эпителий қабыну нәтижесінде пайда болган жыланкөздің қуысьша қызыл иектен өсіп кіреді. Бірақ та, периодонтит сырқатында жыланкөз-дер сирек дамиды, қуыс болмай қызыл иек эпителиі төменгі жат-қан тіндерге өсуі мүмкін. Рентген өдісімен зерттегенде апикалды гранулема орналасқан жерде тіс үяшықтары сүйектерінің дефектері байқалады. Кистогранулема күрделі апикалды гранулемадан дамиды. Микроскоппен қарағанда гранулеманың ортасындағы жасушалар май-лы дистрофияға жөне некрозға үшырайды. Некрозданған жасуща-лар ьщырап, олардың орнына қуыс пайда болады, сырты фиброзды капсуламен жиектелген. Кистогранулеманың нәтижесінде ра-дикулярлы киста дамиды. Периодонтиттің жедел түрі де, созылмалы түрі де организм үшін инфекция ошағы болып, қолайсыз жағдайда инфекция қан мен лимфа тамырлары немесе табиғи қуыстар арқылы таралып, ауыз қуысындағы жүмсақ тіндерге жайылмалы ірінді қабынумен (флегмона), одан өрі өршіп, медиастенитпен немесе сепсиспен асқынуы мүмкін. Одонтогенді сепсис Одонтогендік сепсис басқа инфекциялық ошақтардан дамыған сепсистерге тән клиникалық және морфологиялық өзгерістермен белгіленеді. 22.2. АУЫЗ ҚУЫСЫНЫҢ ШЫРЫШТЫ ҚАБЫҒЫНЫҢ ЖӘНЕ АҒЗАЛАРЫНЫҢ ҚАБЫНУЫ Ауыз қуысының шырышты қабығының қабьшуы стоматит деп аталады. Стоматиттер жергілікті-біріншілік, немесе басқа ауру-ларға байланысты дамитьш екіншілік, қабыну түріңде жиі кездесетін патология. Көбінесе стоматиттер вирустық, бактериялық, токси-ко-аллергиялық инфекцияларда, кейбір иммунопатологиялық үрдістерде, асқорыту, қан жасау жүйелерінің сырқаттарында дамиды. Тілдің шырышты қабығының жеке қабынуы глоссит деп, еріннің шырышты қабығының қабынуы хейлит, ал қызыл иектің қабынуы гингивит деп аталады (215-сурет).
--------------------------------------- __ Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия
[<tf
»W -- - А-Ч a«* -* >'
|